+1 дауыс
5.5k көрілді
Бақыт түсінігі. Бақыт дегеніміз не?

5 жауап

0 дауыс

Бақыт түсінігі. Өмірдің мөні туралы айтқанда, біз оралмай кете алмайтын бір ұғым бар. Ол — бақыт туралы ұғым. "Өмірдің мәні оны бақытты етіп өткізуде" деген тұжырымның кез келген адамға түсінікті әрі жылы естілетіні содан болса керек.

Бақыт дегеніміз — өзі болмысының шарттары мен адамның кең ауқымды ішкі қанағаттанушылығына сәйкес келетін, өмірінің толыққандылығы мен маңыздылығын, өзінің адамдық мұратына жету күйін көрсететін моральдық сана ұғымы. Бақыт мұраттың сезімдік-эмоциялык формасы болып табылады. Бақыт ұғымы белгілі бір нақты объективті жағдайды немесе адамның субъективті күйін сипаттап қана қоймайды, сонымен бірге адам өмірінің қалай болуы керек екендігі, ол үшін ненің игілікті бола алатыны туралы түсініктерді де саралайды. Осыған байланысты бақыт ұғымы нормативті-бағалық сипат алады. Бақыттың мазмұны әр адамның өз өмірінің мұраты мен мағынасын қалай түсінуіне байланысты.

Бақыт сондай-ақ тарихи жене ұлттық шарттылық сипатта көрініс береді. Моральдық сана тарихында бақыт адамның тумысынан иелік ететін құқығы деп есептелген мезеттер болса да, іс жүзінде қоғамда езілген елдердің бақытты өмір сүруге тырысу әрекеттері аяусыз жанышталып тасталатын жағдайлар, жеке адамның бақытына тосқауыл болатын тарихи оқиғалар да аз болмайды.

Қазір бүкіл прогресшіл адамзат қауымы қабылдаған демократиялық қағидалар біздің өмірімізге де мықтап ене бастады. Тұлғаның мүддесі қоғам мүддесінің астында тапталып қалмайтын болды. Бірақ бұл жағдай жекенің мүддесі үшін қоғам зардап шеге берсін дегенге апарып саймаса керек. Ол екеуінің арасындағы байланыстар табиғи, бірін-бірі толықтырып отыратын болуы керек. Қоғам бақытты болса ғана адам бақытты. Ал қоғамның бақыты оның әр мүшесінің бақытынан құралады.

Қатардағы адамньң түсінігіне салсақ, бақыттьщ белгісі жанына жайлылық, тәніңе ләззат беру болып шығар еді. Бұл да өмірлік тәжірибеден алынған, сонысымен көпшіліктің санасына орныққан жағдай болар. Солай болғанның өзінде оған жетер жол біреу-ақ. Ол — табиғи жол, еңбек жолы. Бұл жолмен көңілдің хошын табу — әр адамның өмірлік нысанасы болуға тиіс.

Өмір жөне оның мәні туралы ой қозғаған ұлылардың бәрі бақытты еңбекпен байланыстырады. Осы ұстанымды қуаттайтын ойшылдарды, ғұламаларды, көркем-өнер кайраткерлерін көптеп кездестіруге болады. Көпке танымал болмаса да, қатардағы салауатты адамдар да осыны мақұлдайды. "Бакыт тек еңбекпен келеді" деген тұжырым әлімсақтан келе жатқан ақиқат, белгілі аксиома ретінде әлі күшін жойған жоқ. Адамның өзі таңдаған кәсіппен айналысуы, ұзақ және қызықты еңбек жолынан өтіп, мол тәжірибе жинап, кәсіпқойлықтың шыңына шығуы, шабытпен еңбек етіп, оның нәтижесін көруі — міне, адамды бақытқа бастап апарар баспалдақтар осы болса керек. Еңбек еткеннен кейін, оның зейнеті болады. Адал еңбек еш кетпейді. Қатардағы қарапайым адамдардың арасында өзі қалаған мамандьны бойынша еңбек етіп, көпшілік алып жүрген жалақысымен орташа күн кешіп жүрсе де, Отанының аясында, достары мен туыстарының арасында, тату-тәтті өмір сүріп жүргенін бақыт санайтындар толып жатыр.

Ал шығармашылық жұмыстармен айналысатын адамдардьщ өз бақытын ерінбей, жалықпай, маңдай терін сыпыра еткен еңбегінен табуының мысалдары айшықтырақ көрінеді. Олар үшін еңбек үрдісінің өзі — құлшынысқа, ләззатқа толы аса жоғары эмоциялық күй. Олар еңбекті ешқашан "ауыртпалық" деп санамайды, "қиындық" немесе "азап" деп есептемейді. Шығармашылық жұмыспен айналысатын адам үшін әр жаңа туынды жасаудың өзі бір ғажайып сырлы дүниеге, нұрлы әлемге сапар шегіп келгенмен бірдей болып көрінеді.

