+1 дауыс
2.4k көрілді
Нарықтық механизміндегі бәсекелестік туралы?

1 жауап

0 дауыс

Мәселенің өзектілігі 
Қазақстан Республикасы әміршіл-әкімшіл жүйе бұзылғаннан кейін нарықтық экономика жолына түсті. Сол себептен экономикалық дамуымыз нарықтық экономикаға тән процесстер мен заңдылықтарды бастан кешіруде. 
Сол сияқты процесстер қатарына нарықтық механизмінде бәсекелестік мәселесі жатады. 
Ұзақ жылдар бойы әміршіл-әкімшіл жүйе жағдайында жоспарлы экономикада мемлекеттің алатын орны зор болды. 
Дегемен капиталистік жүйе жеңіп мемлекеттің жоспарлы экономикасы өз өмір қаблеттілігін растаған жоқ. Қазіргі заманда экономикалық өтпелі кезеңінде елімізде нарықтық құбылыстар орын алуда. Сол сияқты нарық механизмінің біркелкі және саулы түрде дамуы, жалпы ғылыми-техникалық пргресстің қарқынды дамуы бәсекелестіктің даму деңгейін және қызме ету ретіне байланысты. 
Экономикалық дамудың өтпелі кезеңінің негізгі бағыттарының бірі - экономикалық өмірде кәспкерліктің және бәсекелестіктің дамуы болып табылады. 
Елбасымыз тарапынан халыққа жариялаған «Қазақстан – 2030» Жолдауы бойынша, елімізде ұлттық қауыпсіздік, ішкі саяси тұрақтылық және қоғамның жұмылы, жоғарғы денгейдегі шетелдік инвестициялары бар дамыған нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өрлеу, Қазақстан азаматтарының деңсаулығы, білімі және игілігі, энергетикалық ресурстар, инфрақұрылым, әсресе транспорт және байланыс; негізгі қызметтеріне дейін шектелген кәсіптік мемлекет сияқты «ұзақ мерзімді басым мақсаттары» айтылған. 
«Қазақстан-2030 бүкіл қазақстандықтардың гүлденуі, қауіпсіздігі және игілік жағдайының жақсаруы» Үндеуінде елбасымыз экономикалық даму барысына ерекше көңіл бөлген. 
Яғни, Қазақстан Республикасы экономикалық даму деңгейі бойынша өтпелі мемлекеттер қатарына жатады. Осыған қатысты да үкіметіміздің жоғары тиімді шаруашылық жүйесін құру үшін бірқатар қадамдар мемлекет тарапынан жасалуда. 
Сонымен зерттеу жұмысымыздың зор тәжірибелі, ғылыми және әлеуметтік өзектілігі зор екендігі күмінсіз. 
Зерттеу жұмысының мақсаты 
Зерттеу жұмысының мақсаты – нарықтық механизмінде бәсекелестіктің мән-мағынасын ашу болы табылады. 
Зерттеу жұмысының міндеттері 
Зерттеу жұмысының мақсатына сай міндеттері белгіленеді: 
• Нарықтық бәсекелестік түсінігін ашу; 
• Нарықтық механизмінде бәсекелестіктің қалыптасуы табиғаты және қызмет ету ерекшеліктеріне талдау жасау; 
• Монополиялық және олигополиялық бәсекелестіктер түсінігін ашу, олардың айырмашылығын көрсету, олардың жалпы экономикалық дамуда алатын орнын анықтау 
Зерттеу жұмысының әдіснамалық негізі 
Зерттеу жұмысы жүргізілген кезде автор талдау, жүйелеу, синтездеу, тарихилылық, ғылымилылық әдістерін пайдаланды 

НЕГІЗГІ БӨЛІМ 

1. Нарықтық бәсекелестік түсінігі 

Қазіргі замаңғы өмірдің экономикалық жағдайлары олардың неғұрлым күрделі сипатына қарамастан бірқатар қатынастарда өткен жылдармен салыстырғанда аян болып табылады. 
Шаруашылық іс-әрекет іс-әрекеттің басқа түрлерінен ерекшеленеді., жеке адамдардың басқа адаимдарға және барлық қоғамға қатысты құқықтары анықталған, сонымен қатар қазіргі қоғамда әдет-ғұрыптар билігінен еркін болуы және шаруашылық іскерлігінің еркіндігі кеңеюі, адамдадың жорамалдығы алуан түрлі мотивтердің аянуына әкеп соқтырады. 
