+2 дауыс
4.2k көрілді
Бала 18-ге толғаннан кейін алимент төленеді ма?.. себеби кызым 18ге толганша акеси алемент толеп келди. содан кейин мен кызым окуга тускесин акесине алемент жалгастыруды сурап бейнеу аудандык сотка жазып комек сурадым. кызымнын акеси сотка барып жалгастыра алмайм бирак айсайын кызымнын шотына 50мыннан салып турам деп айткан. сот маган согып борышкердинт усынысын маган айтып оз ара келисумизди сурады. басында мен келисе коймадым бирак сот борышкер бала 18ге келгеннен кейин ози биледи калай толейтинни жагдайына байланысты деди сондай зан бар деди сосын мен келисип айына 50мын толеп туратын болды кызымнын акеси ондиристе жумыс жасайды жалакысы жаксы. келискеннен кейин 1рет 50мын 1рет 20мын толеди содан кейин толемедию сотка кайтадан арыз жазсам боладыма 18ден кейин алемент толейдима жауабын кутемин

2 жауап

+1 дауыс

Армысыз, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 138-бабының 1-тармағына сәйкес ата-аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларын, сондай-ақ жалпы орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру жүйесінде, күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары бiлiм беру жүйесiнде оқитын кәмелетке толған балаларын күтіп-бағу туралы келісім (алимент төлеу туралы келісім) жасасуға құқылы.
Дегенмен, егер ата-аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларына, сондай-ақ жалпы орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру жүйесінде, күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары бiлiм беру жүйесiнде оқитын жиырма бір жасқа дейінгі кәмелетке толған балаларына күтіп-бағу қаражатын ерікті түрде бермеген жағдайда, бұл қаражат олардан сот тәртібімен өндіріп алынады.
Сөйтіп, егер Сіз балаңыздың әкесімен сотта бітімгершілікке келген болсаңыз, онда сот бұл жөнінде өз тарапынан ұйғарым шығарған болар. Сол ұйғарымды орындау үшін сот атөару парағын сот орындаушыларына Сіздің өтінішіңіз бойынша жібере алады. Ал егер бұл бітімгершілік келісім сотпен бекітілмеген болса, онда әрине Сіз қайтадан сотқа алимент өндіру туралы арыз беру арқылы жүгіне аласыз. Мұндай жағдайда сот борышкерден алимент өндіреді.

0 дауыс
Сəлеметсізбе? Мен 17жыл бойы үзбестен бір балама алимент төлеп келе жатырмын. Балам 18ге толып жоғары оқу орнына оқуға түсіп жатса алимент төлеуден бас тартуыма болама? Қазір екінші отбасым балаларым бар оларға да қаражат ж

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
+1 дауыс
1 жауап
0 дауыс
1 жауап
...