+4 дауыс
816 көрілді
Менiң көңiлiм толмайды себептерiн түсiндiре кетсем.
1. Кеше кешкiсiн менiң екi акаунтым банн-ға кеттi, жауаптарым өшiрiлдi, жауаптарым мағынасыз болғаны үшiн, бiрақ басқа жауаптарды қарасақ мағынасыз жауаптарда жетерлiк, қайталанғандары да "мен мынаған қосылам" деген сияқты. Неге олар өшiрiлмейдi?
2. Модераторлардың ескертуi. Кеше маған ескерту берiлдi Kupidonchik* арқылы, "егер сiз доғармасаңыз банн-ға жiберуге мәжбүр боламын" деп, мен айттым "басқа акканунт ашсам ше?" деп, сосын ол "екiншi рет ашқызбайтын қылсам ше?" дедi. Бұл сөздер дөрекiлiкке жатпайды ма? Мүмкiн кiм бiледi басқа қолданушы жасы үлкен кiсi болса 40-жас аралығындағы, әзiлдесiп? Онда не болмақ, бәрiбiрме?
3. Футбол жәйлi сұрақ қойдым Чехия жәйлi естерiңiзде болса, "Футбол"ды қателесiп "Фудбол" деп жазып жiберiппiн оны Kupidonchik* өңдептi "Фубтол" немесе "Фублот" деген, сауатсыздығын бiлдiрiп тұр немесе Бей жәй қарағандығы өңдеуге.
4. Fara91 "шешең ....." деген пiкiр қалдырған мына сiлтемеде бiрақ оған мән берiп отырған жан жоқ ол банн-ға кеттiма? Кеткен жоқ. Ия олар кетпейдi.
5. Сайт ережесiнде "Редактор болу үшiн Жасы 17-ден жоғары болуы қажет" делiнген бiрақ Модератор болу үшiн жас аралығы көрсетiлмеген, демек 17-жастан асса болды деген сөз, асса да, аспаса да оны кiм бiлiп бара жатыр? Бұл жас аралығы ешқандай қатысы жоқпа? Жас аралығына қатысы болмаса демек бiлiмдi болудыңда қажетi жоқ.
Модераторларға еркiндiк мөлшерден тыс берiлген. Бiр сұрақты өшiру, жабу, жасыру, белгiлеу, таңдау үшiн Админ арқылы жүзеге асады ма? Аспайды өйткенi Админ рұқсатымен жүзеге асса Админ жаман атты болып қалуы мүмкiн, тек өзiн ойлағаны ма Админнiң? Модераторлар болуы керек бiрақ ересектер болса қолданушылар артық сөз айтуға ұялатындай, дөрекiлiкте көрсетседе намысыңа тимейтiндей жасы үлкен екен ғой деп қоя салатындай, және шешiмдер Админнiң рұқсатымен өтсе Админ жауапкершiлiктi өз мойнына алса. Модераторлардың жеке парақшасында мәлiметтер толық жазылса, өзiнiң жеке суретi де болса жақсы болар едi ғой Админ. Бұл виртуалды дүние болғаны үшiн, Сайттың беделi бар болғаны үшiн, Интернет конференциясы барлығы үшiн, қалаған азаматтар сайтқа кiрiп көре алуы үшiн. Сайтқа бей-жәй қарауға болмас. Мамандардың не қажетi бар? Бұл сайт көңiл көтеру үшiн ашылмаған шығар Админ, әлде мен қателестiм бе?
Fаrа91 деген қолданушының пікірін жасырып тастадым, оған модераторлар бір шара қолдана жатар.
Модераторлар өшіргенімен, админ өшірілген сұрақтарды бір тексереді. Модератордың өшіргені орынсыз болса, өшірілген сұрақ/ жауап / пікір қайта жарыққа шығады.

17 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Бұл сайтта модератор ескерткенімен сайтта менің де бар екенімді ескергендерің жөн. Мен сайтты 24 сағат болмаса да күніне 16 сағат, аптасына 7 күн сайтты толықтай бақылап отырамын.

Белсенділік танытпасам да сұрақтарды өңдеп, орынсыз сұрақтар ен жауаптарды өшіріп отырамын. Сенің екі аккаунтыңның да банға кетуіне себепкер болған мен. Алдымен барлық орынсыз жауаптарыңды өшіріп шықтым. Бір сөзді көшіріп алып барлық сұрақтың астына көшіріп жазып шыққансың. Әрине бұл Сайт ережесіне қарсы.

