+1 дауыс
4.0k көрілді
АИТВ (СПИД) жұқпасының алдын алу?

1 жауап

0 дауыс

Бүгінгі таңда АИТВ жұқпасы дүние жүзінде  соның ішінде Қазақстанда да өзекті мәселелердің қатарында болып отыр.

Қазақстанда АИТВ/ЖИТС эпидемиясымен күресу халық денсаулығын қорғаудың басым сипаттағы бағыттарының бірі болып табылады. ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексі бекітілді, онда АИТВ-инфекциясы және ЖИТС-ң алдын алу және емдеу мәселелері қосылған.

Инфекцияның таралуын тоқтататын нәтижелі дәрілік құралдар мен вакцина таппағанша ЖИТС-тен қорғанудың ең тиімді тәсілі ол – адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырмау. АИТВ жұғу жолдары өте жақсы зерттелген және біздің негізгі мақсатымыз – жаңа жұқтыруларды болдырмау, алдын алу болып табылады.

АИТВ-инфекциясы эпидемиясымен және оның зардатарымен күресуге бағытталған қызметтің негізгі бағыттарын баса көрсету керек:

1. Қауіпсіз жыныстық мінез-құлықты үйрету, жыныстық жолмен таралатын басқа да ауруларды емдеу, осы ауруларды саналы емдеуге бағытталған мінез-құлыққа үйрету сияқты элементтері қосылған АИТВ-ң жыныстық таралуын ескерту;
2. Қаннан дайындалған препараттардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қадағалау арқылы АИТВ-ң қан арқылы таралуының алдын алу.
3. АИТВ-инфекциясының босанғанға дейінгі таралуын ескерту, әйелдерге, АИТВ жұқтырған науқастарға кеңес беру;
4. АИТВ-инфекциясымен науқастанғандарға медициналық көмек және әлеуметтік қолдауды ұйымдастыру;

Ерекше бағыт – қанға жіберілетін есірткіні қолданушылар арасында алдын алу жұмыстарын жүргізуге бағытталған. АИТВ-инфекциясын жұқтырған нашақорларды нашақорлықтан құтқарудан гөрі оларды ескерту оңай, қан арқылы есірткіні енгізу кезінде жұқтырудың алдын алу әдістерін түсіндіру керек. Осылайша, Астанада қанға енгізілетін есірткіні қолданушылар үшін пайдаланылған шприцтерді айырбастау бағдарламасы жұмыс істейді.

Қаланың емдеу-профилактикалық ұйымдары қан арқылы АИТВ-ң таралуының алдын алу бойынша қан, ұрық сұйығы, органдар донорларын тексереді. Сондай-ақ АИТВ-ға жүкті әйелдер де тексеруден өтеді. Жыныстық жолдармен таралатын аурулармен сырқаттанған науқастар, гомосексуалисттер, нашақорлар, коммерциялық жыныстық қатынасқа түсетін қызметкерлер негізінен эпидемиологиялық қадағалау мақсатында тексеріледі.

Жастар арасында жұқтыру жағдайлары ерекше назарды қажет етеді. Жасөспірімдер ортасында АИТВ-инфекциясының таралуына себепші болатын қанға енгізілетін есірткіні қолданатын нашақорлық және қауіпті жыныстық қатынастар, қауіпті сексуалдық тәжірибелер, жыныстық жолмен таралатын аурулар пайда болғанда медициналық көмекті елемеу сияқты жағдайларымен түсіндірілетін факторлар әсер етеді. Жастар жыныстық жолмен таралатын классикалық инфекциялар, олардың көрінуі және  оның салдары туралы өте аз біледі. Жастардың хабардар болуы саласындағы жағдайлардың анализі олардың АИТВ/ЖИТС мәселелері және оның алдын алу туралы тиісті білімнің жоқ екенін көрсетеді. Осылайша, АИТВ/ЖИТС мәселелері туралы жастардың білімі төмен болып қалуда, ол жастарға мінез-құлықты түсініп таңдауға мүкіндік бермейді.

Қызылорда облысында мамандандырылған медициналық және әлеуметтік көмекті Қызылорда қаласында Шукуров көшесі №7 мекен жайы бойынша орналасқан ЖИТС орталығы және Қазалы және Шиелі аудандарындағы филиалдар бойынша  көрсетеді.
Кеңес алу үшін Сіздер «ЖИТС-тің алдын алу және күресу орталығы» 8 (7242) 23-94-54 телефоны, 8 (72438) 23-5-00 немесе республикалық тегін 8-800-080-54-54 телефоны бойынша хабарласа аласыздар

Ұқсас сұрақтар

...