Жиі айтылатын пікір бойынша, индустриалды өмірдің қазіргі замаңғы формалары ескілерден негізгі айырмашылығы – олар неғұрлым бәсекелестікке ұшырайды. «Бәсекелестік» түсінігінің тұрақты мәні яғни стау немесе сатып алу барысында бір адамның екінші адаммен бәсекелеске түсуді білдіреді. 
Қазіргі зманада бәсекелестіктің осы түрі кең таралған, дегенмен ол индустриалды өмірдің түпкілікті ерекшеліктерінде екінші қатарлы салдары болып табылады. 
Сол сияқты ерекшеліктерді қажетті түрде ашатын арнайы түсінік жоқ. Оның табиғаты келсесіде – кез келген адамның белгілі дербестігі, өзіндік жолды таңдауға деген талпынынстары, келешектегі мақсаттарын есепке алу барысында келешекті болжамдылық, сонымен қатар өз күшіне деген сенімділік, шешімдер қабылдауда жылдамдылық болы табылады. 
Сол сияқты факторлар адамдарды бір-бірімен бәсекелестікке түсуге итермелейді, қазіргі заманда бәсеклелестік орнатқан кезде адамдар бір-бірімен пайдалы қарым-қатынас орнатуға тырысады. 
Сол сияқты ұжымдық меншікке және ұжымдық іс-әрекетке деген талпыныстар өткендерден енғұрлым ерекшеленеді, себебі олар күштердің пассивті түрде бірлесуі емес кез келген жеке адамның алдын ала ойластырылған және өзне пайдалы болып көрінетін тұрмысты бір түрі ретінде танылады. 
Яғни қазіргі заманда бәсеклелестікті саналы түрдегі есеп анықтайды. 
Заманымыз әрине сауда саласында айырбас үшін жаңа мүмкіншіліктер тудырды. Білімдердің прогрессі жасанды (оригинал емес) бұйымдар, фальсификациялар жасауға мүмкіншілік берді. Өндірушінің енді соңғы тұтынушы арасындағы ара қашықтық өсе түсті. Яғни алаяқтық үшін жазаны тарту да жедел түрде орындалмайды, сондықтан алаяқтық үшін барлық мүмкіншіліктер бар. дегенмен адамдар сол сиқтя тәсілдерді бұрыңғы заманға қарағанда неғұрлым жиі және орынды пайдаланады деген дәлел жоқ. Керісінше, сауданың қазіргі замаңғы әдістері бір жағынан принципке айналған сенімділік сезімдерін, екінші жағынан – алдауға деген әдептен бас тартушылық тән. Қарапайым шындылық және жеке адамдардың адалдылығы кез келген елдерде бар, дегенмен артта қалған елде кәсіпкерлікті құруымен айнлысқандар жиі жағдайда сеніділікті қажет ететін лауазымдарға, жұмыстарға жергілікті тұрындардың сенімділігіне сенбейді, сондықтан да моралды сапаларды қажет ететін жұмыстарда жұмысшыларды экспорты деген құбылыс туады. 
Алаяқтық және алдаушылық ортағасырларда кеңінен орын алды. 
Өркениеттің барлық салаларында, кезеңдерінде ақшаның билігі орнатылған. Дегенмен материалды алтынның кері жақтары және салдары айқын көрінді. 
Ішкі салалық бәсекелестік ірі кәсіпорындардың әлсіреуі нәтижесінде олардың ортақтануын тудырды. Сол сияқты бірлестіктердің қызметінің негізгі мақсаты және нәтижесі олардың кәспорындары арасында бәсекелестікті жою болып таыблады. 
Дегенмен олардың үстемдігі бәсекелестіктің заңды қызметіне кері әсерін тудырады, еркін нарықтық баға құрылысының негіздерін шайқатады, қоғам үшін өндірістің нәтижелерін және экономикалық ресурстарын біркелкі емес әлеуметтік және экономикалық реттеуді қамтамасыз етеді. 
Мемлекет төмеңгі позицияға түсіп кеткен және белсенді қызмет ететін тауарлық және нарықтық шаруашылықтың механизмініің негізі ретінде танылатын, өндірістің тиімділігінің адапторы ролін атқаратын бәсекелестікті қалпына келтірді. 
