Заң | 5.2k қаралды
Жұмыссыз азаматтың 1 балаға төлейтін алимент ақысы қанша болады?

2 жауап

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 139-бабының 1-бөлігіне сәйкес сот бір балаға — ата-анасы табысының және (немесе) өзге де кірісінің — төрттен бір бөлігін өндіріп алады. «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 169-бабының 3-бөлігіне және «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 99-бабының 3-тармағына сәйкес
егер борышкер жұмыс істемеген жағдайда, алимент бойынша берешек оны өндiрiп алу кезiнде Қазақстан Республикасындағы орташа айлық жалақы мөлшерi негізге ала отырып айқындалады.
2014 жылға Қазақстан бойынша орташа айлық жалақы мөлшері 108 640 теңгені құрайды.
Яғни оның ¼ бөлігі 27 160 теңге болып табылады.

Егер екы жасар бала акесымен калса анасы алеумент толеидме?
125,589 сұрақ
316,993 жауап
153,270 пікір
70,873 қолданушы