0 дауыс
13.5k көрілді
Мен 2006 жылы үйленген болатынмын. Қазіргі таңда 2 жыл болды әйелімнен бөлек тұрамын. Бірақ үлкен балам 2 жыл болды өзімде,  өзім  бағып-қағып келе жатырмын. Осыдан 2 ай бұрын бұрын жолдасым сотқа шағымданып баламды алып кетпекші. Заң жүзінде бірақ әлі ажырасқан жоқпыз. Сот отырысы осы жылдын қыркүйек айының 12 ші жұлдызына белгіленген. Сонда ол адам баланы тастап кетіп, керек кезінде қайтып алып кете ала ма? Баламды өзімде қалдыру үшін қандай заң баптары бар?

4 жауап

+1 дауыс
Баладан сурайды ен 1інші,Баланы асыраушы 2 жактын жагдайн карап шешед
0 дауыс
Бас прокуратура «Қазақстанда алимент төлеумен шұғылданатын мемлекеттік қор құру қажет» деген бастама көтерді. Аталмыш қордағы қаражат бұрынғы қосағынан бала күтіміне ақша алмайтын жалғызбасты аналарға беріледі. Бас прокуратураның мәліметінше, сот атқарушыларының сөрелерінде алимент өндіру жөнінде 90 мыңға жуық құжат жатқан көрінеді. Яғни елімізде 90 мыңдай әке алимент төлеуден жалтарып, қашып жүрсе, ал осынша бала әкелік әлеуметтік көмекке зар болып отыр деген сөз. Келешекте осынау олқылықтың орнын мемлекеттік қор есебінен толтыру көзделуде. Мемлекеттік әлеуметтік қор тәжірибесі Франция, Ұлыбритания, Австрия, Дания, Норвегия, Финляндия секілді көптеген елдерде сәтті қолдануда. Ал мұндай қордың жұмысы біздің елімізде қаншалықты нәтижелі болмақ? Жалпы, «алимент төлеумен шұғылданатын мемлекеттік қор құру керек пе?» деген сауалдар төңірегінде мамандар пікірін ортаға салып көрген едік... Ләйлә АХМЕТОВА, «Ер-азамат» дағдарыс орталығының директоры *

Иә*

– Өте жақсы бастама. Сон­дық­тан алимент төлеумен шұ­ғыл­данатын мемлекеттік қор­дың құрылуын құптаймын. Әйт­песе соңғы кездері елімізде али­мент төлеуден қашып жү­ретін ер-азаматтардың саны­ның өсіп бара жатқаны рас. Алай­да олардың барлығы тек­тен-текке алимент төлеуден қа­шып жүрген жоқ. Қай әке өзі­нің туған ба­ла­сын қам­та­ма­сыз етуді жек көреді дейсің? Алай­да са­на­ны тұрмыс билеп, олар жұ­мыс­­сыздық сал­да­рынан ерік­сіз али­­мент төлей ал­май қа­лады. Осы орайда әке­сінің али­мент тө­лейтін жағдайы жоқ екен деп қа­рап отырмай, мем­­ле­кеттің ба­лаға қам­қорлық жа­­сау­ға ұм­ты­луы – құп­тарлық жайт.

Мұндай мемлекеттік қордың жұ­мысы толық емес отбасылардың балала­ры­ның жағдайын жақсартуға да үлкен сеп­тігін тигізеді деп ойлаймын.

