+2 дауыс
8.6k көрілді
Кепіл деген не? Банктік кепілдік дегеніміз не?

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Қазақстан Республикасының Азаматтық заңнамасына сәйкес кепіл дегеніміз міндеттемелерді қамтамасыз ету тәсілі болып табылады. Гарант басқа тұлғаның (қарызгер) қарыз берушінің алдында бұл тұлғаның міндеттемелерін толық орындалуына жауап беруге міндеттенеді. Кепілдікті бірге берген тұлғалар қарыз берушінің алдында бірге жауап береді, яғни несиенің сомасы бойынша толық мөлшерде.

Банктік кепілдік – Банктің басқа ұйым (Бенефициар), банктер немесе фирмалар алдындағы олардың бірінші талабы бойынша белгілі ақша сомасын төлеуге жазбаша міндеттемесі. Кепілдік (тапсырма) кәсіпкерлік әрекетті жүзеге асырушы, жеке кәсіпкер ретінде тіркелген және кепіл шарты бойынша нақтылы міндеттемелерді орындауға мүмкіндігі бар барлық жеке (Принципал) және заңды тұлғаларға беріледі. 

Принципал –оның сұранысы бойынша және жауапкершілігімен Бенефициар алдындағы оның міндеттемелерін өз дәрежесінде орындауын қамтамасыз етуіне банк кепілдік беретін заңды тұлға. 

Бенефициар – оның алдындағы Принципалдың міндеттемелері кепілдікпен қамтамасыз етілетін және банк оған кепілдікке сәйкес соманы төлеуге міндетті болып табылатын заңды немесе жеке тұлға.

Кепілдік түрлері:

Төлем кепілдігі — кепіл берушінің бенефициар пайдасына, егер олар осы міндеттемелерінің шарттарына сәйкес жазбаша төлем талабының ұсынған жағдайда, басқа да құжаттар қажет болған кезде, ақшалай қаражаттарын төлеу міндеттемесі. Төлем кепілдігі тәртіп бойынша алдын ала келісілген мерзім шеңберінде шарт құнын төлеу бөлігінде сатып алушыға қатысты сатушының талаптарын қамтамасыз етеді.  
Несиені өтеу кепілдігі — кепіл берушінің борышкерге қатысты, егер ол несие шарты бойынша қаржылық міндеттемелерін орындамаған жағдайда туындайтын, кредитордың төлемдік талаптарын өтеу міндеттемесі. 
Тендерлік кепілдік — ол бойынша кепіл беруші (егер принципал өз міндеттемерін орындамаған жағдайда) кепілдікте алдын ала келісілген сома шеңберінде бенефициар пайдасына төлем жасауға міндеттенетін тендер жүргізілетін елдегі саудаға қатысушылардың (принципал) сұранысы бойынша берілген кепіл берушінің міндеттемесі.

Орындау кепілдігі — ол бойынша кепіл беруші бенефициар пайдасына көрсетілген ақша қаражаты шеңберінде төлем жасауға міндетті болатын немесе (егер бұл кепілдікте көзделмеген болса) принципал оның шарттарын өз дәрежесінде орындамаған жағдайда, бенефициар мен принципал арасында жасалған келісімшарттың орындалуын қамтамасыз етуге принципалдың (сатушы, жеткізуші) сұрауы бойынша бенефициарға (сатып алушыға) ұсынылатын кепіл берушінің міндеттемесі.   

Төлемді қайтару кепілдігі — егер принципал кез келген соманы немесе аванстық немесе оған бенефициар төлеген сомаларды келісімшарт шарттарына сәйкес төлеу міндеттемелерін орындамаған жағдайда, кепіл беруші ол бойынша бенефициар пайдасына төлем жасауға міндетті болып табылатын принципалдың өтініші бойынша кепіл берушінің бенефициарға ұсынатын міндеттемесі.

Кедендік кепілдік —  ол бойынша кепіл беруші бенефициар пайдасына кедендік баж төлемін төлеуге міндетті болатын, Принципалдың өтініші бойынша бенефициарға (кедендік органдар) ұсынылатын кепіл берушінің міндеттемесі.

Жалпы қағидалар:

Банк міндеттемелерді ақшалай түрде орындауды қарастыратын банктік кепілдіктерді беруді қамтамасыз етеді. Кепілдіктер 5 жылға дейінгі мерзімге беріледі. 

Жоғарыда көрсетілген кепілдік түрлері бойынша қамсыздандыру ретінде Кепілдік сомасына тең ақшалай сома сияқты басқа да материалдық және материалдық емес активтер (қала шегіндегі жылжымайтын мүлік, автокөлік құралдары, айналымдағы тауарлар, құрал-жабдықтар, кепілдіктер, кепіл заттары, меншік құқықтары, барлық қажет құжаттарды кепіл берушіге тапсыру кезіндегі үшінші тұлғалардың мүліктері) қолданыла алады: 

• Егер Кепілдік бойынша қамсыздандыру ақша түрінде болса, көрсетілген қамсыздандыру шартты банктік салым шотына орналастырылады.  
• Егер Кепілдік бойынша қамсыздандырушы материалдық және материалдық емес активтер болса, көрсетілген қамсыздандыруды жоюды талдау рәсімі мен оны кепіл заты ретінде қабылау қарыз операцияларын жүргізу бойынша рәсімге ұқсас болып келеді.  
• Егер Кепілдік бойынша қамсыздандыру контр-кепілдік түрінде болса, онда контр-кепілдіктің күшінде болу мерзімі кепілдік мерзімінен ұзақ болуға тиіс. 

Бұл кепіл берушінің контр-кепіл берушіден кепілдік бойынша төленген соманы өндіріп алу қажеттігімен байланысты. Тәжірибеде контр-кепілдіктің қолданыста болу мерзімі ережеге сәйкес кепілдік мерзіміне қарағанда  7 жұмыс күніне артық. Кепілдікті шығару және қызмет көрсету бойынша Банктің қызметі үшін Банктің тарфтік комитетінің шешімімен белгіленген Банктің қолданыстағы тарифтеріне сәйкес комиссия төленеді. Көрсетілген комиссияларды Өтініш беруші (бұдан әрі – Өтініш беруші) Кепіл шартында көрсетілген мерзімде төлейді. Комиссияны клиенттер ай сайын, тоқсан сайын, бір уақытта немесе мерзімінің соңында төлеуі мүмкін.

Кепілдікті пайдаланушы клиенттерге егер кепіл беруші мүлкі несие желісін ашу туралы келісім бойынша кепіл заты болса, несиелеу бойынша ашылған лимит шеңберінде берілуі мүмкін. 

...