Сол сияқты нарықтық жағдайлар басқа кәсіпорындардың қарқынды дамуына кедергі жасап, мемлекетте әлеуметтік проблемаларды шиеленістіреді. Себебі, орта және ұсақ кәсіпкерлік кез келген капиталистік мелмкеттің экономикалық негізін құрайды да экономикалық балансты қамтамасыз етеді 
Нарықта жетілген бәсекелестікті тудыру мақсатында мемлекет бірқата қадамдар жасайды: 
• өндіргіш күштердің өндірістік құрал-жабдықтарға деген жеке меншік шеңберінен тыс шығу, ол қоғамдық қайта өндеудің негізгі жағдайларын қамтамасыз ете алмауда, жеке меншік негізінде ғана маңызды қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыра алмауда көрініс табады; 
• әлемдік экономикада капиталистік елдер топтарының арасында бәселестіктің пайда болуы; 
• капиталистік елдерде тауар өндіру және тауар сату ісінде еркін кәсіпкерлер тобының қатарын кеңейту. 
Көптеген жағдайда бәсекелестіктің қоғамға қарсы формалары анық көрсетіледі. Себебі, саудагерлер немесе өндірушілер нарықта неғұлым арзан бағаға тауарды сататын бәсекелесті адамды көрген жағдайда оғна наразылық білдіреді, дегенмен неғұрлым арзан киімдерді сатып алған адамдар қанағат болады. 
Сонымен нарықтық дамудың қозғаушы күші бәсекелестіктің алатын орны және маңызы жөнінде көптеген сауалдар туындайды. Бәсекелестік субъективті сипат алған, себебі кейіреулері үшін ол пайдалы, басқалары үшін тиімсіз болып табылады. Дегенмен экономикалық теориялардың дәлелі және экономикалық заңдылықтар ашық көрсеткендей тек қана сау бәсекелестік жағдайында нарықтық механизм қарқынды және табиғи түрде дамып көптеген жетістіктерге қол жеткізеді. 

2. Бәсекелестіктің қалыптасуы табиғаты 

Өндіріс және тұтыну қарама-қайшылықты құбылыс болып табылады. Өндіріс құрайды, ал тұтыну жояды. Қоғамдық өмір тауарлардың үздіксіз утилизациясымен тікелей байланысты болғандықтан, өндіріс те үздіксіз сипат алады. Яғни өндіріс пен тұтынушылық арасындағы қарама-қайшылықтардың табиғаты осыдан – үздіксіз біркелі даму және өндірісті, экономикалық процесстің жетілуі. өндіріс пен тұтынушылықтың қарама-қайшылықтарының кейбір ерекшеліктері бар. олардың пайда болу себептері: 
• Өндіріс негізінде (өндірістің өздігінен туындайды, қажеттіліктер оларды өтеу құралдарымен бірге туындайды және сайкестірілген өндірістік тұтынушылықпен байланысты); 
• Екінші жағынан - тұтынушылық – келешектегі тұтыну үшін идеалды өнімнің түрі болып табылады. 
Осы сапада олар тұтынудын және тұтынушылықтың негізінде пайда болды. Олардың пайда болуы себептерінен тұтынушылық айырбас, көпшілік инфляция, адамдар арасындағы басқа да байланыстар салдарынан неғұрлым мобильды сипатқа ие болады. Неғұрлым жетілген өмірлік құндылықтар жөнінде ақпарат өндірістің қарықынан қарағанда барынша жедел таралады. Осыған байланысты қоғамда тұтынушылықтардың артуы заңы таралады. 
Соы заңға сай адамдар қажеттіліктері санды және сапалы сипатқа ие болады. Экономикалық қажеттіліктер объективті себептерге ие болып және экономикалық прогресстің қозғаушы күші болып табылады. 
Адамдардың материалдық қажеттіліктері негізінде олардың экономикалық мүдделері қызмет етеді. Экономикалық мүдделер деп адамдар назарының тұтынудың және иеленудің шынайы өмірлік және потенциалды объектілеріне бағытталуы. Яғни экономикалық мүдделер күнделікті өмір іскерлігіне адамдардың материалдық қажеттіліктерінің айқын көрінісі. 
