0 дауыс
5.8k көрілді

Үйіңізде байлықты тартатын орталықты қалай қүруға болады? Доллар гүл асырап жатады. Шынымен де байлық тартады ма?

1 жауап

+1 дауыс

Фэн-Шуй жүйесіне сәйкес, өзіңіздің қаржы жағдайыңыз тұрақты және мықты болуы үшін осы сезінуді үй жағдайында қалыптастыру керек.

Қонақ бөлме - бұл пәтердің орталығы, онда отбасының бар мүшесі жиналады, сондықтан да қаржылық табысты тұрақтандыру үшін ең жақсы бөлме. Сізге көп ақша келуі үшін қонақ бөлме жарық та, қолайлы, ыңғайлы болуға тиіс, ал оның оңтүстік-шығыс жағы - назарды өзіне тартады және дәулеттілікті үйге әкеледі.

Ауқаттылық үшін нақ сол оңтүстік-шығыс жақ жауап береді. Қаржы мәселесінде табыс болуы үшін осы қонақ бөлменің оңтүстік-шығыс бөлігін әр түрлі нәрселермен толтырып тастауға, немесе бос қоюға болмайды. Ол жаққа орталықты аударып, сол жерге теледидарды немесе музыка орталығын қою қажет. Егер ондай жасау мүмкіндігіңіз болмаса, онда кірер есіктен қиғаш жағына немесе солтүстік бөлігіне (ол жер қызмет өсуіне жауап береді) орталық ұйымдастыруға болады.

Жиһазды «байлық орталығының» айналасына топтастырған жөн, сонда да оны тек қана сегізбұрыш түрінде қоюға болады, ешбір жағдайда L түрінде қоюға жарамайды. Бөлменің орталық бөлігін ашық қалдыруға тырысыңыз. Онда шағын дөңгелек, сопақ немесе бұрыштары шеңбер стол қойып, теледидар көріп, шәй ішуге болатындай ғана жасаңыз. Ал сол шағын стол үстіне тірі гүлдер (қурамаған, жапырақтары қайырылмаған, гүлдері бүріспеген) бар ваза қойсаңыз, тіпті жақсы. Ал бұл гүлдердің түсі сары болғаны немесе апельсин, мандарин немесе грейфрут салынған ыдыс қойсаңыз да бола береді. Гүлдер мен жемістер дәулеттілік пен өркен жайып бара жатқаныңыздың белгісін білдіреді.

Диванның, креслоның және орындықтардың арқасын қабырғаға қаратып қойыңыз, ешқашан да арқаңызды терезеге немесе есікке қаратып отырмаңыз. Егер орындықтың кейбірі арқасын терезеге беретін болса, онда сол жердегі терезе алдына өсетін гүлді қойып, аралықты жабыңыз.

Қонақ бөлменің бұрыштарын әр нәрсеге толтырмаңыз немесе бос қоймаңыз, әйтпесе сонда қуаттар шоғырлана тұрып қалып, сіздің ашқаңыздың айналымына да тоқыраушылық әсер береді. Ол жерге өсімдік, қабырға шамын, балауыз шам, ағаштан жасалган сағатты немесе басқа да бұйымдарды қойсаңыз болады.

Қонақ бөлмеңіздің тым жиһазбен ығы-жығы болмауын қадағалаңыз, әсіресе қажетсіз әшекейлермен, басқа да заттармен әсемдеуден аулақ болыңыз. Қуаттар бөлме ішінде еркін қозғалып, барлық бұрыштарға бара алатындай болуы керек.

Міне, осы ақыл-кеңестерімізді жүзеге асырсаңыз, сіздің үйіңізге ақша мол келіп, дәулетіңіз арта беретін болады. Сіздерге мол байлық және қуанышты күндер тілейміз».

...