Әрине, шығармашылық еңбек ететіндердің халыққа танымал болатыны, олардың құрметке тезірек бөленетіні рас. Дегенмен барлық адам шығармашылық жұмыспен айналыса алмайды десек те, жұмыстың барлық түрін шығармашылықпен, шабытпен істеуге болатынын да жоққа шығаруға болмайды. Фабрика станогында, егінжайда, қызмет көрсету саласында немесе қатардағы көп мекеменің бірінде өз міндетін құлшыныспен атқарып жүрген адамдар баршылық.

Еңбек еткісі келген адамға еңбектің кез келген түрі құлшыныс тудырады. Мұны саудасы жүріп тұрған кәсіпкер де, машинасы жүріп тұрған жүргізуші де, егіні жайқалып өсіп келе жатқан диқан да, бір жерден кен қорын тапқан геолог та жақсы біледі. Еңбектен бақыт табу үшін әркімнің кәсіпті дұрыс таңдауы, оны сүйе білуі керек. Сондай-ақ еңбек мотивпен істеледі, оның ынтасы болуы керек. Түпкілікті мақсат пен нәтиже айқын болса, адам еңбегінің болашақ жемісін көре алса, кез келген әрекет шығармашылық үрдіске айналады, кез келген адам құлшына еңбек ететін болады.

Көптеген адамдар бақытты махаббатпен байланыстырады. Махаббат жолында бүкіл өмірін, байлығын, мансабын сарп еткендер де аз емес.

Осы жерде қазақтың батырлық жырлары мен лиро-эпостарының кейіпкерлерін еске түсірейікші. Қыз Құртқа үшін Қобыланды, Гүлбаршын сұлу үшін Алпамыс, Қыз Жібек үшін Төлеген, Баян сұлу үшін Қозы Көрпеш өздері сүйген арулар үшін өмірлерін қиюға да дайын еді.

Махаббат үшін аңызға татитын ерліктер мен адамды таңғалдыратын әрекеттерге баратындар барлық кезеңдерде де, барлық елдерде де аз болмаған. Шын ғашық адамдар үшін құйылып жатқан байлығың да, асып тұрған мансабың да қажетсіз болып қалуы әбден мүмкін. Қарсы жыныс өкіліне деген алабұртқан құлшыныс, жұптасып өмір сүруге ұмтылу құбылыстары о бастан тек адамдарға ғана тән, табиғи, сонысымен де заңды құбылыс. Сондықтан да махаббатпен өмір сүру бақыттылықтың басты белгілерінің бірі болып келді және бұдан былай да бола береді. "Кейде есер көңіл құрғырың, махаббат іздеп талпынар" немесе "Махаббат — өмір көркі" дегенде, ұлы Абай бақытты өмір сүрудің осы факторына сүйеніп айтса керек.

Махаббат туралы сөз қозғағанда, біздің ойымызға А.Дюманың де Монсоро ханымы, Л. Толстойдың Анна Каренинасы, М.Әуезовтің Қаракөзі, Ш.Айтматовтың Жәмиласы еріксіз оралады. Байқап отырсақ, ғашықтықтың ғажап хикаяларын бастарынан өткерген осы әйелдердің бәріне ортақ бір факторды аңғару қиын емес. Ол аталған перизаттардың барған (немесе баратын) жерлерінің бәрі ауқатты әулеттерден шыққан, әлеуметтік мәртебесі жоғары адамдар екендігі, ал соларды тастап кеткенде, жүректері қалағандары ауқаты жағынан да, мәртебесі жағынан да төмен адамдар болғандығында, сонысымен олардың махаббатты байлық пен мәртебеден жоғары қоюында жатса керек.

Шын махаббат екі жақтың психологиялық және тәни үйлесуінен, олардың бірін-бірі үнемі аңсап тұруынан, түптеп келгенде, өмірге ұрпақ келтіруге бастап апаратын жұптасқан тұрмыс құруынан көрініс береді. Махаббат — адам өмірінің тым шетін, аса нәзік, оның бақытына тура қатысы бар маңызды қыры.

Бақыт деген — адамға оның өзінен жоғары тұрған, белгісіз бір күштердің сыйы емес. Бакытты болу немесе бола алмау — адамның маңдайына бұйырған үлес немесе тағдырына алдын ала жазылып койылған бағдарлама да емес. Бақытты болу әр адамның өз еркі, демек, бақытты бола білу әр адамның өз қолында.

0 дауыс
Бақыт дегенді жеткізу қиын
0 дауыс
Бақыт деген біздің көрші.
0 дауыс
Бақыт деген де біздің көрші бар. Ал бақыт деген 4 құбылаң тең, аман жүруің.
0 дауыс
http://jakoblog.kz/361
...