+1 дауыс
560 көрілді
image75 жастағы “Пакет ата” өткен сенбі күні қаза тапты. Автобус қағып кеткен екен. Үстіне киген қаншама пакеттің арасынан тек бір тілім нан ғана шыққан. Ең қызығы, полиция қызметкерлері бұл қайыршының кім екенін зерттеу барысында оның миллионер біреу болып шыққанын анықтаған. Мехмет Келеш есімді “Пакет атаның” екі банктен ашқан есепшотынан 1 миллион 100 мың лира ақшасы шыққан. Біздің теңгемен есептесек, 89 миллион 540 теңге. Банктегілердің айтуынша, “Пакет ата” анда-санда бір кәстөм-шалбарын киіп банкке келіп ақша салып тұрады екен. Қаншама жылдар бойы тіленшіліктен осыншама ақша жинаған шал осылайша жұртты қайран қалдырды. Мехмет Келеш Чорум қаласында екі рет үйленіпті. Алайда, екі әйелінен де баласы болмағандықтан, олардан ажырасып, көшеде қайыр сұрап кеткен. Бастапқыда Анкара, Ыстамбұл, Измир қалаларының көшелерінде жүреді. Бұл қалалардан кейін Кония қаласына келеді. Бұл қалада 34 жыл бойы көшеде өмір сүреді.

7 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Өмірінің мәні болмаса мұнша ақшадан пайда жоқ.. Артында ұрпағы қалмағаны өкінішті екен..
0 дауыс
қазіріг қайыршылар да жүгірген сайын қалтасындағы теңгелері сыңғырлап бізден ақшасы көп екені білініп тұрады. бәріне топырақ шашпаймын жағдайы нашарлар да бар шығар
0 дауыс
Қайыршылық көп адамдардың кәсібі. Ақшалары жеткілікті болса да, оңай ақша табуға құлшынып тұрады. Ондай ауқатты қайыршылар кез келген қалада баршылық.
0 дауыс
оның не таңғалатыны бар, бай бола тұрып аскеттік өмір кешкендер жетерлік тарихта, Мысалы: Диоген бөшкеде өмір сүрген, Толстой ақсүйек бола тұра, Біздің Жиренше де хан сарайынан қашып лашығына барып тұрған, Шәкәрім өмірінің соңғы жылдары үңгірде тұрған,

Олардың өздерінің таңдаған жолы
0 дауыс
Қызық...

Өміріңді осылай елестетіп көрші...
0 дауыс
Қызық екен,қайыр сұрау дұрыс емес
0 дауыс
Сұрағың қайда түсiнбедiм?
...