+4 дауыс
11.9k көрілді
Адамның ауызынан неге жағымсыз иіс шығады?
Жауап емес, тек білгеніммен бөлісейін: ауыздан иіс шығатынын білу үшін, білегіңіздегі тамыр соғатын жерді жалап, 30секундан кейін иіскеп көру керек. Алдамайды.
оз аузыннан ненин ииси шыгады

11 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
тістің шіруі, асқазанның ауруы, ішкі құрылыстың ауруы себебі..
+4 дауыс
Тісі шіріп, құрттап, кариес түскен болса. Немесе ішкі органдардың ақауынан. Дұрысы стоматологқа көрініп, кеңес алу керек.
оз органдарын нормально жасай ма?
+2 дауыс
Оның себептері көп: тіс жегісі (кариес), ауыз қуысының ауруы (стоматит), тілдің түбінде бактериялар болуы, асқазан аурулары, бауырдың аурулары және ең бастысы - ауыз гигиенасын сақтамау, тісті тіс пастасымен жумау, тістердің арасын тазаламау.
+1 дауыс
тіс шірігеннен сасымайд жумағаннан иіс шығады, қалған тамақтар тұрып иіс өзгереді. Ал ауыздан сасық иіс асқазанның дұрыс қызмет атқармауы, әлдебір кінәрат болуынан шығады.
+2 дауыс

Әдетте, басымызға осындай жағдай түсе қалса құтылудың оңай жолын  жолын іздейміз. Сағыз, кәмпит.. Жағымсыз  иістің «жауы» осылардай көрінеді. Қалтамыздан тастамауға тырысамыз. Сонымен мәселені шешіп тастаймыз ба, жоқ,әрине. Құтылу үшін денсаулығымызға үңілуіміз керек екен.

Медицина тілінде бұл ауруды  галитоз деп атайды және мұндай аурумен өмір бойы «қолтықтасып» жүруге болады дейді мамандар. Ауызыңыздан жағымсыз иістің шығатыны туралы айналаңыздағылар да айта бермейді, біртүрлі ыңғайсыз! Ал, дамның оның сезінуі қиындау.  Өйткені ауыз қуысы мұрынмен іштен шыққан барлық иісті  сүзгіден өткізетін жұмсақ бөлікпен жалғасып кеткен. Осылай өз иісіңіз өзіңізге қалыпты, табиғи, үйреншікті көрінеді де, галитоздың дамып жатқанын байқамай қаласыз. Бірақ бұған уайым жеудің қажеті жоқ, бәрінің алдын алуға болады. Ең бастысы  жағымсыз иістің шығатынына көз жеткізіңіз. Мұны мынадй жағдайларда тексеруге болады:

  • тіліңізді аузыңыздан барынша шығарыңыз да ұшын ұстап тұрып қағаз сүрткішпен тілдің тамаққа жақын бөлігін сүртіп алыңыз, 40-45 секундтан кейін исі сезіле бастайды;
  • Флосспен (арнайы тіске арналған жіп) жоғарғы және төменгі азу тістеріңіздің арасын тазалаңыз, бір минуттан кейін шыққан иіске баға беруге болады;
  • білегіңізді жалаңыз да бірер минеттан кейін иіскеп көріңіз.

Сонымен анықтау жұмыстарын жүргіздіңіз. Егер жағымсыз иіс байқалса ағзаңызда бір «кілтипанның» болғаны. Мұндай жағдайда сағыз, кәмпит, қымбаты арзаны бар спрей немесе ауыз шаятын заттардың ешқандай көмегі тимейді.Бұл ауру, онымен тек дәрігер «күресе» алады.

Алдымен тіс дәрігеріне барыңыз

Ауыздан шығатын жағымсыз иістің  90% ауыз қуысымен тікелей байланысты болады. Ақуызды тамақтың қалдықтарынан түзілетін бактериялар. Иісті тудыратын осылар. Олардың ұясы ауру тістер, иектегі іріңді қалташықтар.Мұндай жағдайда тіс дәрігерлері  ем-дом жүргізе алады, тісіңізді, иектеріңізді емдейді. Егер бактериялар тіс қаптамасына жайғасып алса, оны қайта қаптайды..Мұнан өзге қазір заманауи емдеу тәсілдері де бар.

Гастроэнтерологқа

Сіздің тістеріңіз сау, жақында ғана тексеруден өткенсіз, бірақ жағымсыз иіс қалмайды. Мұндай жағдайда ауыз қуысымен байланысты асқазан, ішек сияқты органдарды тексертуе тура келеді. Осы органдардың созылмалы кеселге шалдығуы іріңді кезеңдермен қозуы да ықтимал. Нәтижеде аузыңыздан жағымсыз иіс шығып тұрады.Егер асқазан болмаса ішегіңіз шаншып ауырса  немесе астан кейін ауырлық сезініп, ішіңіз желденетін болса, үлкен дәретіңіз бұзалса міндетті түрде дәрігерге көрініңіз.Толықтай тексеруден өту бәрін анықтап береді.

