0 дауыс
13.7k көрілді
Буын кол сыркырап ауырганда? Не ыстеуге болады? Иыктан колга дейын сыркырайды? Сол колымды жогары котерсем ашид? Не ыстеуге болады?

2 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Маманның айтуынша, буын ауруларының алдын алу үшін дәрігердің рұқсатымен кальций ішкен жөн. Әсіресе, әйел адамдардың етеккірі тоқтап, медицина тілімен айтқанда, климакс басталғанда ағзасындағы кальций сүйекке сіңбей, қанның құрамында ғана жүреді екен. Кальций сүйектің беріктігін қамтамасыз ететіні мәлім. Дәруменді бір ай қабылдағаннан кейін міндетті түрде  анализ тапсыру керек. Егер қан құрамындағы кальций қалыпты жағдайда болса, онда тұтына беруге болады. Ал кальций көрсеткіші қалыпты жағдайдан  жоғары көтеріле бастаса, дереу тоқтату керек. Өйткені кальцийді көп тұтыну  қалқанша безге зиян.

– Тұрғындардың көбі денсаулығы мазаласа, алдымен интернеттен қарап, таныстарынан сұрап, өз бетінше ем қабылдайды. Содан ауру асқынған кезде ғана  ауруханаға келіп, дәрігердің көмегіне жүгінеді. Бізге келетін науқастар да солай. «Төрт-бес жылдан бері ауыратын еді» деп келеді. Буыным ауырады деп бей-берекет дәрі қабылдап, асқазаны мен бауырын  бүлдіріп келетіндер де бар.  Жарнамадағы сықпа майлар, дәрі-дәрмектердің химиялық құрамы өте әсерлі. Сондықтан адамның денсаулығы мазалаған жағдайда, ең бірінші, маманнан кеңес алу керек, – дейді ревматолог дәрігер Салтанат Қадешқызы.

Сала мамандарының пікіріне құлақ ассақ, буын ауруларынан құлан-таза айығып кету қиын. Сондықтан сырқатқа шалдыққан адам, мүмкіндігінше, салмағы бес келіден артық затты көтермеуі керек. Затты екі қолына тең салмақта ұстағаны жөн. Сондай-ақ биік өкшелі және табаны тегіс аяқ киім кию де жамбас, тізе буындарына зиян. Үшіншіден, кез келген дерт дендемесін десек, дұрыс тамақтанудың маңызы зор. Тәтті бұрыш, сарымсақ пен пияз, саумалдық (шпинат) пен ақжелек (петрушка) секілді көкөніс түрлері буынға өте пайдалы екен.

Толығырақ: https://oraloniri.kz/?p=24076

0 дауыс
Буындаоыңызға салқын тиген. Қабыну процесі. Әрі сүйекке буынға қажетті минералдар жетіспейді. Күнделікті жеп жүрген тағамдардан қажетті минералдарды ала алмайсыз. Клеткаға қажетті қорек жете алмайды. Қосымша табиғи өнімдер ішу керек.Хабарласыңыз. 87026325714

Ұқсас сұрақтар

+1 дауыс
7 жауап
0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
2 жауап
...