+1 дауыс
366 көрілді
PHP-ден хабары жоқ адам кохана фреймворыгынен пайдаланып сайт жасауды үйрене алама, қалай ойлайсыз?

1 жауап

+2 дауыс

PHP бұл дағдарламалау тілі. Көптеген сайттар осы PHP бағдарламау тілінде жазылған. Кейін бертіне келе бағдарламаулышар class пен function қолданатын болды. Яғни алдын ала class пен function бағдарламаушылар өздері алдын ала жазылған кодтарын қолданатын. Ол class пен function деп отырғанымыз сайтта тіркелу, сауалнама, сайқа кіру, мақала салу, өңдеу, админка беті т.б. дегендей. Яғни мақала әр түрлі болуы мүмкін, бірақ барлық сайтта сауалнама бірдей болуы мүмкін.

Осы орайда белсенді деген бағдарламаушылар PHP тілінде жазылған Фреймворктар ұсына бастады. Фреймворктардың алғашқы әрі әлі күнге дейін жақсы істеп келе жатқандары Zend Framework. Мұнда арнайы сауалнама, сайтқа кіру, әлеуметтік желі арқылы сайтқа тіркелу, админка беті, мақала салу, өңдеу секілді кодтар алдын-ала жеңіл әрі түсінікті етіп жазылып қойған. Сіз тек қажетті жерге сол фреймвортағы документациядан кодтарды қойсаңыз ғана болғаны. Тіркелу, сайтқа кірі секілді мүмкіншіліктер істеп тұр деген сөз. Сіз артық код жазып әуре болмайсыз. Фреймворктардың негізгі мақсаты осы.

Қазіргі кезде кеңінен көп тарап, әрі жиі жаңартылып отыратындары Yii атты  фреймворк. Әлем бойынша танымалдығы жақсы. Одан бөлек Cake PHP, Kohana атты т.б. фреймворктар өте көп.

Егер сіз PHP тілін білмейтін болсаңыз онда Фреймворк деген сіз үшін алынбайтын қамал. Ең дұрысы қарапайым бағдарламалаудан хабары жоқ адамдар үшін CMS қолданған дұрыс. Ондай барлығы түсінікті түрде жазылып қойған. Мен MVC негізінде жазылған Wordpress-ті қолдануға кеңес беремін.

...