0 дауыс
7.2k көрілді
Асқазандағы жағымсыз иісті қалай кетіруге болады. Үй жағдайында немесе қандай дәрі көмектеседі?

1 жауап

0 дауыс

Ауыздан шығатын жағымсыз иіс кез келгеннің ізіне түсуі мүмкін. Ал егер мұндай ыңғайсыз жағдайға тап болмаған болсаңыз, жолым болған екен дей беріңіз. Өйткені, мұндай ұсақ-түйектердің өзі жеке өміріңізге, араласатын ортаңызға, қызмет бабыңызға кері әсерін тигізеді. Тіс дәрігерінің көмегіне жүгіну – барлық уақытта галитоз атты жаудан құтылуға көмектесе бермейтіні тағы бар.

Не істейсіз? Жауыңызбен қалай күреспексіз?

Осы орайда, кәдеңізге жарап қалар деген мақсатта өз кеңестерімізді ұсынуды жөн көрдік.

Ең алдымен, жағымсыз иістің себептерін іздеп көрелік. Оның бірі – ауыз қуысына дұрыс күтім жасамау. Тісіңізді күн сайын әрі уақытылы тазалайтыныңызды айтып, ашулана бастаған боларсыз. Білесіз бе, мұнымыз жеткіліксіз екен. Микробтар мен бактериялар тілдің астында, тіс арасында, қызыл иекте қалып қояды. Сол жерде қалып қойған бактериялар біз ауызға салған тағамдармен қоректенеді де, күкіртті сутек секілді жағымсыз қалдықтарын шығарады. Осыдан кейін шыққан иісті өзіңіз елестете беріңіз...

Мұндай сасық иістің екінші бір себебі – асқазан-ішек жолдарының дұрыс жұмыс істемеуінен. Айдақ-сайдақ шайналған тағамдар (котлеттер, нан, торттар) көп уақыт өтпей-ақ өзін танытады. Арамызда ауыз бен асқазанның не қатысы бар деушілер табылуы да мүмкін. Алайда, бұл екеуінің тығыз байланысы бар екендігі ғылымда анық дәлелденген.

Себебін анықтап алған болсаңыз, жауыңызға тойтарыс беруге тырысып көрелік.

Тісіңізді аса ұқыптылықпен тазалап болған соң, жақсылап шайыңыз. Тістің арасын тазалау үшін арнайы жіптерді пайдаланыңыз. Тіліңізді міндетті түрде тазалауыңыз керек, ол үшін арнайы щетканы немесе қасықты қолданыңыз. Дәке оралған таза саусақ та жарайды. Тіліңізден шыққан бактерияны көргенде өзіңіз де таң қалатын боласыз.

Ауызды шаю үшін өсімдік майын пайдалануға да болады. Май ауыздағы барлық лас нәрселерді шығарады екен. 15 миуттай шайған соң, жұтып қоймауға барынша тырысып, түкіріп тастаңыз. Мұндай әдісті күніне екі рет жасауға болады.

Тәжірибиеден өткен тағы бір әдіс: ауыз бен тамақты сутек асқын тотығымен шаю. Үш пайызды сутек ертіндісін аласыз да, қарапйым сумен бірдей мөлшерде араластырасыз. Содан кейін ,қалағаныңызша ауызды шаясыз. Көпіріктер шығып, ауыз қуысының біраз ашуы мүмкін, алайда, бірнеше апта өткен соң, ауыздағы иістен ештеңе қалмайтын болады.

Ауызды ащы жалбызбен, тминмен, жусанмен шаюға да болады. Ол үшін 1-2 қасық шөпке бір стақан қайнаған су құйып, аз уақыт бұқтырып қоясыз. Дайын болған соң, күніне 4-6 реттен қолдануға болады. Сондай-ақ көпті көрген апаларымыз алманы көп жеуге кеңес береді. Алма ауызды ғана емес, асқазанды да тазартатын көрінеді.

...