+2 дауыс
481 көрілді
Сұрақ-жауап сайтының туылған күніне бір қалада жиналсақ қалай болады? Демеуші тауып соның қаржысына, Алматы немесе Шымкентке жиналсақ қайтеді? Бір-бірімізді жақыннан көріп, танысып, аралассақ деген едім. Бір күн бойы қаланы аралап, кешке тағы да іс-шара өтсе.. @Admin мырза, бұған қалай қарайсыз? Шешімді тезірек айтыңыздаршы, ұсыныс ұнамаса БАН-ға сала салыңыз мені..
БАН салатындай не істеп қойдың әркімнің админге ұсыныс айтуға құқығы бар
Сайт ережесін бұзсаң бан салады
мына сұрақтың иесін танимын))))) #Meddi

9 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Ия жақсы ұсыныс. Шынымен де қуанарлық жағдай. Биыл Құдай қаласа сайтымызға 4 жыл толатын болады.

Ондай жиынды ұйымдастырып, көпшіліктің басын қосу қиын шаруа. Қазан айының 10-ы күні мен Шымкентте болатын шығармын. Мүмкін сол күні Шымент қаласындағы СЖ-ның қолданушыларымен кездесу ұйымдастыруға болады.

Ал Қазан айының 12-леріне қарсы мен Алматы қаласына оралып сайттың жылдық қорытындысын шығарып Белсенді деген қолданушылардың тізімін шығарып арнайы сыйлықтар жіберу жағын қарастырамын. Арнайы сыйлықтар деп отырғаным СЖ-ның логатипі бар футболка, концелярлық заттар және мүмкіндігінше қаржылай сыйлықтар үлестіріп айдың соңына дейін сайт белсенділеріне жіберетін боламын.

Ал үлкен кездесу жағына келетін болсақ жақсы ұсыныс болды мен үшін. Ол үшін біршама уақыт керек, ұйымдастыру, демеушілер табу, логистикалық жағын ойластыр т.б. жұмыстары үшін. Сондықтан үлкен кездесуды СЖ сайтының келесі 5 -жылдығына қалдырайық.

Әзірге қазан айының 10-ны күні Шымкент қаласының белсенді қолданушыларын бір жерге жиналып шай ішуге шақырамын.

Алматы қаласының да белсенділерін 12 қазаннан кейін ұйымдастыруға болады. Бұл тек Алматы немесе Шымкент қаласында емес, әр қаланың белсенділері жиналып өздері кездесу, өткізіп достарын, сыныптастарын, группаластарын сол шараға ертіп келіп шағын болса да кезедсу ұйымдастырсаңыздар болады. Осында жиналыстан бірнеше сурет, салып кездесу қалай өткендігін жазсаңыздар басқа да қаланың белсенді қолданушыларының офлайнда кездесуіне түрткі болатын еді.

Астана қаласында Нұржол, Абылай, Мөлдір, Заманбек, Жаңылай, Садық т.б. қолданушыларымыз бар. Нұржол мен Абылайға-өтініш етемін. Екеуі Астана қаласындағы т.б. белсенділерді жинастырып кездесу ұйымдастыратын болады.

Сіз де өзіңіздің сыныптас, группаластарыңызды, бауырларыңзды ертіп сайтқа тартып, шаралар ұйымдастырып қызықты етсеңіз болады.

Алдағы уақытта не істейтіндігіміз белгілі болады. Барша сайттың қолданушыларды алдағы келе жетқан сайттың 4 жылдығымен құттықтаймын. Рахмет!
Презентация жасап жiберейiн... Олай болса аға-апке тәтелер, iнiлер-қарындастар 10.10.2015жылы Оңтүстiкте шырайлы Шымкент қаласында СЖ-сайтының 5-жыл толғанына орай Ербол Серiкбай бауырымыз ұлан асыр ас берейiн деп отыр, барлығыңызды 5-жылдығына орай келiп өздерiңiздiң СЖ-сайтына деген iзгi ақ-тiлектерiңiздi бiлдiрiп, қадiрлiде құрметтi қонағы болыңыздар...
Рахмет, Шымкентте 10 шақты адам болып жиналсақ та жақсы болар еді.
ИншАллах, мен де барып қалармын!)
+3 дауыс
Ойың жақсы күлкiлi еш нәрсесi жоқ, бiрақ бұл 2-аптаның iшiнде ұйымдасып кететiн нәрсе емес, ол үшiн 1 жыл алдын айтылу қажет, сонда 1-жыл бойы әжептеуiр адамдар хабардар болып дайын болып жүредi және сайттың астында мына жазу жыл бойында тұру қажет мысалы: 10.10.2015жылы Шымкент қаласында сағат мынандай уақытта СЖ-сайтының 5-жылдығына орай мынандай нәрсе өткiзiлмек Ербол Серiкбай өз қолымен кәуап пiсiрмек десе керемет болады ия ия адамдарды қызықтыру керекқой, плакаттар СЖ деген, адамдар суретке түседi плакаттарды ұстап, телевиденияға хабар берiп, жаңалықтардан көрсетсе СЖ-сайты сонда танымал болсын халыққа. Сол үшiн ендiгi жылы ұйымдастыруына Ерекең не дейдi екен өзi?
Дұрыс екен, бірақ демеуші болса 1 аптада ұйымдастырып тастауға болады.
Дұрыс болады бiрақ адам жиналу жағын айтып тұрмын, 5-6 адаммен қызық бола қоймас, үлкен мерей той қылып адамдардың есiнде қалатындай, 2015-жылы өткiзiлгендей мерей той және қашан болады деп қолданушылар сұрақ қойып жүретiндей болсын дегенiмғой
+2 дауыс
Қайдағы БАН дұрыс айтып отырсың.

Қолдарнушылар осыған дейін де бірнеше рет жиналған Атырау да ма Ақтауда осы,сол жақтың қолданушылар көп жиналды.

Я ұсынысын орынды,бірақ менің бара алмайтыным өкінішті себебі ҰБТ,және мен қазір Алматы мен Шымкенттен сәл шалғайдамын АРАЛ деген қаладамын бара алмаймын.
0 дауыс
Бул усыныс жаксы,Алматыга баруга дайынмын мен ТАРАЗДАНМЫН
0 дауыс
Басқа қаланікілер де жиналса қызық болар еді. Ол үшін сайтта жарнама әлде хабарландыру тұрғаны дұрыс болар еді сж сайтының әр қалада жиналу күні деген секілді ))) бір адам кішкене ұйымдастырса әр қаладан қызық болар бәлкім?
0 дауыс
Оданша СЖ сайтында жасайық десеңші оданша )))))))))))))) хе хе
0 дауыс
Ия дурыс айтасын . Шымкентке баруга дайынмын мен Шымкенттен мiн !!!! Бул кызык болайын деп турго
0 дауыс

Мен бармаймын - wink

0 дауыс

Бұл уақыт өтіп кетіпті ғойfrown

Ұқсас сұрақтар

...