Үкіметтік емес ұйымдардың қызметін мемлекет бақылауы керек па?

+2 дауыс
625 қаралым
Үкіметтік емес ұйымдардың қызметі мемлекет тарапынан бақылануы керек деп ойлайсыз ба?
• Санаты: Нұрлан Ерімбетов | 625 қаралым

1 жауап

0 дауыс

Егер шетелдік тәжірибеге көз жүгіртсек, көптеген батыс елдерінде ҮЕҰ қызметі қаржыландыру тұрғысынан бақылауда екенін байқауға болады. Францияда, Германияда, АҚШ-та және Ұлыбританияда өз табысын жасыратын ҮЕҰ үшін өте үлкен жауапкершілік жүктелген. Бұл дұрыс, себебі қоғам ҮЕҰ-ға сенім артады, оған ерекше мәртебе беріп, қызметі бойынша түрлі жеңілдіктер қарастырады. Бұл істе оңай табысқа қол жеткізем деушілікке жол бермеу керек.

Бізде де қоғам ҮЕҰ қаржысының қалай жұмсалып жатқанын білу керек деп санаймын, себебі олар негізінен салық төлеушілер қаржысына өмір сүреді. Қазақстан үшін, менің ойымша, аталған бағытта АҚШ тәжірибесін алған дұрыс. Бұл елде ҮЕҰ-дар өз жобалары және мемлекеттік қаржының қалай шығындалып жатқаны туралы ақпарат жариялайтын барлық азаматқа қолжетімді мәліметтер базасы бар.

Нұрлан Ерімбетов

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
0 жауап
127,937 сұрақ
322,819 жауап
153,169 пікір
72,933 қолданушы