+2 дауыс
3.5k көрілді
Тек қана білетін адамдар, түсінікті тілмен жауап беріңізші. Фреймворкті қалай қолданады? қалай үйренуге болады?

3 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Lego-ні білесіз ғой, web framework дегеніміз, сайттың каркасын құрастыратын инструмент. Zend framework-пен жұмыс жасау үшін, php тілін білу керексіз. Ал, HTML, CSS, JavaScript бұларды кез-келген бастаушы веб-программист framework туралы сөз қозғамай тұрып білуі керек. Сәттілік!
Аштимайлын ғана білемін Нұржол, басқасынан хабарым жоқ. Лего деген не?
Lego деп балалардың құрастыратын ойыншығын айтқанмын.

Википедиядағы осы анықтама дәл сипаттапты:
"A web application framework (WAF) is a software framework that is designed to support the development of dynamic websites, web applications, web services and web resources. The framework aims to alleviate the overhead associated with common activities performed in web development. For example, many frameworks provide libraries for database access, templating frameworks and session management, and they often promote code reuse.[1] For a comparison of concrete web application frameworks, see Comparison of web application frameworks." (орысшасы жоқ екен)

Веб қосымшалық фреймворк - динамикалық сайттарды, веб қосымшаларды, веб қызметтер мен веб ресурстарды жасақтау үшін қолданысқа енгізілген. Принциптері, жасақтау барысын жеңілдетуге септігін тигізеді. Яғни, барлық адамдар нөлден бастап жасайтын дүниелер әлдеқашан жасалып қойған, тек соны негізге ала отырып фреймворк көмегіне жүгінеді. Мысалы, фреймфорктің мәлімет қормен, шаблон фреймворкымен, сеесияларды басқаратын және басқа да дайын кітапханалары бар. Бағыты Сіздің жобаңызға сәйкесетін фреймворктарды мына сілтемеден қарап шығыңыз: http://en.wikipedia.org/wiki/Comparison_of_web_application_frameworks

Анықтама сілтемесі: http://en.wikipedia.org/wiki/Web_application_framework
php, python тілдеріндегі бірнеше фреймворктармен кішкентай проекттер жазамыр. Жалғызбын ғой. Нашар білемін.
ПыСы: Веб-разработка үшін Linux ОЖ ыңғайлы.
СОНДА ФРЕЙМВОРК ДЕГЕН php python және Тағы да басқа тілдерден құралуы мүмкін бе?  Кішкентай Проект? Қандай проект Мысалға біреуін айтасыз ба??
Белгісіз
Проект деп сайтты айтамын. Кішкентай визитный сайт және фреймворкпен құрылған сайттарға қосымша өзгеріс енгізу.
Бағдарламалау тілдерінің фреймворктары болады, әрине. Php, phyton-нан бөлек, Java (JavaScript-пен шатастырмаңыз, біреуі скрипттік қосыша тіл, біреуі таза программалау, жобалау ортасы), C# алуға болады, оның MVC .NET Framework деп аталатын фреймворкы бар. Толығырақ жоғарыдағы пікірімдегі сілтемеден қараңыз.
0 дауыс
0 дауыс

Ақпарат http://it-tirlik.kz/?p=694 сайтынан алынды.

Zend Technologies Ltd. (www.zend.com) компаниясымен құрастырылған фреймворк. Академиялық тұрғыдан коды  сапалы. Әрине! Авторлары PHP тілін біздің уақытқа дейін жетелеген компания. Білмесеңіз – PHP өзегін жетелеп жүрген топ – Zend Technologies Ltd.

MVC компоненттерімен қатар, кең жүйелі сайт жасау үшін қолданылатып код жиынтығын қамтиды. Youtube.com сервистерімен жұмыс істеймін десеңіз, бұл жерде де ZF сізге қолқанат болуға дайын.

