+5 дауыс
1.1k көрілді
Қайыршыны көргенде ең бірінші не ойлайсыз? Баласы бар әйелдің қайыр тілеп отырғанда не ойлайсыз бірінші?

Мысалға "ақшасын алып қойсам" деп, "осылар бізден де бай шығар" деп, "қалай ғана осындай күйге түсті екен?" деп, "қандай көмек бере аламын?" деп, т.с.с.
Ұнаса +1 беріңіздер)) ЖЖ таңдалмады демеңіздер, ойыңызды жазсаңыздар болғаны.
бала ушин акша берем.ештене ойланбастан.сосын айел маган сулулыга коз тимесин дит

15 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап
қайыршыны көрген кезімде ең алғаш өзімнің күйіме Аллаға шүкір деймін...мүгедек жандар қайыр тілеп отырғанын көргенде жанардан жасымды тоқтата алмаймын..күндік бойы сол жайлы ойлап жүремін..өмірдің сынағы жайлы ойға аламын..кейде осылар аңсаған бір армандары орындалса ғой..мейлі..олардың орнына мен қиналсам да деп ойлап қаламын..

бір күні базарда бір қайыршыны көрдім..жанынан өтіп бара жаттым..қолымда ақша бар еді..тастап өттім..кейін телефоныма бірлік салдырғалы барғанымда..дос қызымды көірп..әңгімелесіп қалдым..сонда әлгі адам адамдардан жиған ақшасын шығарып,..санап алып телефонына бірлік салдырды..сонан соң тағы да қайыр сұрап тұрды..сонда бойым тітіркеніп кетті..оған жаңа жаным ашып тұр еді..енді екі есе жаным аши бастады...ия..өмірде талай жан кездеседі..мүгедек жандарды көрсек..егер бар болса..көмектессек сауап аламыз...

парыздың бірі мына зекет дейді..

қолыңа нелер келіп,не кетпейді..

бергенің береке боп ахиретте

Жұмақтың биігіне жетектейді...

қайыршы деген сөз өте ауыр сөз...қайырымы жоқ адамдардан қорқамын..басына туған соң ғана адам қайыр сұраса керек..ешқашан қайыршыны көргенімде жаман ой ойламаппын..Алла ешқашан біреудің қолына қаратып қоймаса екен.....
+3 дауыс
Қалай ғана осындай күйге түсті екен деп ойлаймын.Ал сығандарды көрсем осылар мүмкін бізден де бай шығар деп ойлаймын.
иа шынымен қазақтар қайыр сұрамайды.арба сүйреп жүрген қазақтар
+3 дауыс
Басқа қалаларды бiлмеймiн,бiрақ Қызылордада кiлең өзбектер қайыршы болып отқан! Қазақтарды көрмеппiн олай қайыр тiлеп отырғанын! Ал былай сол қайыршыларды көрсем отырған жерiнен бiр тепкiм келедi! Сол қайыр тiлеген есесiне базарда арба итерiп болмаса бiреудiң үйiн әктемейме одан да солай ақша тапқан жақсы!
Ұлықбек мысалға мүгедек жандар қайыр сұрап отырса олардын да басынан тепкіңіз келе ме
Мүгедек жандар онда отырмайды!
Оларды арнайы сол мүгедектерге қарайтын орындар бар болмаса туыстары қарайласады!
Ал арасында егер кездесіп жатса олардың жөні бөлек!
Белгісіз
Сәбилері бар әйелдерді көп көремін, мүмкін олардың жұмыс істей алмауына балалары себеп болатын шығар.
ИЯ ия ия. Дұрыс айтасыз.
+4 дауыс

Мен ондай адамдарды көрген кезде "Әттең бай болғанымда гой, ақшам көп болса мен оларға көмектесе алатын едім гой" деп ойлаймын.

