0 дауыс
1.7k көрілді
Өздерің ата салтын қалай сақтап жүрсіңдер?

1 жауап

0 дауыс
Негізі ырымды ұстануды әйелдерден бастау керек

Ырымдар -жеке адамның немесе қауымның жору, болжау арқылы орындауға тиісті ережелері. Бұлар ғасырлар бойы қалыптасқан.

Аяғы ауыр әйел керілген жіптен аттап өтуіне болмайды: ырым бойынша, босанған кезде оның сәбиінің кіндігі мойнына оралып, тұншығып қалады.

Аяғы ауыр әйел қолына ара, қайшы (өткір заттар) ұстауына болмайды. Ырым бойынша, мезгілінен бұрын босанып қалуы мүмкін.
Аяғы ауыр әйелдің қоян етін жемегені дұрыс, әйтпесе «баласы кем болып (қоян жырық) тууы» мүмкін.

Екіқабат әйел түйенің етінен-де дәм татпағаны дұрыс, себебі «баланы құрсағында 12 ай бойы көтеріп жүруі мүмкін». Егер белгіленген уақытта әйел босанбаса, еркек түйенің (бура) мойнын, ақ матамен орап, аяғы ауыр әйелді түйенің үстінен аттатады.
Түсік тастамау үшін екіқабат әйелдің киімінің етегін бүріп қояды. Толғақ қысып жатқан әйелдің алдынан барлық сандықтардың қақпағын ашып қояды, олардың ішіндегілер сол әйелге тиесілі болады. Ырым бойынша, сонда толғақ та жеңіл өтіп, оңай босанады.
Жаңа босанған әйел үйге кіріп кеткен иттерді қуып шығуына болмайды, жас ананың тістері түсіп қалуы мүмкін.

Бала емізетін ананың омырауы немесе сауылатын үй жануарларының желіні ісіп кетсе, ырым бойынша өлікті жууға пайдаланылған қолғаппен сүртуді ұсынады.
Мұсылмандар үшін қасиетті күн -жұмада кір жуу үлкен күнә.
Діни мерекелер кезінде-де (айт, құрбан, т.б.) кір жумау керек -бұл қасиетті күндерді мазақ ету деп саналады.

http://e-history.kz/kz/publications/view/760
...