Менiң көңiлiм толмайды себептерiн түсiндiре кетсем.
1. Кеше кешкiсiн менiң екi акаунтым банн-ға кеттi, жауаптарым өшiрiлдi, жауаптарым мағынасыз болғаны үшiн, бiрақ басқа жауаптарды қарасақ мағынасыз жауаптарда жетерлiк, қайталанғандары да "мен мынаған қосылам" деген сияқты. Неге олар өшiрiлмейдi?
2. Модераторлардың ескертуi. Кеше маған ескерту берiлдi Kupidonchik* арқылы, "егер сiз доғармасаңыз банн-ға жiберуге мәжбүр боламын" деп, мен айттым "басқа акканунт ашсам ше?" деп, сосын ол "екiншi рет ашқызбайтын қылсам ше?" дедi. Бұл сөздер дөрекiлiкке жатпайды ма? Мүмкiн кiм бiледi басқа қолданушы жасы үлкен кiсi болса 40-жас аралығындағы, әзiлдесiп? Онда не болмақ, бәрiбiрме?
3. Футбол жәйлi сұрақ қойдым Чехия жәйлi естерiңiзде болса, "Футбол"ды қателесiп "Фудбол" деп жазып жiберiппiн оны Kupidonchik* өңдептi "Фубтол" немесе "Фублот" деген, сауатсыздығын бiлдiрiп тұр немесе Бей жәй қарағандығы өңдеуге.
4. Fara91 "шешең ....." деген пiкiр қалдырған
мына сiлтемеде бiрақ оған мән берiп отырған жан жоқ ол банн-ға кеттiма? Кеткен жоқ. Ия олар кетпейдi.
5. Сайт ережесiнде "Редактор болу үшiн Жасы 17-ден жоғары болуы қажет" делiнген бiрақ Модератор болу үшiн жас аралығы көрсетiлмеген, демек 17-жастан асса болды деген сөз, асса да, аспаса да оны кiм бiлiп бара жатыр? Бұл жас аралығы ешқандай қатысы жоқпа? Жас аралығына қатысы болмаса демек бiлiмдi болудыңда қажетi жоқ.
Модераторларға еркiндiк мөлшерден тыс берiлген. Бiр сұрақты өшiру, жабу, жасыру, белгiлеу, таңдау үшiн Админ арқылы жүзеге асады ма? Аспайды өйткенi Админ рұқсатымен жүзеге асса Админ жаман атты болып қалуы мүмкiн, тек өзiн ойлағаны ма Админнiң? Модераторлар болуы керек бiрақ ересектер болса қолданушылар артық сөз айтуға ұялатындай, дөрекiлiкте көрсетседе намысыңа тимейтiндей жасы үлкен екен ғой деп қоя салатындай, және шешiмдер Админнiң рұқсатымен өтсе Админ жауапкершiлiктi өз мойнына алса. Модераторлардың жеке парақшасында мәлiметтер толық жазылса, өзiнiң жеке суретi де болса жақсы болар едi ғой Админ. Бұл виртуалды дүние болғаны үшiн, Сайттың беделi бар болғаны үшiн, Интернет конференциясы барлығы үшiн, қалаған азаматтар сайтқа кiрiп көре алуы үшiн. Сайтқа бей-жәй қарауға болмас. Мамандардың не қажетi бар? Бұл сайт көңiл көтеру үшiн ашылмаған шығар Админ, әлде мен қателестiм бе?