Модератор, сайт әкімшілігі ескертуі міндетті емес. Оны сайтқа тіркелгенде сайт ережесін мақұлдап барып тіркелгенсің. Барлық ақпарат Сайт ережесі мен FAQ-көмекте көрсетілген. Яғни тіркелу батырамсын басқан кезде сайт ережесімен келістің деген сөз.

Мен сайтқа қатысты барлық сұрақтар бойынша жауапкершілікті мойныма аламын. Сайттың дамуы, ортақ ереже жасау, модераторларды анықтау, жауаптар мен сұрақтардың толықтай өшірілуі барлығына қатысты шешімді қабылдаймын.

Сайтқа қатысты, ұсыныс, шағым т.б. үшін сайттың ең астында Кері байланыс сілтемесі бар. Ұсынысты жазған соң ертеңіне жауап бермесем де сол аптаның ішінде қолым босағанда түсінікті етіп жауап беруге тырысамын.

Ия мойындаймын, сайтымыз идеал емес. Бірақ барынша қолымыздан келгенше еңбек етіп жатырмыз.

Сұрақ-Жауап сайтының тарапына көптеген сын-пікір, ұсыныстар, алғыстар естіп, келіп жатады. Солай болуы да заңдылықты, көпшілік бар жерде әр-түрлі пікірталас, ойлар болуы заңдылықты деп ұғамын.

Сұрақ-Жауапты сайты қызық сайт емес. Ия, рас. Сайтымыз қызық емес, бірақ көпшілік үшін пайдалы! Уақыт өте келе жәрайды, қызық болмаса,  қызық болмай-ақ қойсын деген шешімге келдім.

Бастысы ұран ретінде -Пайдалы сөзін ойға алып, қазіргі сайтты жетелеп келеді. Бүгін сұрақ қойып жауап алмауыңыз мүмкін. Бірақ ертеңгі күні сайтымызға жаңадан білімге құштар, өз білгенімен бөлісіп, пайдалы ақпарат беруге тырысатын жаңа буын қолданушылар тобы пайда болуда. Janar996, Злой, Жауапберуші, БауыржанЮ т.б.

Сайттың тарихына үңілетін болсақ. Осыдан 4 жыл бұрын менің 3 курс оқып жүрген студент кезім. Ақпарат іздеп отырып ОтветыМайл.ру сайтына тап болдым. Онда өзіміздің қазақ қарындасымыз қазақша сұрақ қойған. Оған барып орыс тілді қолданушылар, жөндеп сұрақ қой, қай тілде жазып жатырсың, орысша түсінікті етіп жаз деген сөздерін оқып, неге өзіміздің қазақша Сұрақ-Жауап сайтын жасамасқа деген ой келді.

Қолымнан келгенше осы сайтты жасап, дамытып Құдайға шүкір 4 жыл бойы сүйреп келемін. Сұрақ-Жауап мені сүйреп келеді. Осы осы уақытқа дейін сайтта белсенді болып келе жатқан Жомарт(m.virus2013) ағасы жақсы біледі. Жомарт ағасы бір рет те болса, мен модератор, редактор болайыншы деген емес. Есесіне сайтта ең силы қолданушы Жомарт аға десем қетелеспеген болармын. Жомарт ағасы ең бастысы атақ емес, қол ұшын созу екенін жақсы біледі. Тағы мысал ретінде Жақсыбике әпкемізді айта аламын. https://surak.baribar.kz/user/Жақсы Жауаптарын оқып отырып, бір қуанасың. Ол кісінің басты көздеген мақсаты, кішкене болса да өз білгенімен өзгелермен бөлісу, өзгелерге өз білімімен қол ұшын созу. Жако ағамызды да айтуға болады сайт ашылғаннан бастап келе жатыр.

Ертең іні-қарындас, сіңлілеріңіз ақпарат іздегенде жылдам ақпарат тауып алуына жағдай жасау. Ал мен өз тарапым сайтты техникалық жағынан дамытуды, жетілдіруді мойныма аламын!