Оториноларингологқа

Жағымсыз иіс мұрын-тамақ қуысындағы көбіне іріңді қалталар тудыратын аурулармен байланысты болуы да мүмкін(тонзиллит фарингит, аденоидит, синусит , гайморит, этмоидит , фронтит).

Әдетіңізді өзгертіңіз

Мұның не қатысы бар деп таңқалмаңыз, көбіне ауыздан жағымсыз иістің шығуына  біздің темекі тарту, ішімдік іші сияқты жағымсыз әдеттеріміздің әсері болады. Ащы тағамдарға үйірсек болу пияз, сарымсақ жеуде жағымды иіс  шығара қоймайды. Бұл жағдайда сағыз шайнау арқылы иісті болдырмаймын деу де бекершілік, өйткені темекі шеккіштерден шығатын иіс ауыз қуысынан емес өкпеден шығады, шылымды әр сорған сайын түтін қан түйіршіктерімен бірге  қан арқылы өкпеге барып, деміңізді жағымсыз иіспен толтырады.Мұндай жағдайда жағымсыз иістен құтылудың ең тиімді жол темекімен біржолата қоштасу. Ал, пияз, сарымсақпен қоштасудың керегі жоқ олардың пайдасы зор. Сондықтан күндіз емес, кешкі аста жегеніңіз орынды болар.

Ауыз қуысының күтіміне көбірек маңыз бергеніңіз жөн:

Құрамында пероксиді бар тіс пастасын қолданыңыз  — онда кислород бөлетін қасиет бар, осылай бактериялардың көбеюіне жол бермейсіз;
Тамақтан кейін тіс тазалағанда жарнамасы ең күшті тістазалағыштың өзіне сенбеңіз, олар тістің арасын тазалай алмайды. Флоссты қолданыңыз!
Ауызды түрлі шөп тұнбалары, бальзамдармен шайып тұрыңыз. Азанда жасалған мұндай әрекет түнгі иісті кетірсе, кешке жасалғаны  тағамдық бактерялды қабатты жуып тастайды.

Халықтық ем

3 ас қасық қалампырды кешке термосқа салып үстіне 4 стакан ыстық су құйыңыз. Таңертең сүзгіден өткізіп 4-ке бөліп тамақ ішерден бір сағат бұрын қабылдаңыз. Қалампырдың құрамындағы эфир майларының  бактерицидтік әсері күшті және асқазандағы ашу процесінің алдын алады.

1/2 шәй қасық андыздың дәнін аузыңызға салып жақсылап шайнаңыз да біраз уақыт ұстап тұрыңыз және мұны күнделікті таңертең 1-10 күндей қайталаңыз. Андыздағы эфир майларының сергіткіш әсері мол және қауіпті бактерияларды өлтіреді.

3 ас қасық шайқурайды (зверобой) термосқа салып үстіне 3 стакан ыстық су құйыңыз. Таңертең сүзіп 2 стаканын  күні бойы ішіңіз, ал 1 стаканын ауыз шаюға пайдаланыңыз. Шайқурайдың бойындағы фланоидтар  асқазан-ішек жолдарының  жұмысын жақсартып, олардың толқымалы жиырылғыштық қасиетін арттырады.

+1 дауыс
Мына сұрақты өңдеңдершi сасық иiс сөзiнiң орнына, жағымсыз иiс дегенге. Оны тағы жарнама ретiнде қойып қойыпты
0 дауыс
Себебі адам тісін жумайды тіпті тіске мүлдем күтінбесе солай болады тісі кұртағанда кариес тісті жеп кояды сосын тістен қан шықса қан қанша дегенмен ауызда шіриді сосын тісіңде жағымсыз иіс шығады жауап түсінікті шығар!
+1 дауыс
себебі адам тісін жумайды тіске мүлдем күтінбесе солай юолады яғни ауыз сасып кетеді.
кушти гой аузын сасып журген,да самсам
хххааахххиии
да ауан күшті хихихи
+1 дауыс
адам таңертең тұрғанда тістерден сасық иіс шығады себебі неде десеніз адамда иттте сияқты сілекейлері бар сілекейлер лизоцим бактерицидті заты бар адам ұйықтаған кезде сілекейдің бөлінуіаз жүреді содан адамда бактерийдің көлемі артып ауыздан жаман иіс шығады немесе зат алмасу бауыр ауруларымен мысалға эрозия язва гастрит тб тіл аурулары стоматит  оны емдеу қиын емес тісті әрдайым жуу тілді де  сосын гвоздиканы шайнау көк шай мята бал кофені ішу тамақтан кейде сағыз шайнауға болады
+1 дауыс
Ауыз бекіткенде де жағымсыз иіс шығады. Миск қолданып көр.
0 дауыс
ешеккуысы дурыс болмаса немесе тиси курттаган исти жуып турган
...