Адамдардың экономикалық мүдделері өндіріс алдында өндіріс құралдарына, тұтыну заттарына, қызметтеріне өндіріске әлеуметтік тапысыры ретінде танылады. Өндіріске тікелей байланысатын форма ретіне экономикалық мүдделер өндірістің үздіксіз дамуы және үнемгі жетілудің стимулы болып табылады. 
Қоғам мүшесі ретінде кез келген адамға өзін-өзі айқындау және өзін-өзі бекітуге деген талпыныста тән. 
Адамлар өмірлік тіршіліктерінің басты саласы олардың еңбек іс-әрекеті болып табылады. Сондықтан да олардың өзін-өздерін бектіту және белгілеудің негізгі формасы еңбек процессінің басқа мүшелеріне қарағанда неғұрлым жоғары нәтижелерге жету болып табылады. Сондай нәтижелерге жету үшін адамдар еңбекте өзара бәсекелестікке, мамандығын көтеруге тырысады. 
Осы шараларға байланысты экономикалық прогресстің басты қозғаушы күші адамдардың өндірістік-шаруашылық процессте өзара бәсекелестік болып табылады. 
Адамзат еңбегі тұрақты түрде өзін-өзі бекіту және айқындау үшін ғана емес, сонымен қатар белгілі табыс табудың құралы болып табылады. Сондықтан барлық жағдайда еңбектің сылтауы тиімділеу және материалдық мадақтау қажет. 
Нарықтық экономиканың басты ерекшеліктерінің бірі – жеке меншік қатынастарына шарттас олардың эконмикалық оқшаулылық негізінде шаруашылық субъектілердің бәселелестігі боып табылады. 
Бәсекелестік – тауарларды өндеу, сату және сатып алу үшін нарықтық шаруашылықтың мүшелері арасында неғұрлым жақсы жағдайлар үшін бәсекелестік болып табылады. 
Нарықтық механизміндегі адамдардың шаруашылық-өндірістік қызметі негізіндегі олардың ара-қатынстарын салдарына байланысты. Сонымен экономикалық бәсекелестіктің пайда болуын келесі жағдайлары анықталады: 
• Экономикалық қатынстарда өндіріс құралдарымен жұмысшылардың экономикалық тұрғыдан бірлесуін нәтижесінде пайда болады; 
• Экономикалық қатынстарда өндірістік процессті ұйымдастыру жағдайында туады; 
• Экономикалық қатынастарда өндіріс нәтижелерін қолдану және иелену жағдайларында пайда болады. 
Адамдар арасында экономикалық бәсекелестік объективті, яғни олардың санасы мен еркіне байланысты емес, себебі олаодың шаруашылық-өндірістік іс-әрекеттері объективті. 
Бәсекелестік экономикалық тұрғыдан ғылыми-техникалық прогрессті стимулдайды, ол өндіріске неғұрлым жетілген технологияларды еңгізуге, сонымен қатар ресурстарды неғұрлым рационалды трде жұмсауға өндірушілерді итермелейді. 
Ол тауар өндірушілердің инициативаларын олардың шаруашылық-өдірістік іс-әрекетінің неғұрлым жоғары нәтижелерімен мадақтайды, сонымен қатар өндірісті-шаруашылық саладан инертті, инициативасыздарды олардың кедейленуі және құлдырауыарқылы ығыстырып тастайды. 
Осы сияқты сапалардың арқасында бәсекелестік нарықта ғылыми-техникалық прогресстің басы қозғаушы күштерінің бірі болып табылады. 

3 Монополиялық және олигополиялық бәсекелетіктер 

Қазіргі заманда кәсіпорындардың нарықта қарым-қатынастары жетілмеген бәсекелестікке ұшырауда. 
Капиталистік дамыған елдерде автомобильдер нарығы, жедел фотобейгелерді шығару, телефон қызметтерін көрсету, т.б. салалар жетілмеген бәекелестікке негізделген, 
Сонымен монополизмді олигополия мен қатар жетілмеген бәсекелестікт нәтижесінде туған құбылыс деп сипаттауға болады. 
Монополия нақты тауар сатуда немесе қызметті көрсетуде бір ғана сатушының бар болуымен және осы нарыққа басқалай сатушылардың кіруіне кедергі жасайтін нарықтың түрін монополиялық деп атайды, мысал ретнде "Полароид", "Газпром", теледидар саласында кәсіпорындарды келтіруге болады. 
