+1 дауыс
418 көрілді
Басқа елдің атынан шығып жүрген қазақ спортшыларын білесіздер ме?

3 жауап

+2 дауыс

Негізі білмейтін едім осы тұрғанда білдім nur.kz порталында отырсам мынадай ақпарат шықты.

Қазақ баласы Ерланбек Кәтей Қытайға жүлде алып берді деген,Ерланбек Кәтей деген Қазақ Қытай еліне бір ҚАЗАҚты ойсырата жеңіп  медаль әперіпті.

Еркін күрестен 65 келіде сынға түскен ол Азия ойындарының алғашқы айналымында Қазақстан құрамасының өкілі, 2011 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері Дәурен Жұмағазиевті 5:0 есебімен жеңді.

Жартылай финалда үндістандық балуанға есе жіберген Ерланбек қола жүлдені уыстан шығармай, Солтүстік Корея спортшысын жеңген.

Осылайша, Қытайдағы қазақ баласы спорттық ғұмырындағы тырнақалды табысына қол жеткізді.

Ерланбек 1990 жылы Қытайдың Алтай аймағында дүниеге келген. Еркін күреспен шұғылданғанына 8 жыл.

Лондон Олимпиадасына іріктеу кезеңінде 74 келіде күресіп, қазақстандық еркін күрес шебері Ақжүрек Таңатаровтан ұтылып қалған.

Қазақ спортшыларының шетелге жүлде сыйлауы бірінші рет емес. 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасында Қанат Ислам Қытай құрамасына қола медаль алып берген еді.

Ал күрес түрлерінен өткен биылғы әлем біріншілігінде қазақ баласы Елмұрат Тасмұратов Өзбекстан жалауын көтерді.

Еркін күрестен Қазақстан ұлттық құрамасы Азия ойындарында алтын ала алған жоқ. Әзірге, Азия ойындары тарихында чемпион атанған жалғыз спортшы бар. Ол – Мәулен Мамыров.

Толығырақ МЫНА жерде.

 

0 дауыс
Бұрын Қанат Ислам Қытайдың атынан шыққан
0 дауыс
Ондай спортшылар жоқ-ау шамасы.
...