Бұл сайтта модератор ескерткенімен сайтта менің де бар екенімді ескергендерің жөн. Мен сайтты 24 сағат болмаса да күніне 16 сағат, аптасына 7 күн сайтты толықтай бақылап отырамын.
Белсенділік танытпасам да сұрақтарды өңдеп, орынсыз сұрақтар ен жауаптарды өшіріп отырамын. Сенің екі аккаунтыңның да банға кетуіне себепкер болған мен. Алдымен барлық орынсыз жауаптарыңды өшіріп шықтым. Бір сөзді көшіріп алып барлық сұрақтың астына көшіріп жазып шыққансың. Әрине бұл Сайт ережесіне қарсы.
Модератор, сайт әкімшілігі ескертуі міндетті емес. Оны сайтқа тіркелгенде сайт ережесін мақұлдап барып тіркелгенсің. Барлық ақпарат Сайт ережесі мен FAQ-көмекте көрсетілген. Яғни тіркелу батырамсын басқан кезде сайт ережесімен келістің деген сөз.
Мен сайтқа қатысты барлық сұрақтар бойынша жауапкершілікті мойныма аламын. Сайттың дамуы, ортақ ереже жасау, модераторларды анықтау, жауаптар мен сұрақтардың толықтай өшірілуі барлығына қатысты шешімді қабылдаймын.
Сайтқа қатысты, ұсыныс, шағым т.б. үшін сайттың ең астында Кері байланыс сілтемесі бар. Ұсынысты жазған соң ертеңіне жауап бермесем де сол аптаның ішінде қолым босағанда түсінікті етіп жауап беруге тырысамын.
Ия мойындаймын, сайтымыз идеал емес. Бірақ барынша қолымыздан келгенше еңбек етіп жатырмыз.
Сұрақ-Жауап сайтының тарапына көптеген сын-пікір, ұсыныстар, алғыстар естіп, келіп жатады. Солай болуы да заңдылықты, көпшілік бар жерде әр-түрлі пікірталас, ойлар болуы заңдылықты деп ұғамын.
Сұрақ-Жауапты сайты қызық сайт емес. Ия, рас. Сайтымыз қызық емес, бірақ көпшілік үшін пайдалы! Уақыт өте келе жәрайды, қызық болмаса, қызық болмай-ақ қойсын деген шешімге келдім.
Бастысы ұран ретінде -Пайдалы сөзін ойға алып, қазіргі сайтты жетелеп келеді. Бүгін сұрақ қойып жауап алмауыңыз мүмкін. Бірақ ертеңгі күні сайтымызға жаңадан білімге құштар, өз білгенімен бөлісіп, пайдалы ақпарат беруге тырысатын жаңа буын қолданушылар тобы пайда болуда. Janar996, Злой, Жауапберуші, БауыржанЮ т.б.
Сайттың тарихына үңілетін болсақ. Осыдан 4 жыл бұрын менің 3 курс оқып жүрген студент кезім. Ақпарат іздеп отырып ОтветыМайл.ру сайтына тап болдым. Онда өзіміздің қазақ қарындасымыз қазақша сұрақ қойған. Оған барып орыс тілді қолданушылар, жөндеп сұрақ қой, қай тілде жазып жатырсың, орысша түсінікті етіп жаз деген сөздерін оқып, неге өзіміздің қазақша Сұрақ-Жауап сайтын жасамасқа деген ой келді.
Қолымнан келгенше осы сайтты жасап, дамытып Құдайға шүкір 4 жыл бойы сүйреп келемін. Сұрақ-Жауап мені сүйреп келеді. Осы осы уақытқа дейін сайтта белсенді болып келе жатқан Жомарт(m.virus2013) ағасы жақсы біледі. Жомарт ағасы бір рет те болса, мен модератор, редактор болайыншы деген емес. Есесіне сайтта ең силы қолданушы Жомарт аға десем қетелеспеген болармын. Жомарт ағасы ең бастысы атақ емес, қол ұшын созу екенін жақсы біледі. Тағы мысал ретінде Жақсыбике әпкемізді айта аламын. https://surak.baribar.kz/user/Жақсы Жауаптарын оқып отырып, бір қуанасың. Ол кісінің басты көздеген мақсаты, кішкене болса да өз білгенімен өзгелермен бөлісу, өзгелерге өз білімімен қол ұшын созу. Жако ағамызды да айтуға болады сайт ашылғаннан бастап келе жатыр.
Ертең іні-қарындас, сіңлілеріңіз ақпарат іздегенде жылдам ақпарат тауып алуына жағдай жасау. Ал мен өз тарапым сайтты техникалық жағынан дамытуды, жетілдіруді мойныма аламын!