Сонымен қатар монополистер деп электр, жылуэнергиясымен, сумен, пошта, телефон, байланыс түрлерін қамтамасыз етуді іске асыратын фирмаларды атауға болады, дегенмен осы қызметтредің бағаларын мемлекет бекітеді. 
Нақты өмірде монополистердің ешқандай бәсеклестер жоқ болады, сондықтан да олар өз тауары, қызметі түрін тұтынушыларға жеткізуде нарықта бағаларды өзіндік реттеуіне тура келеді, мемлекет тек олар бағаны шексіз көтеруден сақтайды. 
Алмаздар сатуды бақылауға алған 80 жж"Де Бирс" компаниясы сатудың кестесіне негізделіа іскерлік жасаған, ол бойынша компания неғұрлым көп мөлшерде алмаздарды сататын болса, со ғұрлым сатылатын алмаздардың бағасы төмендейді, осы заңдылықтарға негізделе отыр және сатылатын алмаздар санын төмендеу арқылы компания ұзақ уакыт бойы нарықты қадағалап отырды. 
Яғни сатушы монополияға ие болып тауарды өндірісін шектеу арқылы өз табыстарын көтере алады. 
Нарықта монополиялық билікке ие болу үшін фирмаға міндетті түрде монополист стутусын алу қажет те емес. Ұсақ дүкендердің өзі тауарларға бағаларын өздері анықтайды. Олардың негізгі ерекшелігі ірі монополистерге қарағанда қойылатын бағаларға деген биліктің неғұрлым төмен деңгейі. 
Сондықтан да монополистік нарықтарда жетлмеген бәсекелестік жағдайында монполистер зор табыстарға ие болады. 
Сол сияқты нарықтық жағдайлар басқа кәсіпорындардың қарқынды дамуына кедергі жасап, мемлекетте әлеуметтік проблемаларды шиеленістіреді. Себебі, орта және ұсақ кәсіпкерлік кез келген капиталистік мемлекеттің экономикалық негізін құрайды да экономикалық балансты қамтамасыз етеді. 
Сондықтан нарықта монополиялардың шектен тыс қызметіне үнеі мемлекеттік үкімет тарапынан шек қойылады. 
Монополистік бәсекелестік түсінігі қандай ерекшеліктерге ие деген сауалға жауап беруге тырысайық. Монополистік бәсекелестік үшін монополияның да және жетілген бәсекелестіктің ерекшеліктері тән. монополия жағдайында сияқты кез келген фтрма басқа сатушылардан ерекше деп таныған өнімді сатады. Дегемен мұнда бәсекелестік жөнінде сөз қозғауы керек, себебі алуан түрлі сатуышлар бір-біріне ұқсас дегемен бір-бірін алмастыра алмайтын тауарларды ұсынады. 
Мәні бойынша монополистік бәсекелестік – ол жетілген бәсекелестік және өнімнің жіктелуінің жиынтығы, себебі өнімнің жиынтығы кез келген монополиялық бәсекеге түсетін кәсіпкер үшін дәстүрлі сатып алушыларды жоғалтпайтындай бағаны сәл көтеріп отыруға мүмкіндік береді. Дегенмен монополиялық билік сол сияқты тауарлар немесе қызметтерді ұсынатын бәсекелестерге сай азайып отырады. 
Өнімнің жіктелуі мүмкіншілігі тиімділіктің жаңа мәселелерін көтереді, себебі сатушылар өнімнің қандай түрлерін өндіруі керек, оларды шығаруда қандай технологияларды қолданы керек, өз тауарын деген сұранысты көтеру үшін қандай жарнамаларды қолдануы керек деген сауалдарды қатал түрде шешуге міндетті. 
Монополистік бәсекелестік барысында жетілген бәсекелестікте сиқты жаңа фирмалар нарғына кіру үшін ешқандай кедергілер жоқ, ірі қалалардың едәуір бөлігінде жаңа дәріхана, мейрамхана, немесе дүкен ашу қиынға соқпайды, дегенмен кедергілердің жоқ болуы ұзақ мерзім бойы жаңа кәсіпкер үшін зор пайда әкелетіндігі нақты мәселе емес. 
Жетілмеген бәсекелестіктің келесі бір түрі – бірнеше стаушылардан құрылған олигополия. 