Құжаттамасы жағынан   сапалы, бірнеше тілге аударылған. Бірақ ненің қай жақта екенін бірінші кезден білу қиын. Егер жобалау қалыптарымен (design patterns) таныс болмасаңыз қысқа уақыт ішінде уйрену мүмкіншілігі аз. Сонымен қатар PHP5, OOP деген ұғымдармен  жақын дос болу керексіз.

Егер бұл фреймворкты ұнатып  үлкен деңгейлерге жетсеңіз «Zend Framework Certification» тестін өтсеңіз болады – www.zend.com/services/certification/framework

Тестті тапсырған жағдайда аты-жөніңіз ресми сайттын “PHP Yellow Pages” бетінде орын табады.  Қазіргі таңда Қазақстан бөлімшесі бос. Бірінші ZF сертификатының иесі болуыңыз әбден мүмкін.

Қазақстан торына келсек Kolesa.kz, Krisha.kz, Yvision.kz сайттары Zend Framework технологиясын қолданады.

Біз фейрмворктарды не үшін және қандай мақсатпен қолданамыз?

Әр түрлі мақсатпен. Маңыздысы – құрастыру барысын жылдамдату. Фреймворк сіз үшін жүйеңіздің бастапқы құрылымын құрастырып, монотонды болып кеткен ұзын соңар кодты бір жолға сидырады. Ойланып қарасаңыз пайдалары зор. Сізге бағдарламашы  ретінде ұақытыңыздың көбін жүйенің архитектурасына көңіл болуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде бағдарлау барасының әр кезеңінде алдыңызда жүйенің анық сүреті көрініс табады. Неткен тамаша десеңізші!


Сонымен қатар бұл фреймворктардың түбірінде MVC (Model View Controller) жобалау қалыбы (design patterns) орын алады. Яғни орындалу кодын (Model) қолданушы интерфейсінен (View) ажырататын  бағдарламалаудың бірден бір құрылымдық қалыпы. Бұл жерде “Model” орындалу коды үшін жауап береді. “View” – көрініс, яғни мәліметтін браузерде көрінуі. Controller – Model мен View арасындағы байланыс құралы.

MVC қалыпының пайдасы неде? Кодерлер арасында жүрген “Спагетти код” деген ұғымға тап болмау үшін десеңіз бұл да жеткілікті. «Спагетти код » – кодтың түсініксіз шашыраңқы болуы.

Қалай екен, әсерлі ме? Керек десеңіз тағы бір пайдасы сіз бен HTML кодердың арасындағы тәуелсіз жұмыс. Model мен Controller сізге тиесілі, View – HTML кодерге.

Фреймворк таңауда қандай көрсеткіштерге көңіл бөлу керек?

Құжаттамасы, басқа кодерлер арасындағы танмалдығы және сұранысы, қолданудың жеңілдігі және жылдамдығы, ресми қолдау тобы. Біздің ұсынысымызға келсек жоғарғы сипаттамаларға сәйкес келетін бірнеше фреймворктарды қолданып көріңіз. Сонда өзіңіздің қажеттіліктеріңізге сәйкес келетін тиімдісін таңдарсыз. Тағы айта кетерлік жайт әріптестеріңізбен кеңесуді ұмытпаңыз.

Бүгінгі таңда PHP фреймворктардың ең жақсысы және беделдісі қайсы?

Қызық сұрақ. Халқымыздың аузында жүрген “Бес саусақ бірдей емес” сөздері біздің салада да актуалдық табады. Әр фреймворктың + және – көрсеткіштері бар. Негізгі мақсаттары бірдей болғанымен жетер жолдарында кішкене немесе үлкен айырмашылықтары болуы мүмкін. IT саласында жүрген оқырманға “Holly war” яғни «Киелі соғыс» немесе «Киелі ғазауат» ұғымы әбден танымал. Бұл фреймворктардың арасында да қызу “холлиуар” орын табады. Сондықтан біз танымал фреймворктарға жалпы шолу шасап өтеміз. Өзіңізге жақсы деп көрінген біреуін таңдап аларсыз, құрметті оқырман.

Ақпарат http://it-tirlik.kz/?p=694 сайтынан алынды.

...