0 дауыс
470 көрілді

Байқасам сайтта жаңа үздік қолданушылар пайда болыпты. Олардың тірнектеп жүріп, берген жауаптары көпшілігінің көңілінен шығып жатыр екен. Бұрыңғы сақа қолданушылардың белсенділігі басылса да, үздіктердің қатары сиремепті. Мен сендердің осы істеріңе дән риза болып отырмын.

 

Қазір сайтқа көп кіруге уақытта тапшы болып кетті. Бірі 11 сынып деп жанталсса, екіншілері универ немесе басқа мәселенің басын көтереді.

Адуындылардың азуы бұрындары талайының сағын сындырғанын жасыра алмаймын. Өйткені, бізде өз кезімізде күні-түн компьютерге жабысып, осы сайттың алдынан кетпейтінбіз. Білетінімізді жасырмай айтып, жаңадан тіркелгендерге жол көрсетуден шаршамайтын да едік.

 

Ұлы Ескендір, Togzhan, Ерғали, Наглық Қазақ, МАЙРОШ, Көркем, Пари, Robin, Рысбек, *Айс*, Нұркен(Маңғыстау), Жәси, Мөлдір Амангелдиева, Юзер өз кезеңдерінің нағыз үздіктері болатын. Ішінде сайт құрылғалы бері бірге келе жатқандары да бар. Өкініштісі осылардың көбінің көлеңкесі біз жаққа түспей жүр. Шыны керек, мен оларды сағындым. Сұрақтарға жауап беріп, пікір жазысудан алдымызға жан салмаған сәттерді есіме алсам, денем тітіркеніп кетеді. Бұған Ербол(Админ), Жако ағалар куәлік ете алады. Мына жердегі бәріміз тілін білмеген дүниенің, түбін түсіретін деңгейге осы сайт арқылы қол жеткіздік. Ендеше, қазақтың марқасқасы СЖ-ға айтар алғысымыз арнасына сыймай кетеді ғой, шіркін!!!

 

Егер де есімі аталғандар осы шағын ғана жазбамды оқып отырған болсаңыздар, аздаған уақыттарыңызды бөліп, қаптаған қалың сұрақты бұрыңғыдай шулатуға білек сыбаныңыздар. Вертуалды әлем арқылы бір-бірімізді сырттай танығанымызбен біз әлі-ақ кезігеміз. Мен оған кәміл сенімдімін!!!

Марат бауырым қателер бар екен дұрыстап жіберсей.
Ия Абылай да жоқ боп кетті Астанаға жұмысқа тұрғасын, Делфина, Жұмбақ қыздарда жоқ, ол кездері жақсы еді ғой
Абылай қателеспесем ҚАЗКОНТЕНТ - тің құрамындағы EL.KZ әлеуметтік желісінде жұмыс атқарып жүр-ау деймін.

1 жауап

+2 дауыс
Қазір @AnonimM , @en_amor ... т.б. деген сияқты қолданушылар ұнап жүр
Жоқ сіздің жеке басыңызда шаруам жоқ, жәй берген жауаптарыңыз ұнап жүр дегенім ғой
Сол ғой айтайын дегенім )
Бірақ сені кейбірі ұнатпайды-ау деймін, әәә....
Мені ма? Ұнату, ұнатпау әркімнің өз еркі, маған басқалардың мен туралы ойы қызық емес :)
Жоооқ. vvvwww - ға айтып отырмын.
аноним болып жүрген кездер-ай)))
менің де сұрақ-жауаптарым біреуге ұнаған екен деп қуанып қалдым)
...