+1 дауыс
10.7k көрілді

Семіздік, семірмеудің алдын алу, семірмеу жолдары бар?

6 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Семіздіктің себептері, зияны

Оның басты үш себебі бар. Біріншісі – үнемі артық тамақтану, мешкейлік. Екіншісі ата-әжесінің, әке-шешесінің немесе нағашысының біреуі толық болса, олардың ұрпағы да семіздікке бейім тұратын тұқым қуалаушылық. Үшіншісі – ішкі секреция бездерінің, әсіресе гипофиздің, қалқанша без бен
жыныс бездері қызметінің бұ-зылуы салдарынан зат алмасу процестерінің интенсивтілігі күрт төмендеген жағдайда басталатын семіру. Демек, семіру – зат алмасу дұрыс жүрмегендегі ауыр зардаптарға соқтыратын ықтимал ауру.

Ғалымдардың айтуынша, адамның миындағы гипотала-мус деген без семіздікке тікелей қатысты. Ол жоғарғы ми жүйесінің жұмысын бағыттап тұрады. Сонымен қатар, бездің жұмысына серотонин, дофамин және «бақыт гармондары» деп аталатын эндофин тәрізді заттардың да қатысы зор. Дәмді тағам жемей-ақ оны көргенде-гі қуану адамның миындағы рақаттану орталықтарының жұмысын жоғарыдағы заттар қамтамасыз етіп отырады. Әр адамдағы осы бездің жұмысы семіздерде ерекше белсенді. Содан олар тойғанын білмейді, үнемі тамақ ішкісі келіп тұрады. Қазір арзан әрі калориясы көп нан-жарма, кондитер өнімдері көп. Оны үнемі қолдану се-міртіп жібереді.


Семіздіктің алдын алу

Адам өзінің дене салмағы қалыпты жағдайдан 3-4 келі өсісімен-ақ, толысудың алдын алуға тиісті. Ол кейін емделгеннен әлдеқайда тиімді. Сол себепті, салмақ өсіп бара жатқанында жеңіл тамақтануға көшкен немесе белсенді әре-кет жасау арқылы денеден шығатын қуаттың мөлшерін арт-тырған жөн. Және де тағамның қуатын май мен көмірсуының есебінен азайту, белоктар тағамның алмастыруға болмайтын бөлігі болғандықтан оларды азайтпау қажет. Артық салмақ қосуды қаламайтын адам
ет, сүт өнімдерін, малдың майын, тәттілерді, нан, ботқа, картопты көп қолданбайды, тәбетті арттыратын дәмдеуіш-тер мен ащы нәрселерді шек-тейді, тұзды өте аз мөлшерде пайдаланады. Осы орайда тұздың тәнде су жинайтыны ес-теріңізде болсын.

Сонда қандай тағам жеген дұрыс. Оған тамақтану инсти-тутының мамандары мынандай кеңес айтады: қара нан әйтпесе ірі тартылған ұннан жасалған тоқаш жеген, майсыз етті, ба-лықты, майы алынған қатықты, сүтті, көкөністердің барлық түрін қолданған дұрыс. Академик А.Покровский семіз адамдар үшін тамақтану тәртібін жасаудың жалпы шарттары жө-нінде былай дейді:

«Рационның энергетикалық құндылығын шұғыл шектеу керек, бірақ ағзаның белок, алмастырылмайтын көп жақты қанықтырылған майлы қыш-қылдар, дәрумендер мен минералды заттар жөніндегі қажеттері толық қамтамасыз еті-луге тиіс;

Дәрігерлердің кеңесі бойын-ша денеге түсетін салмақты мөлшерлеп көбейту есебінен ағзаның энергия жұмсауын мүмкіндігінше көбейту керек;

Тамақты аз-аздап ішуді қам-тамасыз ететін тамақтану тәр-тібін қатаң сақтау қажет».

0 дауыс

семіздік, арықтау

Семiздік немесе артық салмақтық деп ағзада майдың жиналуынан, шектен тыс салмақтың артуын айтады. Май ағзадағы май деполарында жиналады, солардың ішінде тері асты май клетчаткаларында және ішкі мүшелердің айналасына жиналады.

Семіздіктің жоғарғы және төменгі түрлері болып бөлінеді. Жоғары түрі ер адамдарға тән, олар да көбіне іштері және одан жоғары аймақтардың семіздігі болады. Семіздіктің төменгі түріне жамбас және балтырдың семіздігін айтады және бұл түрі әйел адамдарда болады.

