Қазақстандық үкіметтік емес ұйымдардың жұмысы АҚШ және Ұлыбритания

0 дауыс
431 қаралым
Қазақстандық үкіметтік емес ұйымдардың жұмысы АҚШ және Ұлыбритания елдеріндегідей қоғам үшін ашық әрі түсінікті, әр жыл сайын өз квалификациясын растап отыратын, өз жұмысы, қызметкерлері мен қаржыландыруы туралы барлық мәліметті ашық жариялайтындай деңгейге жете алады деп ойлайсыз ба?
• Санаты: Мұрат Әбенов

1 жауап

+1 дауыс
Жақсы жауап

ҮЕҰ-ның жұмысының ашықтығы және тиімділігі Қазақстанда көптеген жылдар бойы қоғам тарапынан талқыға алынып жүрген тақырыптардың бірі болып саналады.  Бірақ та, бұл жерде Ұлыбритания және Құрама штаттың тәжірибелерін мінсіз үлгі ретінде алуға болмайды. Біріншіден, бізде де оларда да мүлдем өзгеше қоғамдық ұйымдар құрылған, жұмыс барысы да әртүрлі, мысалы тәжірибесі мол  PADOR  еуропалық жүйені айтуға болады.  Екіншіден, бізде ҮЕҰ әлеуметтік мәселелер спекторының барлық жағын қарастыратын болса, ал Англия және АҚШ-да бұл сұрақтармен арнайы шектелген ұйымдар айналысады. 

Айта кету керек, ҮЕҰ жобаларында бірнеше жылдар аясында, Мемлекет тарапынан жүргізілетін жобаларда мониторинг және жыл сайын олардың алдына қойылатын  міндеттер күрделене түсуде.  

Қазіргі таңда, «ҮЕҰ Мемлекеттік қолдау туралы» жаңа Заң бойынша жұмыс жүргізуде, анықтау механизмі ең мықты еуропалық стандарт бойынша есеп беріледі.   Аталмыш шаралар, менің ойымша ҮЕҰ-ның кәсіби өсуіне және олардың жұмыстарының ашықтығын көсетуге мүмкіндік берер деген ойдамын.

Мұрат Әбенов

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
0 жауап
127,753 сұрақ
322,322 жауап
153,150 пікір
72,778 қолданушы