0 дауыс
3.8k көрілді
Бронхиттен қалай сақтануға болады?

2 жауап

0 дауыс

Қазіргі таңда бронхитпен сырқаттанғандардың саны күннен күнге көбейіп барады. Себебі жоғарғытыныс алу жолдарының  ауруларынан дұрыс емделмесе, оның соңы бронхитке әкеледі. Сондықтан уақытында дұрыс емделіп, ауруды асқындырып алмау ғана кез келген кісіге пайдасын тигізері анық. Сондықтан адамдар өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап ауырмаудың жолын ізденіп орындаған жөн.

Адам ағзасында тыныс алу жолдарының түрлі аурулары болады. Солардың қатарына қолқа мен өкпе жатады. Бұлардың негізгі ауруларына бронхит, өкпенің қабынуы, демікпе және туберкулез жатады. Бронхит - тыныс жолдары мен қолқаның қабынуынан болатын ауру. Соның ішінде жедел бронхит кезінде бронхиалды секреция ұлғайып, шырышты қабықты тітіркендіреді және қабындырады. Осының салдарынан қақырықтың бөлінуіне және жөтелуге, ал ұсақ бронхылар зақымданғанда, ентікпеге әкеп соқтыратыны рас. Бронхит - бронхы кілегей қабығының қабынуынан болады. Оның жедел және созылмалы түрі бар. Бронхиттың қоздырғышы микробтар мен вирустар. Онымен ауырған адамның қақырығында пневмокок, стрептококк, т.б. микроағзалар болады. Олар сау адам ағзасына тыныс жолдары арқылы ауамен еніп, зақымдайды. Көбінесе бронхит тұмау, көкжөтел, қызылша, т.б. аурулардың салдарынан пайда болып, асқынса, оған суық ауа райының да әсері болады. Ауа райының салқын және құбылмалылығы, ауа қысымының жоғарылауы, сонымен қатар ылғалдылығы денсаулығы нашар адамдарға әсеріболып, ауруға шалдықтырады.
Мұндай жағдай көбінесе көктем мен жазда күшейеді. Бронхиттің жедел түрінде адам тез тоңып, жиі есінейді және басы ауырып, дауысы қарлығады, кеңірдегі жыбырлап, әуелі құрғақ, кейін аздаған қақырық араласқан жиі жөтел пайда болады. Жөтелдің жиі және үздіксіз болуына байланысты кеудеде шаршайды. Дене қызуы көп жағдайда қалыпты болғанымен, адам организмінде әлсіздік байқалады. Бұл жағдайда сырқатты мезгілінде емделмесе, ауру асқынып, қабыну процесі бронхиолдар мен өкпе жасушаларына жайылып, дене қызуы көтеріледі. Сонымен қатар, тыныс алу жиілеп, ауру күшейеді. Дер кезінде емделмеген бронхит өкпенің домбығуына шалдықтырады. Жедел бронхитпен ауырғандар дәрігерге көрініп, емделсе, науқас 1-3 аптада толықтай айығып кетеді. Ал жас балалар мен қарт адамдарда бронхиттің жедел түрі өте ауыр өтеді. Сондықтан науқастың тез ем қабылдап, дәрігерге көрініп, ақыл-кеңес алғаны тиімді. Ал оны елемей жүргенде, ауру созылмалы түрге айналып кетуі әбден ықтимал. Созылмалы бронхитпен ауырған адамдар үнемі жөтеледі. Жөтел көбінесе таңертең пайда болып, құрғақ немесе сарғыш-жасыл түсті қақырық түседі. Жөтел күшейген сайын өкпені ауа кернеп, оның пішіні өзгеріп, созылады. Ол күшейген сайын кеуде шаншып ауырады. Ауру көп жағдайда - ұзақ уақыт шаң-тозаң мен улы газ жұтқаннан және темекі тартқаннан, созылмалы өкпе ауруларына жол ашса, өкпеге әсер етуінен болады.
