+2 дауыс
278 көрілді
Супермаркетте карточкамен есеп айырысқанда жеке куәлік көрсетуге міндеттіміз бе?

2 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап
Иә, міндетті түрде көрсету керек. Бірақ , кейбір жерлер сұрамайды жеке куәлікті...
+1 дауыс

Расында, электронды есеп айырысуға көше бастағаннан бері кейбір супермаркеттерде банк карточкасымен есеп айырысқанда, сатушылар жеке куәлікті сұрайды. Бұл әлгі карточканың ұсынып отырған иесіне деген мәліметті нақтылауға қатысты болса керек. Әрине, бір жағынан дұрыс та секілді. Алайда, ел азаматтары оған қарсылық білдірмесе де, біртүрлі ыңғайсыз жағдайға түседі. «Ол қалай? Маған сенбейсіз бе?», - деп ренжіген талай азаматтарды біз де көрдік. Негізі, ҚР Ұлттық банкінің «Төлем карточкаларын шығару және пайдалану туралы» қаулысында банк карточкасымен бірге жеке куәлікті де беру міндеті жайында жазылмаған. Демек, заң бойынша жеке куәлікті ұсыну міндетті емес. Алайда ішкі құжаттар, яғни банктер мен сауда орталықтары арасындағы келісімшарттар аясында ондай міндеттің енгізілуі әбден мүмкін. 

Қазақстан тұтынушылары лигасының басшысы, депутат Светлана Романовскаяның айтуынша, шетелде ондай тәжірибе бар. «Бізде де кейбір дүкендерде жеке куәлікті сұрауы мүмкін. Оған екі себеп бар. Біріншіден, банк карточкасының келесі жағында иесінің қолтаңбасы болмаса, екіншіден, терминал пин-кодты сұрамаған жағдайда, сатушы жеке куәлікті сұрай алады», - дейді Романовская ханым. Шынымен де, кейбір дүкендердің терминалы пин-код сұрамайды. Банк пен сауда орны оны есеп айырысуды шұғыл жүргізу үшін жасайды. Алайда банк карточкасын жоғалтып алсаңыз, оны тапқан адамдар барлық ақшаны жұмсап, карточка иесін тақырға отырғызып кетуі әбден мүмкін. Сол себепті сатушылар карточкамен бірге жеке куәлікті сұрап отырады. Ал банк қызметкерлері карточка жоғалған жағдайда бірден арнайы байланыс орталығына хабарласып, төлем карточкасын блокқа салуға кеңес беріп отыр. 

Ұқсас сұрақтар

...