Семiздіктің жалпы денсаулыққа деген кері әсері өте көп. Оған қоса, артық салмағы бар адамдар қоғамдастары арасында дискриминацияға ұшырап, ауыр психикалық қазаға ұшырап, қиындықтарға душар болады. Өйткенi қазіргі қоғам сымбаттылық пен арықтықты бағалайды. Бұл жағдай әсiресе әйелдер мен жасөспiрiмдерге қатысты және бірінші орында осылар қоғамда қиыншылықтарға кезігеді.

Семiрудiң себеп салдарына тұқым қуалаушылық, эндокринды аурулар, аз қимылдау және тамақ құрамындағы майдың шамадан тыс көп болуы, мидың нақты бөлшегінiң жарақаттануы, кейбiр психикалық ауытқулар жатады.

Семiрудiң бірінші кезеңі дене салмағы үнемі өсіп тұратын үдемелі, және екіншісі артық салмақ болса да, ары қарай үлкеймейтін тұрақты кезең. Ал дәрежесіне қарай I дәрежелі семіздік, дененiң нақты салмағы идеал массадан 29%-ға дейін асады. II дәрежелі семіздікте дененің нақты салмағы идеал массадан 30-40%-ға дейін асады. III дәрежелі семіздікте дененің салмағы идел массадан 50-99% пайызға дейін асады. IV дәрежелі семіздікте айырмашылық 100%-дан жоғары. Семіздік әрқашан ағзаның жұмысын тежейді. Солардың ішінде жүрек жұмысы ауырлайды, қан айналымы бұзылады, демікпе пайда болып, адам тез шаршайды, инфекциялардан қорғанысы әлсірейді.

 

Артық салмақты өз бетіңізбен толық емдей алмайсыз, алдын ала дәрігермен кеңескен дұрыс. Егер семіздік басқа бір аурудың салдары болатын болса мұндай жағдайда сол себепші ауруды бірінші емдеу керек. Семіздікті дәрі-дәрмексіз емдеу үшін калориясы төмен азыққа негізделген тағаммен тамақтанып, жүйелі дене жаттығуларын күнделікті орындау.

Барлық диеталар келесі талаптарға сай болу қажет: калорияның айқын тапшылығын қалыптастыра отырып, денсаулыққа зиянын тигізбеу үшін тиімді және үйлестірілген тағам пайдалану. Бірде-бір дәрігер өте аз уақыт ішінде салмақ тастауға көмектесетін диетаны құптамайды. Семіздіктен біртіндеп арылу қажет.   

Семіздіктен арылудың дәрі-дәрмекті тәсілдеріне дәрігер тәбет қашыратын және құнарлы заттардың сіңірілуін азайтатын немесе гормоналды жағдайыңызды қалыпқа келтіретін препараттарды жазып беруі мүмкін.

Ал хирургиялық тәсілдердің қатарына липосакция, яғни тері астынан артық майды алу, асқазан көлемін кішірейту үшін кигізілетін арнайы сақиналарды асқазанға орнату операциясы және абдоминопластика – салбырап қалған немесе тым үлкен қарынды жоятын ота.

ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН!

Дәрігерлер аяғы ауыр әйелдер мен кішкентай балаларға арықтауға рұқсат бермейді. Әдетте балалар дене қимылының аздығынан семіреді. Дұрысы, томпақ балақайдың бойы салмағын «қуып жеткенше» бір қалыпта ұстауға тырысу керек. Семіздік – медициналық мәселе. Сондықтан, толық адамды оның дене бітімі үшін кемсітуге болмайды.

Семіздікті болдырмау үшін салауатты өмір салтын ұстану, күнделікті спортпен шұғылдану, көкөніс пен жемістерді көбірек жеу, артық салмақ қосқаныңызды байқаған сәттен бастап, спорт және қауіпсіз диетаның көмегімен арықтауға тырысу керек. Егер әсері болмай, артық салмақ шектен тыс асып баратын болса міндетті түрде ерте сәттен дәрігерге қаралуыңыз қажет. 

0 дауыс
Спортпен тұрақты түрде айналысып тұрса, семірмеуге болады..
0 дауыс
Спортпен шугылдан,ораза не диета устауына болад
0 дауыс
Ұрығыңа да баиланыстты
0 дауыс
Көп қимылдап, күнделікті жейтін асыңызды қадағалауға тырысыңыз. Көбірек жемістер пен көкөністер жеу керек. Жеңіл, тез дайындалатын тағамдардан аулақ болыңыз. Ағзаны сұйық тағамдарға, суға, сұйықтыққа үйрету қажет. Бос уақытыңыз болса спортпен немесе бимен айналыссада көп көмегін тигізеді

Ұқсас сұрақтар

...