Бұл аурудың дамуына сонымен қатар суық тию, салқын ауа жұту, сондай-ақ қатты шаршаудың салдары, дененің және жүйкенің зорығуы да ерекше әсер етеді. Егерде ауру адамның денесі қызып, бронхиттің алғашқы белгілері білінген жағдайда науқасты төсекке жатқызып, емдеген жөн. Онда біріншіден, бөлменің ауасын тазартып алған дұрыс. Дәрігердің кеңесі бойынша, антибиотиктер, қақырықты жібітетін және жүрек пен қан айналысы мен жүйесінің жұмысын жақсартатын дәрі-дәрмектерді ішкен пайдалы. Бронхитпен ауырған адам көп жағдайда үнемі жөтеледі, кейде құрғақ, кейде сарғыш-жасыл түсті қақырық түкіреді. Жөтелдің жиілігіне байланысты кеуде шаншумен бірге дене қызуы көтеріліп, адам әлсірейді. Науқас жатып емделгенде ғана тез айығады. Науқас жатқан бөлменің ауасы құрғақ әрі таза және жылы болуы қажет. Қыста бөлмені желдетер алдында науқас адамды көрпемен қымтап жауып, арқасын терезеге қаратып жатқызған дұрыс. Өйткені терезеден соққан салқын ауадан жөтел, ентігу қозып кетуі мүмкін. Ауырған адам терлеп тұрғанда ұры желден сақтанған абзал. Бөлмедегі ауа мөлшерден тыс құрғақ болмауы үшін жылу келетін жерге ыдыспен су, ал жылыту радиаторының үстіне ылғалданған шүберек жауып қойған оңды. Дәрігерлердің нұсқауымен науқастың арқасына банкі, кеудесіне қыша қағазын қойып та емдейді. Антибиотиктер, қақырықты түсіретін дәрі-дәрмек ішуді ұмытпаған жөн. Науқасқа физиотерапевтік және емдік гимнастика жүргізіп те емдейді. Созылмалы бронхитты емдеудің нәтижелі болуы, дәрігерге уақытында қаралып, дұрыс күтім алуға байланысты. Науқас С дәруменіне және белокқа бай күшті тағамдармен тамақтанып, күтінсе, тез айығады. Ащы және тәтті тағамдарды, түрлі соустарды пайдаланбаған жөн. Бронхиттің негізгі белгісі - жөтел (құрғақ немесе қақырықты жөтел), кейде ентігу (созылмалы бронхитте) дененің қызуы 37-38 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. Науқас әлсіреп, дел-сал күйге түседі. Ал бронхиттің ұстама түрінде науқас адам жатып емделуі керек. Ол үшін науқас дұрыс тамақтанып, әсіресе, сұйықты (таңқурай, қарақат қайнатпасын немесе бал қосылған шай, сүтке сода не жартылай минералды су қосып) көбірек ішу тез сауығуына көмектеседі. Науқас адам өте қатты жөтелген­де немесе ентіккенде оны орындыққа, не керуетке отырғызып, арқасына жастық қойса, кеуденің қысылмауына, организмдегі әлсіздікті азайтып, ауру жөтелгенде қиналмайды. Бұл сырқаттан сақтанудың бірнеше жолы бар: ол үшін дені сау адам күнде таңертең дене шынықтырумен тұрақты айналысып, жаттығулар жасаумен қатар, салқын сумен кеудені ысқылап, жуынған пайдалы. Күнделікті жеке бас гигиенасын сақтап, тұратын орнын таза ұстағаны жөн. Темекі тартатындармен бірге болмауы қажет.

0 дауыс
Сақтанудың жолы жылы және таза жүру керек.

) Шаңнан аулақ болу керек. Темекі түтіндерінен аулақ болу керек.

) Шұбат және қымыз жалпы айтқанда сүтті сусындар.

) 1 Лимон суын кесеге және екі қасық ара балын (мед) бірге араластырып ішкені жөн. Лимонмен күнде жағып тұрсаңда болады, тамағыңа және екі кеудеңе.

) Бу, тұман деген жерлерден аулақ жүр. Дәріханаларда Амбробене деген сироптар бар соларды ішуге болады.

P.S

Бронхит тез жазылмайды, әр кімге әр түрлі. Егер уақытында ішіп тұрсаң үш,төрт күнде кетуі тиіс немесе одан ерте кетуі тиіс. Барлығы жақсы болып кетсе, дәрігерге барып РЕНТГЕНГЕ түсу маңызды, себебі бронхиттен туберкулезға айналуы мүмкіншілік туады.

Аман есен сақтанып, жазылып жүріңіздер, бұның бәрі бастан өткен нәрсе.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
2 жауап
0 дауыс
2 жауап
...