+6 дауыс
2.1k көрілді

Күн өткен сайын, ноутбугымдағы маңызды құжаттар көбейіп келеді. Қандай-да бір келеңсіз жағдайлар болған кезде, ол құжаттарымды сақтап қалатындай шаралар жасағым келеді. Күнделікті көшіріп жүретін уақытым жоқ, оның үстіне ақпарат көлемі үлкен және олар күнделікті өзгеріп, жаңарып отырады. Соны автоматты түрде синхрондайтын қандай варианттар бар? Мейлінше, өзіңіз қолданып жүрген тәсілді жазуды сұраймын. Рақмет.

6 жауап

+5 дауыс
Автоматты синхрондайтын тәсілді білмедім, Өзім Google Drive-ты қолданам, қазір Майыл рудың да бұлты жақсы дейді
майл.рудың бұлты өзінде сақталған файлдардың авторлық құқығын иемденеді деп естідім, содан кейін жоламайм
+3 дауыс
Яндекс.Диск программасын орнатып ал да, құжаттарыңды сонда сақтап қой. 70 гигабайтқа дейін тегін. Сұраған адамға ссылкасын бере саласың. Ондай облачное хранение қазір Майл.ру порталында да бар. Онда 115 гигабайтқа дейін тегін сақтауға болады. Бірақ, Яндекс.Диск сенімдірек.
Рақмет. Яндекс.Дисктен 100 гб 1 жылға арендаға алдым, қажеттілігіме жарайды деген ойдамын. 1 жылға 100 гб бар болғаны  7 500 теңгедей шыөты-ау деймін, комиссия сияқты төлемдерімен қосқанда.
автоматты синхрондайды ма?
Автоматты синхрондайды деп жазып қойыпты. Менің компымдағы маңызды деген екі жүз гб құжатты әлі синхрондап бітпей жатыр күні бойы. Алдағы уақытта көре жатармыз не болатынын. :)
+4 дауыс

Комп, ноуттағы барлық файлдарды орналасқан строкасына қарамай автоматты түрде бұлтты қоймаларға  синхрондап отыратын сервистердің бар-жоғын білмедім. Бірақ, қазір көптеген бұлтты қоймалардың қосымшалары бар. Соларды орнатқаннан кейін пайда болатын бумаларға сақтап отырса, автоматты түрде "ауаға" сақталып отырады. 

Өзім onedrive-ті, googledrive-ті және атақты Ким Доткомның  Mega-сын (тегін 50 гб береді) қолданамын. Dropbox-тың тегін 2 гб ғана беретіні ұнамады. 

+2 дауыс
Dropbox-ты да қарап көрсең болады
0 дауыс
DropBox колдануга совет беремын :D
0 дауыс
Dropbox жақсы, бірақ Эдвард Сноуден ондағы барлық құжаттарды Американың шпион, FBI қарайды деп айтқан.  Қазір еш құпия заттарды интернетке салуға кеңес бермеймін, тіпті компьютердегі заттар бізге көрінбей-ақ автоматты түрде синхрондалады. ҰҚК қызметтері де тыншылық жасауы мүмкін.
...