Олигополиялық нарықта өндірілетін тауарлардың едәуір бөлігі бірнеше ірі фирмалар тарапынан іске асырылады. Олардың әрқайсысы нарыққы ықпал етуде белгілі мүмкіншіліктері бар. автомобильді, метал құю, жүкті немесе пассажирлік, ауа тасымолдау саласы олигополия деп аталады. 
Жеке олигополистер бағаларға деген аранйы ықпал жасай алады монополияда сияқты, дегенмен барлық сатушылар тарапынан қолданылатын іс-әрекеттермен анықталады, яғни жетілген бәсекелестікте сияқты. 
Сол сияқты жағдай олигополистердің мәселелерін шешкен кезде көптеген қиыншылықтар тудырады, бәсекелестіктің басқа түрлерімен салыстырғанда. Кез келген олигополистік фирма сатып алушылар сұранысы және басқа да бәсекелестерінің осы іс-әрекетке деген жауапты реакциясы арасында оптималды шешім табуы керек. Себебі сондай жағдайда ол фирманың табысына ықпал жасайды. 
Мысалы, «Дженерал Моторз» фирмасы өз автомобильдеріне деген бағаларын көтерудің алдында Форд, Крайслер, бесқа де бәсекелестердің жауапты қадамдарын өз сатуларының көлемдерінде өзгерістерді санауда ескеріп болжауы керек. 
Олигополислық бәсекелестік жағдайында өнім жіктелген болуы мүмкін (мысалы автомобиль саласы) және өте ұқсас (шойын немесе алюминий шығару ісі). Егер де өнімнің дифференциациясы мүмкін болатын болса, фирмалар өз тауарының дизайны, жарнамасы жөнінде ерекшеліктер іздегу тиісті (бұл бағытта фирмалар жүргізетін маркетинг зерттеулері маңызды орын алады). Сол сияқты өзгерістердің салдарын, бағаларда сияқты, келешегін анықтау үшін олигополист бәсекелестерінің реакциясын болжауы керек. 
Олигополиялық нарық монополиялық нарық және толық жетлген нарық арасындағы жағдайа орналасқан. 
Жетілген бәсекелестік барысында белгілі нарққа кіруде кедергілер болмайды, ал монополистік нарыққы кәсіпкерлерге кіруі мүмкін емес. Олигополиялық нарықта әдетте нарыққа кіру кедергілері бар,дегенмен оларды жеңуге мүмкіншілік бар. дегнмен нарыққа кірде кедергілердің неғұрлым әлсіз болуы сол сияқты нарыққа басқа да бәсекеелстер кіріп олигоплистердің ұзақ мерзім бойы алатын табысы азаяды деген қауіп бар. 
Жетілменген бәсекелестік жағдайында нарықтың басқа да сирек түрі кезедседі. Ол экономикалық мінез-құлықтың негізгі шараларын ірі сатып алушы анықтайтын нарықтар. Сол сияқты жағдайда олигополиялар және монополиялар нарықта сатушылар болып табылса, оларға сай сатып алушылар монопсония және олигопсонияны құрайды. 
Монопсонист ретінде (белгілі тауарды жалғыз және бір сатып алушы) жиі жағдайда АҚШ күрделі және қымбат тұратын қарудың түрлерін сатып алушы қызметін атқарады, мысалы авианосецтер және ядролық қарулардың саймандарын. 
Олигопсония – стаулатын тауарлардың едәуір бөлігі бірнеше сатып алушыларға кететін нарық жағдайында туады. Жоғарыда аталған нарықтың ретінде кәсіпорындардың жағдайын қарастыру өте қиын, себебі ол нашар зерттелінген құбылыс олигопсония және монопсонияның сирек кезедсу сипатына шарттас. 
Нарық механизмінде бәсекелестік мәселесін қозғауда кеңес дәуірінен кейін жаңа капиталситік елдер жөнінде мәселені қозғауға болады. КСРО құлдарығаннан кейін жаңадан пайда болған республикалар өтпелі кезең экономикасымен сипатталады, яғни нарықтық экономика жолына түскендіктен мұнда да еркін сауда бағытында бәсекелестік мәселесі маңызға ролге ие болады. 
Соңғы уақытқа дейін Қазақстанда да тауар және қызмет көрсету салаларында мемлекеттің монополиясы орын алған. 
Қазіргі заманда еліміз нарықтық экономика даму жолына түскеннен кейін жағдай күрт өзгерді. 
