0 дауыс
8.4k көрілді
Радус-Зенькович туралы толық мәлімет қажет көмектесіңдерші.

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Виктор Алексеевич Радус-Зенкович (31.12.1877, Архангельск – 4.10.1976, Мәскеу қаласы) – кеңестік мемлекет қайраткері, Қазақ АКСР-інің алғашқы басшыларының бірі. Мәскеу университетінде оқыған. 1902 жылы Иркутск губерниясына жер аударылып, шет елге қашқан. 1903 жылдан РСДЖП мүшесі ретінде партияның әскери ұйымдарында (Николаев, Баку, Мәскеу қалалары) жұмыс істеді. 1908 жылы каторгіге жіберіліп, 1913 жылы Иркутск губерниясына жер аударылған. 1917 жылы Саратов атқару комитетінің мүшесі, “Социал-демократ”, “Известия Саратовского Совета” газеттерінің редакторы. 1918 жылы РКФСР еңбек халкомының орынбасары. 1920 жылы Қырғыз (Қазақ) революциялық комитетінің төрағасы, ҚАКСР Халкомкеңесінің төрағасы, 1921 – 22 жылдары РК(б)П ОК Кирбюросының хатшысы, 1925 – 27 жылдары БК(б)П Орталық бақылау комиссиясының төрағасы (Минск қаласы), 1930 – 33 жылы РКФСР еңбек халкомының орынбасары, 1933 – 37 жылдары байланыс қызметкерлері одағы ОК төрағасы болды. 1940 жылдан КОКП ОК жанындағы марксизм-ленинизм институтында жұмыс істеген. 1956 жылы зейнетке шықты. Ленин орденімен, “Құрмет белгісі” орденімен марапатталған
...