Баланың аты – бала. Балаға қоғам әр­қашан қамқорлықпен қарауы тиіс. «Әке-ше­шесі ажырасты, ал әкесі алимент тө­леу­ден бас тартты екен» деп қоғам да ба­ладан теріс айналмауы керек. Осы орай­да Франция, Ұлыбритания, Финлян­дия се­кіл­ді елдер бекерден-бекер бұл қадамға ба­рып отырған жоқ. Олар әкенің, ана мен ба­ланың әлеуметтік жағдайын толық зерт­те­п барып, алимент төлеумен айналысатын мем­лекеттік қор құру қажеттігін түсініп отыр. Мемлекеттік қор борышкер әкеге не ана­ға жасалған көмек емес, жазықсыз, жас­тайынан тағдырдан теперіш көре өсіп ке­ле жатқан өскінге жасалатын мемлекет кө­мегі деп түсінген жөн. Айналып кел­ген­де, бұл жерде ер адамдарды жұмыспен толық қамтамасыз ете алмай отырған қо­ғамның да кінәсі бар. Бүгінде қит етсе, әсі­ре­се ауылдық жерде «қыз бала жат жұрт­тық» деп, қызды оқытып-тоқытуға ты­ры­сады. Ал қолда қалатын ер бала тамағын та­уып жейді ғой әйтеуір деп қоя салады. Соның дәлелі – бүгінде жоғары оқу ор­нын­да студенттер­дің көбісі қыздар. Қыз ди­пломы болған соң, жұмыспен қамта­ма­сыз етіледі де, ер адам табылса, қара жұ­мыс істеп, табылмаса, ол да жоқ, жұ­мыс­сыз күй кешеді. Ал бұл айналып кел­генде, алимент төлеу кезінде де алдынан шы­ғады.

Кейбір мамандар «мұндай қордың құ­рылуы баламды мемлекет асырайды ғой деген оймен ажырасушылар санының ар­туына алып келеді» деген де пікірлер ай­тып жүр. Негізі, ажырасатын адам мұн­дай­ға қарамайды. Тіпті қолында табысы бар әке реті келсе баласын мемлекетке жал­тақтатпауға тырысады. Сондықтан алимент төлейтін мемлекеттік қор міндетті түрде құрылуы қажет.
Амангелді АЙТАЛЫ, қоғам қайраткері *

Жоқ*

– Жоқ, алимент төлеумен шұ­ғылданатын мемлекеттік қор құ­ру­дың қажеті жоқ. Тіпті бұл «Неке және отбасы туралы» Заңға қайшы келуі де мүмкін. Мәселен, Қазақстан Респу­бли­касының «Неке және отбасы ту­ралы» Заңында ата-аналардың ба­лаларын асырап-бақпаған жағдайда тиісті төлем – алимент төлеуге міндетті екені анық та айқын көрсетілген. Аталмыш заң­­ның 15-бөлім, 17-тарау, 124-ба­бының екінші тар­ма­ғын­да «Егер ата-аналар өздерінің кә­мелетке толмаған балаларын асы­­рап-баға алмаса, кәмелетке тол­маған балаларды асырап-ба­ғуға арналған қаражат, яғни али­мент ата-аналардан сот тәр­тібімен өндіріп алынады», – де­лін­ген.

Заңдық тұрғыда осылай. Ендеше, ата-аналар өздерінің «қолымен істеген­де­рін мойнымен көтеріп», балаларын бағып-қағуды мойындарына алуы тиіс. Рас, елі­мізде алимент төлеуден қашып жүрген қашқын әкелер өте көп. Бәлкім, жұмыс­сыздық салдарынан олар бас тартатын шы­ғар. Бірақ бәрібір жауапкершілік деген болуы керек қой. Кейде айлық табысы бола тұрып, әдейілеп алимент төлеуден қашатын әкелер де кездесіп жатады. Мәселен, борышкерлердің бірқатары сот орындаушылардың шақырғанына келмей, келесі тобы хабарландыру хатына құлақ та аспайды. Ал алимент мөлшері жалақыға қатысты белгіленетінін білетін кейбір қулар жалақы жөніндегі мағлұматтарды бермей, не шектеп беріп, жасыратын жағдайлар да кездесіп жатады. Мұндай қуларға жаза қолданбай, ал баласын неге мемлекет мойнына асып қоюымыз керек? Керісінше, алимент төлеуге міндеттейтін талаптарды күшейтіп, жауапкершілігін арттыруымыз қажет. Негізі, өркениетті қоғамда алимент деген ұғым мүлде болмауы тиіс. Алимент болды екен, оның өтемі өте қатал болуы керек. Яғни алимент мөлшерін заң жү­зінде жоғарылату қажет, екіншіден, оның дер кезінде және уақтылы төленуін міндеттейтін қатал режим болуы тиіс. Басқаша айтқанда, «ажырассам, алимент төлеймін-ау» деген қауіп әр некеге отырған адамның ойында болуы тиіс. Ал бұл ажырасу санының азаюына алып келеді. Керісінше, мемлекеттік қордың құрылуы азаматтарды еркінсітеді деп ойлаймын.

