+1 дауыс
83.0k көрілді

Киіз үйдің жабдықтарырының атаулары?

Киіз үйдің қабырғалары торлап тоқылып барып көктелген керегеден түрады. Кереге кейде алты, кейде одан да көп қанат болып келеді. Қанат керегенің шартты атауы.  Қанат, - торлап көктелген жиналмалы ағаш сырықшалардың бір бөлігі. Керегені жинағанда не бары 50 см болса, биіктігі 2 м-ге жетеді. Ал жазғанда 2,5 не 3 м. ге дейін созылады және жазылған керегенің биіктігі  ол кезде 1,60 см болады. Осылайша, кем дегенде алты керегені бір біріне кіріктіре бекіткен кезде диаметрі шамамен 6 м. болатындай шеңбер шығады. Шеңбердің міндетті түрде күн шығыс жағына есік орнатылып, сосын барып ортадан шаңырақ көтеріледі. Кейде тор көзді керегелер ұстаған. Көзі жиі болып келетін бұл керегелер желге  аса шыдамды. Бірақ бұл керегенің салмағы жай керегеден екі есе ауыр болады. Шаңырақ киіз үйдің аса қасиетті бөлшегі. «Шаңырағың шайқалмасын», «Шаңырағың биік, керегең кең, босағаң берік болсын»,- деген жақсы тілектердің барлығы дәл осы киіз үйге байланысты айтылған.

Ал керегені жайып есікті орнатқан соң міндетті түрде керегенің басы мен аяғынан басқұр (кендір, не қайыстан, кейде есілген қарала арқан) тартылады. Басқұр керегенің төмендеп, не жайылып кетпеуін қамтамасыз етеді. Осыдан кейін керегеден жоғары сидам, қарны иілген уықтардан қаусырыла күмбез шығарылады. Кем дегенде ұзындығы 3 не 4 м. болатын уықтардың  басы дөңгелене жайылған керегенің аша басына айқастырыла байланып, ұшы (қаламы) шаңырақтың көзіне шаншылады. Осылайша шаңырақ көзі таусылғанша уықтарды шаншиды. Шаңырақ-үй күмбезінің төбесі, әрі терезесі. Уық шаншылып біткенде шаңырақ өздігінен биікте қала береді де треуіш бақан алынып тасталады.  Кереге мен уықтар уықбау, кермебау, басқұр, құр және басқа да бау-шулармен бекітіледі.

Қазақ кішкентай қос тәрізді үйді (3 қанатты) қара үй деп атаса, қоңыр үй (4 қанат), боз үй (5 қанат), ақ үй (6 қанат), ақ ала орда (8 қанат), ақ орда (12 қанат), ақ шаңқан (18 қанат), алтын үзік (24 қанат), алтын орда (30 қанат) тұратын түрлері бар. Қанаты 18 ден көп болып келсе, ол аса үлкен үй қатарына кіреді. Мұндай үйлердің керегелерінің биіктігі 3 м. ден асып кететін болған. Сондықтан да бұл үйлерді ат үстінде жүріп тігеді.

киіз үй

киіз үйдің іші

6 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Кереге – киіз үйдің негізгі қаңқасын құрайды. Керегенің әр ағашын желі, ал керегелік желінің ең ұзынын – ерісін, қысқалауын – балашық, ең қысқасын – сағанақ деп атайды.

Керегенің көктеліп біткен әр бөлігін қанат деп атайды. Қанат саны (3 қанаттан бастап 12 қанатқа дейін) үй көлеміне қарай көбейе береді. Керегенің бас санына қарай уық саны азайып, көбейіп отырады.

Уық – кереге басы мен шаңырақты ұстастыратын ағаш. Ол сәмбі талдан жасалады. Уықтың кереге басына байланатын жағы жалпақтау, имектеу болып келеді, мұны уықтың иіні деп атайды.

Уықтың жоғары түзу жағын қары, шаңырақ көзіне сұғынатан төрт қырлы ұшын қаламы дейді.Уықтың кеғреге басына байланатын жағын тесіп, бау өткізеді, оны уық бау дейді.