Не деген керемет ой! Дәл мендей ойлайды екенсіз)
+4 дауыс
Ең бірінші қайыршы адамды көргенде жыным ұстайды. "Неге жұмыс істемейді отыра бергенше?! "  деп ойлаймын.... Сосын "қалай осындай күйге түсті екен?!" деп , қиялдап кетемін))) Одан кейін "қандай көмек бере аламын?" деген ой келеді де ақша тастап кетемін... Бірақ Талдықорғанда, Аллаға шүкір , қайыршылар аз ...
Осы орысша жазғанның несі ұнайды? Мың жерден орыс боп тұрсаң да бұл жер тек қазақша жазатын сайт.
+4 дауыс
Қайыршылықты кәсіп қылған адамдар көп. Журналистердің зерттеуінше, олар отырған орнына байланысты күніне 1000 теңгеден 10000 теңгеге дейін ақша жинайды екен. Қызылорданың "Ескі базарында" бір қазақ қайыршы бар. Жаңа Волга машинасымен базарға келіп, киім ауыстырып, кешке дейін қайыр сұрайды. Кешке машинасымен зәулім үйіне отбасына қайтады.
Ескі базардағы қайыршыны өзіңіз көріп пе едіңіз, әлде жай ғана естігеніңіз бе?
Әуелі естідім. Сосын бір күні достарым көрсетті оны.
+4 дауыс
Мен көбіне көргенім-цыгандар.Оларды онша аямаймын. Ал мүгедек адамдарды көргенде жүрегим ауырып кетеді. Аяймын. Сосын біз аяғанмен ештеңе болмайды ғой, Құдай аясын деймін.
+4 дауыс

Шынымды айтсам осы сұрақты қойылғанда алғаш мен көрдім, сосын +1 қойдым! Жауап берейін дегем, шынымды айтсам ойыма ештеңе келмеді, себебі мен олар туралы ештеңе ойламайды екенмін,оларды көре тұра! Өте жақсы сұрақ, Жұбатхан!

+4 дауыс
Ондай кісілерді көргенде ең бірінші ойыма "оларға қалай көмектессем болады" деген ойлар пайда болады. Кейін... олар ол жерде не себепті қайыр сұрап отыр? бұндай жағдайға қалай жетті? жиналған ақшаны не істейді? арақ, темекі алама? әлде нан, азық-түлік алама? олардың отбасы барма ж\е т.с.с  сұрақтар пайда болады...
+3 дауыс
иәәә...адамдардың жауаптарын оқып шықтым, әркім әртүрлі ойлайды екен, менде қайыршыларды көріп жүрмін, өзім тұратын Жаңаөзен қаласында бірде бір қазақ қайыршыны көрмедім, тек сығандар ғана. оларға жыным келеді, өйткені қайыр тілеу олардың салт дәстүрінде бар көрінет, олар қанша жерден жағдайлары бар бола тұрса да сұрай береді, кейде беремін ал кейде бермеймін. Осы жылы Ақтөбеге оқуға түстім, енді ол жақта деген сұмдық екен, қазақтардың қайыр тілегенін бірінші көруім, ол жақта қазақта, орыста, сығандарда жетет қайыр тілеп отырған. Кейде олардың орнына өзімді қойып көремде жаным ашит, ал сығандарды болса вңдып көргім келет, қызық үшін, кешкісін базардан шығып қайда барат екен деп, мүмкін расындада зәулім сарайлары бар шығар, кім білсін......
+3 дауыс
"Бір кездері бұл да мен сияқты болды ғой, мені де Аллам осындай күйге түсіруден сақтасын"-деп ойлаймын.
+2 дауыс
Мен ондай жандарды көрсем, өз жағдайымды көріп шүкірлік қыламын. Және қолымнан келгенше көмектесер едім.
+4 дауыс
Егер жасым үлкен болып,өз еркім өзімде болса қайыршыларға қолымнан келгенінше көмек жасар едім...

Ал қазір жаспын,мектепте оқимын... Кездейсоқ көріп қаламын да қатты аяймын. Әсіресе мүгедек жандарды..
+3 дауыс
әркім әртүрлі мақсатты отырады, олар көбіне қазақ емес ,өзбек,қырғыз тіпті түрік те бар.Менде Ұлықбек айтпақшы оларды бір теуіп Қазақстаннан қуып жібергім келеді,қазақтардың көбісі базарда арба сүйретіп жүріп,өз адал ақшаларын алады. Ия, Жомарт ағай  айтпақшы менде сондай жағдайды білемін,олар сондай нәрсені кәсіп қылып алған олар шеттерінен бізден өте бай.Мен оны интернеттен де өз көзіммен де көргем,оған мысал ретінде бір жағдайды айтайын,базарда сауда жасайтын тәтеме көмектесуге келгенмін,бір кезде бүгін ғана көрген қайыршы қарама қарсы бутикке келіп  маған мынаның ең қымбатын беріңізші деп сайрап тұр........Ал өзбектердің жайына келсек,олар біздің Қазақстанда отырып алып қайыр сұрайды ,ал біз сол Өзбекстанға барсақ қолына таяқ ұстап қуып жібереді,ал біз оларды құшақ жая қарсы аламыз......................Неге??????
+2 дауыс

Қазақстанда қайыршылардың саны азаю керек

...