Естуімше, биыл жаздан бастап алимент тө­лемеген ер-азаматтардың шетелге шы­ғуына тыйым салынатын көрінеді. Али­мент­тен қашатындар үшін осындай шек­теулерді көбейткеннен ұтпасақ ұтыл­маймыз. Қалай болмасын олар жауап­кер­шілікті сезінуі тиіс. Рас, мұндай қор кейбір да­мыған елдерде жақсы жұмыс істеп жатқан көрінеді. Бірақ шетелдерде жақсы нәтиже көрсеткен жүйенің бәрі бізде де жақсы жұмыс істейді деп ойлау қате. Сондықтан алимент төлеумен шұғыл­да­натын мемлекеттік қор құруды қол­да­маймын.


Ерболат МҰСАБЕКОВ,* Қазақстан демографтары қауымдастығының президенті: *

– Жалпы, алимент төлеумен шұғылданатын мемлекеттік қордың құрылуын қолдаймын. Әйтсе де бұл жерде борышкерлерді міндеттеу жұмыстары да қатар жүргізілуі тиіс. Мемлекеттік қордың жұмысы жағдайы өте төмен, ал борышкерден мүлдем көмек жоқ отбасыларға ғана берілуі тиіс. Ал аталмыш қордың жұмысын жаппай борышкері бар, барлық жартылай отбасыларға қолдана берудің қажеті ж
Қазір заң жоқ, Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV Кодексі бар.
0 дауыс
Қандай жағдай болмасын Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы заңның 26-бабы бойынша баланың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiн жағдайлардың болуын қоспағанда, баланың өзiнен бөлек тұратын ата-анасы туралы ақпарат алуға, олармен кездесiп, араласып тұруға құқығы бар.
Ал бала кімде қалуын ата-анасы келісу арқылы шешеді. Келiсiм болмаған кезде ата-аналардың арасындағы дауды баланың мүдделерiн негiзге алып және оның пiкiрiн ескере отырып, ата-аналардың талап етуі бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның қатысуымен сот шешедi. Бұл ретте сот баланың ата-аналардың әрқайсысына, аға-iнiлерi (қарындастары) мен апа-сiңлiлерiне үйiрлiгiн, баланың жасын, ата-аналардың адамгершiлiк және өзге де жеке қасиеттерiн, ата-аналардың әрқайсысы мен баланың арасындағы қарым-қатынастарды, баланың дамуы және тәрбиесі үшiн жағдайлар жасау мүмкiндiгiн (ата-аналар қызметiнiң түрiн, жұмыс режимін, ата-аналардың материалдық және отбасылық жағдайын және басқа да осындай жағдайларды) ескередi.
Егер сіз нақты дәлелдемелерді ұсына алсаңыз, бала сізде қалады.
Алимент алу туралы мәселе өз алдына, асықпаңыз, осы сот процессі өткен соң осында жүгінерсіз.
Толығырақ Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV Кодексінде
0 дауыс
Мен айелиммен ажыраскалы отырмын еки балам бар улкеним 1.5жаста екиншиси 3айлык.Биринши баламды озиме алсам деимин.Сол жагы калай болады,али ажыраспасакта айелим балаларымды корсетпеиди,осы жагдайда кенес берсениздер.Балаларымнан ажырагым келмейди.
...