+1 дауыс
765 көрілді
Мен жұбайыммен ажырасқалы жатырмын. Арада үш баламыз бар. Балалардың бірін өзімде қалдыруға құқығым бар ма? Қандай жағдайда? Жұбайым жұмыссыз, қолында екі айлық баласы бар. Тұрақты үйі де жоқ.

3 жауап

+1 дауыс

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 73-бабының 2-тармағына сәйкес ата-аналары бөлек тұратын кезде баланың тұрғылықты жерi мен заңды мекенжайы ата-аналарының келiсiмiмен белгiленедi.
Келiсiм болмаған кезде ата-аналардың арасындағы дауды баланың мүдделерiн негiзге алып және оның пiкiрiн ескере отырып, ата-аналардың талап етуі бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның қатысуымен сот шешедi. Бұл ретте сот баланың ата-аналардың әрқайсысына, аға-iнiлерi (қарындастары) мен апа-сiңлiлерiне үйiрлiгiн, баланың жасын, ата-аналардың адамгершiлiк және өзге де жеке қасиеттерiн, ата-аналардың әрқайсысы мен баланың арасындағы қарым-қатынастарды, баланың дамуы және тәрбиесі үшiн жағдайлар жасау мүмкiндiгiн (ата-аналар қызметiнiң түрiн, жұмыс режимін, ата-аналардың материалдық және отбасылық жағдайын және басқа да осындай жағдайларды) ескередi.

–1 дауыс
Неге ажырасайын деп жатырсыздар,Алла басқа салмасын.
0 дауыс
14 жастан асқан балалардан сот процесінде кімнің қарауында қалғысы келетіні сұралады. Одан жасы кіші болса, анасының қарауында қалдырылып, алимент тағайындалады.
...