Қазіргі заманда жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өту орын алуда. Оның салдарынан біздер үшін экономикалық қатынастардың, шаруашылық етудің, меншіктің жаңа түрлері пайда болды, кәсіпорындардың мемлекет меншігінен алынуы және басқаруды жаңа меншік иелеріне берілуі орын алуда.
Бәсекелестікті тудыруда жекешелендіру және мемлекеттік меншіктен алу процессінің маңызы зор. Оның түбі кәсіпорындар тиімділігін арттыру, нарықтық экономикаға көшу жағдайларының негізінде және табиғи, тарихи дамуы заңдылықтарына сай пайда болған ұзақ мерзімді процесс. Бұл бағытта кеңес дәуірінен кейіңгі мемлекеттер шетел елдердің бай тәжірибесіне сүйенеді. Дегенмен бұл бағытта ұлттық экономиканың, аймақтық орналасудың, басқарудың ерекшеліктері ескерілуі жөн. Сол сияқты жағдайда ғана нарықтық экономика тұрғысынан мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру процестері неғұрлым тиімді болып елдің элеуметтік-әкономикалық және жалпы даму деңгейін көтереді. 
Соңғы уақытқа дейін мемлекеттің табиғи пайдалы заттарды табу және сатуға деген монополиясы орын алған. Қазіргі заманда мол сияқты монополиялар біршама шектелді, себебі сол сияқты заттарды сата алатын жәе өзіндік бағаны бекіте алатын көпетеген кәсіпорындар пайда болды. Сол сияқты фирмалардың арасында ұсақ және орташа, ірілері ден бар. сондықтан олардың аарсында бәсекелестік туады. 
Сол сияқты бәсекелестікті жетілген бәсекелестік деп сипаттауға болмайды, себебі шаруашылықтың көптеген салаларында моноплиялы әлі де сақталған. Мысалы, қалалық көлік саласын алатын болсақ, көптеген қалалық әкімшілік ұйымдар сол сияқты қызмет түрлерін көрсетуде белгілі моополияларға ие болып, көрсетілген қызметке деген тағайындайтын бааларды белгілейді, себебі оның бақса да бәсекелестері жоқ. Сонымен қатар жылумен, сумен, электрэнергиямен тұрғы,дарды қамтамасыз ететін кәсіпорындар монополситер болып табылады. Бірсыпра деңгейде олардың көрсететін қызметтеріне деген бағаларын әлі де мемлекет тағайындайтыы танымал. 
Жиі жағдайда кәсіпорындарда дамудың ортақ стратегиясы жоқ болады. Жұмыс істеу жағдайлары көптеген бағыттар бойынша шаншылып бір-бірімен сай келмейді, сондықтан да бәсекелестік артықшылықтарды қолануға мүмкінділікті қолдана алмайды. 
Сол сияқты кәсіпорындарда маркетинг жүйесі нашар дамыған немесе тіпті жоқ. Кәсіпорын ең алдымен сапалы өнімді шығаруға тырысады, дегенмен басқа елдерде кәсіпорындар сатудың ең жақсы жүйесін ойлап шығаруға бағытталған. 
Кәсіпорындарда жоспарлау және бақылау жүйелері шашынқы, көптеген процедуралар қайталанады, міндеттерді қою және оларды шешудің процессі формальді сипатқа ие болады. Сол сиқты жоспарлау «Білмейтін жерге бар, білмейтін нәрсені әкел» деген принципке негізделген. 
Кәсіпкерлер басқарушылары кәсіпорынның бәсекелестік артықшылықтарына негізделген максималды міндеттер коймайды. Нәтижесінде агрессивті бағыт алған бәсекелестері бәсекеге қаблеттілігі жоқ кәсіпорынды нарықтан шығарады немесе бұл жағдай жеңіл түрде болжамданады. 
Көптеген салаларда түбегейлі өзгерістер орын алды, мысалы ауа қызметтерін атқаратын Кеңес дәуірінде құрылған Аэрофлот бірнеше ұсақ фирмаларға бөлініп олардың арасында бәсекелестік өрши түсті. 
Нарықтық экономиканың тұрақтануы жедел қарқынымен жүріп жатыр және қазіргі заманда нарқытық қатынастарды реттеу өте маңызды және көптеген нарықтық қателіктердің алдын алады. Сол сияқты қателіктер келешекте халық шаруашылығының көптеген салаларының экономикалық жағдайына кері әсерін туғызуы мүмкін. 
