0 дауыс
Менің зейнетақы есебіме төлемдер жіберілгеніне үш ай ғана болды. Маған бұл мерзімнің ипотекалық несие алуға жеткіліксіз екендігін айтты. Бұл рас па? Негізінен ипотека ресімдеу үшін жалақы көлемі қандай болу керек?
01.10.2014 787 қаралым

1 жауап

0 дауыс
Ипотекалық несие ресімдеу үшін зейнетақы қорына кемінде алты ай бойы ақша аударылуы тиіс. Жалақы көлеміне қатысты айтатын болсақ, ол ипотекалық несиеге, алғашқы жарна мен несие мерзіміне байланысты есепке алынады. Сондай-ақ несие алушының жалақысы ай сайын несие жарнасы төленгеннен кейін отбасындағы әрбір ересек адамның күнкөрісі үшін – 25 000 теңге, баланың күнкөрісі үшін шамамен 10 000 теңге көлемінде қаржы қалуы тиіс.
01.10.2014
127,958Сұрақ
322,881Жауап
153,169Пікір
72,988Қолданушы