+2 дауыс
805 көрілді
Ажырасқаныма 3 жыл болды. 1 балам бар. Баламды әйелім алып кеткен. Алимент төлеп тұрам. Баланы өзіме қалай асырауға алуға болады?

2 жауап

0 дауыс

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 73-бабының 2-бөлігіне сәйкес ата-аналары бөлек тұратын кезде баланың тұрғылықты жерi мен заңды мекенжайы ата-аналарының келiсiмiмен белгiленедi. Келiсiм болмаған кезде ата-аналардың арасындағы дауды баланың мүдделерiн негiзге алып және оның пiкiрiн ескере отырып, ата-аналардың талап етуі бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның қатысуымен сот шешедi. Бұл ретте сот баланың ата-аналардың әрқайсысына, аға-iнiлерi (қарындастары) мен апа-сiңлiлерiне үйiрлiгiн, баланың жасын, ата-аналардың адамгершiлiк және өзге де жеке қасиеттерiн, ата-аналардың әрқайсысы мен баланың арасындағы қарым-қатынастарды, баланың дамуы және тәрбиесі үшiн жағдайлар жасау мүмкiндiгiн (ата-аналар қызметiнiң түрiн, жұмыс режимін, ата-аналардың материалдық және отбасылық жағдайын және басқа да осындай жағдайларды) ескередi.

0 дауыс
неге сен баланы асырап алады екенсн сонша баланы жаксы корсен неге семьянды сактап калмадын Алимен толейсин сол бала ер жетип улкейгейнше ол сенин парызын тусин мени.

Ұқсас сұрақтар

+1 дауыс
1 жауап
0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
1 жауап
...