0 дауыс
3.3k көрілді
«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асыру?

1 жауап

0 дауыс

Өткен жылы денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының қабылданғаны белгілі. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты — азаматтардың денсаулығын жақсарту және денсаулық сақтау саласындағы жұмыстардың тиімділігін арттыру. Қазіргі таңда елімізде аталған жобаны жүзеге асыру үшін түрлі жұмыстар атқарылып келеді.

Олар — азаматтардың денсаулық сақтау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылдар тиімділігін арттыру, азаматтардың денсаулығын одан әрі нығайту  және негізгі әлеуметтік-елеулі аурулардың деңгейін төмендету, санитариялық-эпидемиологиялық қызметті жетілдіру, бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінде медициналық көмекті ұйымдастыруды, басқаруды және қаржыландыруды жетілдіру, медициналық, фармацевтикалық білімді жетілдіру, медицинада инновациялық технологияларды дамыту және енгізу, сондай-ақ дәрілік заттардың халық үшін қолжетімділігін  және сапасын арттыру да осы жоба аясында атқарылатын негізгі бағыттардың бірі.

Бағдарламаны жүзеге асыру тек қана денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне жүктелген міндет емес, барлық тиісті орындар атсалысуы керек. Бағдарлама аясында салауатты өмір салтын қалыптастыру және әлеуметтік аурулар деңгейін төмендету, дұрыс тамақтану, жасөспірімдер мен мектеп оқушыларының денсаулығы, төтенше жағдайлар кезінде шұғыл медициналық құтқару қызметін жолға қою секілді өзге де мәселелер қамтылады. Қазіргі күні аймақта осы бағыттағы жұмыстарға баса назар аударылуда.  Әсіресе, соңғы жылдары жиі кездесетін инфаркт, инсульт, қант диабеті, туберкулез ауруларының  алдын алу шаралары күшейтілді. Ана мен бала денсаулығы да  басты назарда. Сондай-ақ аса қауіпті инфекциялық аурулардан сақтандыру мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр.

Жас ұрпақты есірткі, ішімдік, темекі сияқты зиянды әдеттерден сақтандыру бүгінде өзекті мәселеге айналып отыр. Күнделікті өмірде орын алып жүрген үлкенді-кішілі қылмыстардың дені осы ішімдік пен есірткінің салдарынан болатынын біз жақсы білеміз. Ұл-қыз тәрбиелеп отырған ата-ана ұрпағым жаман болсын демейді. Дегенмен, соны түсінбей, ата-анасының тапқан-таянғанын шашып, айығуы қиын дертке ұшырап жатқан жастарымыз бар.

Қазіргі таңда жиі кездесетін аурудың  бірі — семіздік. Семіз адамдардың қалыпты адамдармен салыстырғанда 10-15 жылдай аз өмір сүретіні дәлелденген. Елбасы биылғы халыққа арнаған Жолдауында бұл мәселенің өмірлік маңызын тағы да көрсетіп берді. Салауатты өмір салтын насихаттап, дене тәрбиесімен айналысуға, дұрыс тамақтануға, есірткіден, темекіден, алкогольді ішімдіктерден аулақ болуға тиіспіз. Сау кезімізде денсаулықтың бағасы мен қадірін елемейтініміз өкінішті. «Ауру батпандап кіріп, мысқалдап шығады».  

...