0 дауыс
2.0k көрілді
тұсқағаздар жайлы мәлімет керек еді?

1 жауап

0 дауыс

Тұсқағаз — біркелкі немесе түрлі түсті фонға бояу яки бедерлі баспа тәсілімен салынған алуан түрлі өрнегі бар қағаз текті әрлеу материалы. Сәндік тұсқағаздың өрнекті беті ағаш текстурасына, маталардың. металлдардың және басқа да материалдардың түсіне ұқсас келуі ықтимал. Қағаздағы өрнектер табиғи гүлдер, өсімдіктер түрінде, алуан түрлі нақыш-оюлар қалпында, торкөзді, ұсақ сурет формасында құралып, тұтас бір фон жасайды. Қалың қағаздан бедерлі баспа тәсілімен «жібекке», металға немесе сәтенге ұқсас жасалған әрі пленка қабаты бар жоғары сапалы тұсқағаздар кез келген қабырғаға әсем әр беріп, бөлме еңсесін көтере түседі. Жапсырма қағаздың кейбір түрлері (мысалы, жуылатын) ылғалға төзімді болады, оларды дымқыл шүберекпен сүрткенде беті бүлінбейді. Пленка қабаты бар тұсқағаздар суға және кір алғыш ерітінділерге мейлінше төзімді келеді.

...