Шаңырақ – киіз үйдің еңсесін құрап, тұтастырып тұратын күмбез. Оны көбіне тораңғыдан, сом қайыңнан иіп қиюластырады, қоспаларын жылтырауық металмен, күміспен құрсайды. Шаңырақтың дөңгелек шеңберін тоғын дейді.

Оған уық сұғынатын төрт қырлы көз – қаламдықтар теседі.Түндікті көтеріп тұру үшін және киіз үйдің төбесіне жауын – шашын іркілмеуі үшін 45 градус шамасында айқастыра бекітілген ағаштарды күлдіреуіш деп атайды.

Сықырлауық (жарма есік) кереге шеңберін тұйықтап, киіз үйге кіріп – шығатын есік қызметін атқарады. Ол табалдырық пен маңдайшадан, қос босағадан және жарма беттерден құралады.
Киіз үйді тігу үшін ең алдымен ауыл азаматы сықырлауықты құрып ұстап тұрады. Одан соң оң босаға жақтан бастап кереге керіліп байланады. Кереге құрып болған соң ауыл азаматының бірі (ер адам болу керек) бақанмен шаңырақты ортаға көтеріп ұстайды. Осы кезде қыз, келіншектер уық шаншып байлай бастайды. Киіз үйді тігуге ауылдағы бар жастар ұйымдасқан түрде қатысады.

 Киіз үйдің ішкі баулары:

Киіз үйдің сүйегін бір-бірімен ұластыру мақсатында бау-құрлар қолданылады.

Таңғыш – екі керегенің сағанағын (жігін) кіріктіріп таңатын өрнекті жіңішке құр.

Бас арқан – керегенің басын сыртынан бастыра орап таңатын қыл – арқан.

Шалма – уықтарды ығып кетпеуі үшін шалмалап байлайтын құр.

Желбау – өрнекті, төгілме шашақты құр, шаңыраққа үш жерден байланып, керегеге асылады, киіз үйге сәндік жиһаздық сипат береді.Оның негізгі міндеті – дауыл кезінде шаңырақты салмамен басып тұру.

Басқұр – киіз үйдің ішін безендіру үшін, әр туырлықтың кереге басына үйкелмеу үшін уық пен керегенің түйіскен жерін сыртынан бастырып тағатын, өрнекті жалпақ құр.

Үзік бау – үзіктің екі жиегінен екі немесе үш жерден айқастыра тартып керегеге байлайтын жалпақ терме бау.

Бел- бау – туырлықтың керегеге тығыз жатуы және жел көтеріп кетпеуі үшін сыртынан бастырып буатын қыл арқан.

 Киіз үйдің шилері.

Кереге мен туырлық арасынан айналдыра тұтылатын шилер туырлықты кереге көгінің жылуынан қорғап, киіз үйдің сырт пішінін жұмырлай түседі. Қой жүнін бояп, әшекейлеп орау арқылы тоқылған шиді шым ши деп атайды. Ши кейде тамақ қоятын сол жақ босағаға да тұтылады.

Киіз үйдің сыртқы жабдықтары – күн сәулесін және тамшы өткізбеу, жылу сақтау қызметін атқарады. Оларды пісірген ақ шаңқан киізден пішіп, ою – өрнектермен безендіреді.

Туырлық – керегенің іргесінен уықтың ортасына дейінгі жерді, үзік кереге басынан шаңырақ шеңберіне дейінгі аралықты жауып тұрады.

Киіз есік – сықырлауықты жауып, шаңырақ арқылы өткізіп байланады. Киіз есіктің сыртқы киіз, ортасы ши, астары жарғақ теріден жасалады.

Түндік – шаңырақты, киіз есікті туырлық шетін бастыра жабылады. Түндіктің төрт бұрышына түндік бау байланады. Түндікті ық жақтан қайырып ашады, әйтпесе жел көтеріп, желпіп кетуі мүмкін.
0 дауыс
Уық, кереге, шанырақ, киіз.................
0 дауыс
Мен олардың не екенін білмеймін
0 дауыс
Киіз үйдін төбесі не деп айтады
0 дауыс
Уық. Сықырлауық. Күлдіреуіш, кереге. маңдайша, шаңырақ,
0 дауыс
Киіз үй жабдықтары сонда қалай аталады
...