+2 дауыс
4.0k көрілді
Адамның жадын/память/қалай жақсартуға болады.

5 жауап

+1 дауыс
Грек жаңғағын же
құп болады Елтай Ахметов
+1 дауыс
Жаңғақтар: грек жаңғағы, арахис, кешью, фисташки, пісте (шемішке) және балық тағамдары адам жадысының сергек жұмыс істеуіне көмектеседі. Ең тәтті вариант - Сниккерс ))
+1 дауыс
Барлығын есте сақтағыңыз келсе...

Есте сақтау қабілетімізді қалай жақсартамыз? Есте сақтау қабілетін жаттықтырудың бірнеше ережесі бар. Ол ережелер аса қиын емес, бірақ күнделікті қайталанып орындалуы тиіс.

1. Егер солақай болмасаңыз, тісіңізді сол қолыңызбен тазалаңыз. Осылайша миыңыздың екінші бөлігі жақсы жұмыс істейтін болады. Немесе керісінше...

2. Дүкеннен сатып алатын затты есте сақтауға жаттығыңыз. Әйтпесе жақын уақытта дүкенге бару мүмкіндігінен айырылуыңыз мүмкін.

3. Кино көріп болған соң, оны міндетті түрде ойша бастан-аяқ елестетіп, болған оқиғаларды жүйелеңіз. Бұған небары 20 секунд ғана уақыт кетеді. Ал нәтижесі мол.

4. Әр күн сайын жаңа әдебиет оқыңыз. Аптасына 1 кітаптан кем болмасын. Нәтижесінде бір жылда 52 кітап оқисыз. Ал 10 жылда 520 кітап.

5. Егер жадыңыздың өте мықты болғанын қаласаңыз, аптасына бір өлеңнен жаттаңыз. Осылайша бір жылда 52 өлең жаттайсыз.

Серуендеңіз, үнемі қозғалыста болыңыз. Грек жаңғағын, балды, теңіз орамжапырағын тұтыныңыз.
0 дауыс
Барлығыңызға РАХМЕТ!
0 дауыс
Жадты жақсартудың ең оңай жолы керек емес затты естен шығару керек, кез келген затты көрген кезде оған терең меңгерiп қарау керек,теледидар көрген кезде 5,10,15минуттан кейiн болатын нәрсенi алдын ала ойлаңыз,мiне осылар жетiп жатыр,көңiлiңiз тоқ,ойлау қабiлетiңiз жетiк болғай...
Рахмет сізге
...