0 дауыс
Сенің жауаптарың "білмейді екенмін, таба алмадым, шығара алмадым" деген сияқтылар. Сен кез-келген сұраққа солай жауап бергенсің, мен қаншамасын жасырдым. Жеке сұрақ арқылы ескерту де бердім, ескерту беру әр редактор мен модератордың міндеті деуге болады. Сайтты жақсы тәртіппен қолдансаң ескерту берілмейді, БАН-ға да салынбайсың. Сол үшін сайтты дұрыс қолдан! Сосын Kupidonchik-пен жұмысың болмасын, әңгімең болса маған айта бер тікелей.
сосын Kupidonchik-пен жұмысың болмасын, әңгімең болса маған айта бер тікелей дегенді қалай түсінуге болады?
Інім, сен түсінбесең де болады.. ( Дұрыс жағынан түсін )
ааа )))         .
Сен кәдімгідей сайт ережесін 100 пайыз сақтап отырғандай әңгіме айтып отырсың ғо, Анонимм жолдас!
Ооо Марат інім, өткендегі жеке хаттың скринын да жарияласай!
Ех, Медди мен сені банға салып едім ғой! Қалай шықтың?
Шығам ғой любой жерден
0 дауыс
Мен де бір-екі рет мамандардан қатаң ескерту алғанмын. Басында ашуланушы едім, кейін үйреніп те кетесіз. Сіз айтқан қолданушы шынында да артық кеткен екен. Бірақ жұмысын ойдағыдай істейтін мамандар, редактор мен модераторлар бар))
0 дауыс
Құбылай хан сияқты болыңдар )
+1 дауыс
Сайттың модераторлары ұстамды, білімді адамдар болғаны дұрыс.
0 дауыс
Қазiр модераторлар сайтқа кiрмей кеттi.
+1 дауыс

Модераторларды удалить ету керек))

Сұрақты қаралай беретінің не? Бірнеше рет жаздым неге пкір ретінде себебін айтпайсын? Ескерту ретінде қабылда, келесіде жасыратын боламын!
Сен кімсің?
Сж Модері Эн Амор.
–2 дауыс

бұрын бір қазақша сайт бартұғын, ол жақсы сайт еді, көпке бармады, өзім сол осы сайтқа кіргендей күнде кіріп тұратынмын. сонда Форумда бар. 1 сөз орысша жазсан ескерту, одан кейн қайталанса бан алатын, бан 1 күнге береді,(осындай сияқты қатаң ереже керек қой) ал мұнда шала қазақтар бар, орысша араластырып жазатын, сайттың модераторлары аса мән беру керек

Әр сайттың салты басқа, қолданушылары да басқа-басқа. Мүмкін, ол сайт сондай қатаң тәртіптің кесірінен жабылып қалған шығар?!
айтпакшы осы сұрақтарда жауаптарда + пен - не қажеті бар. осы қолданушылардың белсенділігін көрсету үшін ба?  осыған түсінбей - ақ қойдым, толығырақ айтыңыздар
кім қарсы, кім қарсы емес соны білуге болады ғой
Келісемін келіспеймін деген мағына береді яғни дұрыс айтасың
0 дауыс
жо жок, админдердин колдары тимей кеткен сиякты, сайты басқа болганмен, осындай қолданушылар гой,
0 дауыс
Ахахах   :D

Сізге ДЕ қайырлы күн! Сұрағыңызда менің есімімді бірнеше рет атапсыз, сол себепті де жауап жазайын деген шешімге келдім.  Уақытыңыз бола жатса , менің де жауабымды оқи кетіңіз, tamerlan1.

1. Ия, мен сіздің сұрағыңызды өңдедім. Сұрақта "фуДбол" деп тұрды, мен оны "фуТбол" деп түзеттім. Ешқандай "фубтол" т.б деген сөздер  болған жоқ.  Дәлелсіз маған жала жаппай-ақ қойыңыз.

2. Сіз әр сұраққа "білмеймін" , "таба алмадым" деген сияқты жауаптар жаздыңыз. Пайдасыз жауаптарды өшіру- менің міндетім.

3. Өзіңіз сайт ережесі туралы айтасыз, бірақ сіздің сайт ережесін орындап жүргеніңізді байқамадым.

4. Мен сауатсыз емеспін. Қаласаңыз, не нәрсеге сүйене отырып  жазғанымды да айта аламын.  Керісінше, маған қарағанда сіз қатені көбірек жіберіп, пунктуацияға назар аудармайтын сияқтысыз. Осы жерде тағы бір айтарым бар... Әр адам бір-екі қате болса да жібереді, бұнда тұрған ештеңе жоқ.

5. Сіз мені танымай жатып, мені "сауатсыз " деп атайсыз. Мені танымайсыз , бірақ  маған "сен" деп сөйлейсіз. Менің ойымша , бұл менің емес сауатсыздығымды емес, сіздің мәдениетсіздігіңізді көрсетеді.