Мұнда басты орынға мемлекет ие болады, себебі ол қазіргі заманда жаңа экономикалық жүйенің тұрақтануында қолайлы жағдай тұдыруға тырысады. Бұл бағытта көптеген шаралар қолдануда, мысалы нарықта жетлген бәсекелестіктің дамуына игі ықпалын тигізу мақсатында антимонополиялық комитеттердің құрылуы, т.с.с. 
Мемлкет тарапынан антимоноплиялық іскерлік алуан түрлі заңды ережелерде, актілерде, бұйрытада көрініс табады, мемлекет тарапынан кәсіпкерлердің монополиялық үстемдігін шектеу үшін және басқа да кәсіпкерлердің қарқынды дамуы үшін арнайы мемлекеттік антимонополиялық органдар, комитеттер құрылады. 
Олардың басты мақсаты – кәсіпорынның нарықтағы қызметіне талдау жасап, монополистік деп белгілейтін ерекшеліктерін талдау жасау, оның негізінде кез келген кәсіпкер монополист қатарына жатады, немесе жатпайтыны анықталады 
Бұл бағытта еліміз шетел мемлекеттердің тек қана озық тәжірбесін игеруі керек. 

ҚОРЫТЫНДЫ 

Сонымен нарықтық экономика жағдайында нарықтық механизмінде бәсекелестік құбылысы орын алады. Зерттеу жұмысымыздың нәтижесінде көптеген қорытындылар және ой-түйінділерді шығаруға болады: 
• Индустриалды өмірдің қазіргі замаңғы формалары негізгі айырмашылығы – олар неғұрлым бәсекелестікке ұшырайды. «Бәсекелестік» түсінігінің тұрақты мәні яғни стау немесе сатып алу барысында бір адамның екінші адаммен бәсекелеске түсуді білдіреді; 
• Бәсекелестік жағдайында нарықтық механизм қарқынды және табиғи түрде дамып көптеген жетістіктерге қол жеткізеді; 
• Нарықтық экономиканың басты ерекшеліктерінің бірі – жеке меншік қатынастарына шарттас олардың эконмикалық оқшаулылық негізінде шаруашылық субъектілердің бәселелестігі болып табылады; 
• Бәсекелестік – тауарларды өндеу, сату және сатып алу үшін нарықтық шаруашылықтың мүшелері арасында неғұрлым жақсы жағдайлар үшін бәсекелестік болып табылады; 
• Ол тауар өндірушілердің инициативаларын олардың шаруашылық-өдірістік іс-әрекетінің неғұрлым жоғары нәтижелерімен мадақтайды, сонымен қатар өндірісті-шаруашылық саладан инертті, инициативасыздарды олардың кедейленуі және құлдырауыарқылы ығыстырып тастайды; 
• Қазіргі заманда бәсекелестіктің бірнеше түрі ажыратылады. Олардың арасында жетлген яғни табиғи және жетлімеген бәсекелестіктер бар. 
• Жетілмеген бәсекелестіктің қатарына монополиялық және олигополиялық бәсекелестік жатады. 
• Бәсекелестік сатушылар және өндеушілер арасында ғана емес, сонымен қатар сатып алушылары тарапынан орын алады. Дегенмен ол сирек кездесетін құбылыс және жоғары дамыған капиталситік елдерде ғана мүмкін. Сол сияқты сатып алушылар бәсекелестігі олигопсония және монопсония деп аталады. 
Сонымен еліміздің негізгі экономикалық даму бағыттары келесі көптеген салаларды қамтыған: жеке меншік иелері тобын тиімді түрде шаруашылықтарын жүргізетін объектілер ретінде қалыптастыру. 
Бұл бағытта бәсекелестік ортаны құру және өндірісті демонополизациялауды қамтамасыз ету; кіші және орта бизнесті дамыту арқылы ірі және ерекше халық шаруашылық объектілерін қайта құрудың жеке жобаларын іске асыру және жеке бизнестің үстемдік етуімен және шетел инвесторлардың тікелей қатысуымен ұйымдастырушылық-шаруашылық құрылымдарды қалыптастыру. 
Осы тұрғыдан елімізде шетел экономистерінің озық тәжірибесін пайдалану арқылы ғана қателіктерді жібермеу мүмкіндігі бар. 

...