+1 дауыс
65.1k көрілді
Тізе, буын ауырса не істеуге болады?

7 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Тізеңіз, буыныңыз ауырса  ең алдымен терапевтке, невропотологқа, травматологқа қараласыз. Негізі өз бетіңізше ешқандай ем қабылдамаған дұрыс....
+2 дауыс
Поликлиникаға барып, дәрігер-хирургке көріну қажет. Жарнамалардағы препараттарды пайдаланып емделем деп тіпті армандамасаңыз да болады. Себебі, ол дәрілер адамды емдеу үшін емес, ақша табу үшін шығарылады.
0 дауыс

Қатты ауырама, бұрын шығып, немесе сынған жоқпа еді?

0 дауыс
Тизем ауырып мазамды кашып отыр
Тиземди қайырып алдым қақсап жатыр не истесем болады
+1 дауыс

Адамдар жарақат алған кезде, ауыр заттарды көтергенде буынаралық шеміршек жарылып кетеді де, ондағы жүйке тамырлары мен қан тамырлары қысылып қалады. Нәтижесінде, зат алмасудың бұзылуынан буын аурулары пайда болады.

Буын ауруларын емдемес бұрын неден пайда болғанын анықтап алған дұрыс. Ол үшін қан сараптамалары, рентген тексерулері жүргізіледі. Нәтижесінде, сараптама қорытындысына сәйкес ем тағайындалады.

Буын ауруларының түрлері қандай?

Сорбуын (артрит). Бұл буын қабынуынан сүйекке зақым келтіреді. Нәтижесінде, буындардың қалыпты жұмысы бұзылып, қисаяды, сіңірлер мен бұлшықетті зақымдайды.

Шорбуын (артроз). Ағзаға қоректік заттың сіңбеуінен шорбуын пайда болады. Бұл 55 жастан асқан жандарда жиі кездеседі. Ауырған адамның түнге қарай буындары күтірлеп, ауруы күшейеді.

Коксартроз. Буын ауруының бұл түрі жамбас буындарының зақымдалуы, буын шеміршектерінің бұзылуынан пайда болады. Нәтижесінде, адам жүрген кезде ауру ұлғайып, буынның қозғалуы қиындайды.

Остеоартроз. Сүйек құрылысының зақымдалуынан болатын остеоартроз сүйектің тығыздығын кемітеді. Ал тығыздығы кеміген сүйек сынғыш болады.

Подагра. Бұл адам бойындағы айналыс заңының бұзылуынан туындайды. Подагра кезінде науқастың буындары ісініп, қатты ауырады.

Толық мәліметті мына сілтемеден оқи аласыз.

0 дауыс
муздай булакка шомылган едим бир жыл болд дарилер асир етпеди аурад басам не ислесем болады
0 дауыс
Сәлеметсіздер ме! Бәрңізге Алла жар болсын менің анамның аяғы қатты ауырады анам 40 жаста өзім 15 темін қолымнан ештеңе келмейді үйдің тұңғышымын шынымды айтсам осыны жазып отырып көзімнен жас мөлтілдеп ағуын тоқтатар емес 15 те болсамда қиындықтарды көрдім екі жыл қатарынан өзіме ең жақын екі жаннан айырылдым бірінші әжем екінші әкем мен одан кейін өзім ауырып қалдым әкемнің қайғысынан кейін менен бұрын інім ауырып қалды өзім бес ай бойы талып қалып  ауырдым анам болса өзіне қарамастан мені әртүрлі жерге қаратты өзі аяғын сүйреп жүріп жылап отыратын үнемі оның көз жасы жүрегіме қанжардай қадалатын Аллаға шүкір інім екеумізді анам жылап жүріп ауыруымыздан айықтырды әкемнің әжемнің қадесінде өткіздік бірақ анам өзі әлі тізе аяқтан ауырады шынымды айтсам жүрегім қатты езіледі анамның ауырсынғанын көргенде Алла және қайырымды жандар өтінем оқып отырсаңыздар көмек беріңіздерші мен сізге бұның жарялау үшін емес жүрегіме басқан соң анам үшін жазып отырмын өтініш Алла сізге көп жақсылық берсін көп бақыт берсін ал менің бақытым сол бір анамның ауыруынан айығуында боп тұр өтініш қандай шара қылсақ болады өзім онбес жасар қызбын сол үшін көмек сұрап отырмын ағымнан жарылып Алла разы болсын қандай ем жасасақ болады қаралмаған жеріміз жасамаған жеріміз жоқ өтінем қандай шара қылсақ болады Алла разы болсын көмек беріңізші өзім Атырау облысынан ауылда тұрамын көмек беріңіздерші өтініш Алла разы болсын маған айтқан бір еміңіз үшін сізге Алла екі есе бақыт нәсіп етсін мен бұны еріккенен емес анамның қайгысы жаныма батқан соң жазып отырмын Алла разы болсын

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
2 жауап
0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
1 жауап
...