6. Мен редактор болып жүргеніме аз уақыт болмады, оның алдында модератор да болдым. Мені редактор қылған админ, демек админнің өзі мені бұл лауазымға лайық деп шешті. Сіздің бұған қатысыңыз жоқ.

7. Мен сіздің бұл сұрақты не мақсатпен, не нәрсеге сүйене отырып қойғаныңызды білмеймін Алайда сіздің  жазғандарыңыз бос сөз екендігінде сенімдімін.

Маған айтар сөздеріңіз болса, ЖХ-ым ашық. Сау болыңыз!
0 дауыс
Модераторлар ересектер болуы керек құптаймын. Жастар олар қызу қандығой мiне Медеттiң жауабы шабуылға дайын тұр) Купидончик әлi ештеңеге түсiнбеген сыңайлы) Ересектiң аты ересек ол бiлiмдi болмасада өмiрде көргенi көп, адамдармен қалай сөйлесуiн бiледi ең болмағанда. Менiңше бұл сайтта Модераторларға ақы төленбейдi сол себептi кейде модераторларға айхай деп қоюға да кiшкене ыңғайсыздау Админге. Сайтта тәртiп болу керек тәртiпсiздiк деген тек боғауыз сөздер емес, құрметтiлiк дегенiмғой. Фара91-кi ұяттау болыпты 91-жылғыға ұқсайт жас бала емес. Бiрақ бәрiбiрде барлық нәрсе басшыға келiп тақалды, бастық қандай жұмысшыларда сондай болады деген сияқты.
Мен  нені дұрыс түсінбедім?!
Шабуылға әрқашан дайынмын :)
0 дауыс
Менің де көңілім толмайды.
0 дауыс

TAMERLAN1, сайтымыз кеше ғана 4 жасқа толып отыр, дегенмен 4 жаста аз уақыт емес бірталай жетістіктер бар, ал енді сол жетістіктерді көре алмай, өз қателігіңді бетке айтқанды көтере алмау жігіттікке жата қоймайды. Бұл сайттағы модераторлардың бәрі өзің сияқты қолданушылар, тек бір айырмашылығы өзінің қойған сұрағы мен жазған пікірлерін бұлдамайтындықтары ғана. Сұрақтарға жауап берушілер де сол қарапайым қолданушылар екенін естен шығармаған абзал, әрқайсысы сұрақ иесіне сәлде болса көмегім тисе деген ниетпен жауап жазады. Олардың ішінде дұрысыда, бұрысыда жолығып жатады, ол үшін оларды айыптағаннан көрі, сараптап дұрысын таңдап алған дұрыс болар еді.Ақ қарға құсап елден бөлектенгенше осындағы 40 000 ға жуық қолданушымен сіз-бізің жарасып, араласып кеткенің жақсы болар еді.Админ де, модтар да, редтер де бәрінің мақсаты сайт сапасы нашарламай, сәлде болса жақсы, таза  жағына қарай дамыса деген ниетте жұмыс істейді, сондықтан болар болмас өкпелерді тықпалағанша, сол жағына атсалысайық, ақылға кел дос!

 

0 дауыс
Үлкенмін деп, үлкендігін жасайдығо :) көнемізғо енді көнбегенде, меніңде көңілім, толмайды быразына
+1 дауыс
Алдымен айнаға қарашиш. "Неге жасырды? неге банға салды?" демес бұрын "мен не бүлдірдім екен?" деген ой келуі керекқой миға. Бұрын менде талай БАН-ға түскендердің бірімін. Бірақ, шышымды айтсам, сендерден айырмашылығым, мен "мен соншалықты не жазып қойдым, сұрақты жасыратындай, БАН-ға салатындай?" деп ойлайтын ем, артынан "жалоба" жасайтын едім. Бірақ сендер сияқты дәм босын жазып жасырылып, БАН-ға түспейтін едім. Мойындаймын, көп сұрақтарым саяси және намысты қамшылайтын сұрақтар еді. Оны сайтта сақтай алмайсың, сайт өмірі қысқа болуы мүмкін. Админгеде кесірім тиуі мүмкін, себебі сайттың иесі, ойлап тапқан солғой. Сондықтан жазғандарыңды дұрыста, сонда олар саған тиіспейді. Және айта кететіні Купиға көп мән берме!!!!))))))))))))))

Ұқсас сұрақтар

...