0 дауыс
Биыл еліміздегі білім беру мекемелерінде PISA өткізіледі екен. Бұл қандай бағдарлама?  Қазақстанда неліктен өткізілмек? Оған қай сынып оқушылары қатысады? Сұрақтары әзірленді ме? Қандай санаттағы сұрақтар болады? Уикипедиядағы бұл бағдарлама туралы мақалада "оқушының алған білімін өмірде пайдалана білуге үйретуге арналған" деп жазылыпты. Осы тұрғыдан PISA-ның қандай артықшылықтары бар?
18.09.2014 1.6k қаралым

1 жауап

+1 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап

PISA- халықаралық зерттеу бағдарламасы.  

Бұл зерттеу 3 бағытта жүргізіледі.

1. Математикалық сауаттылық;

2. Ғылыми-жаратылыстану сауаттылық;

3. Оқу сауаттылығы.

Аталмыш бағдарлама халықаралық деңгейде өткізілуде. Бағдарламаға 8-9 сынып оқушылары қатысады. Қазіргі күнде типтік сұрақтар әзірленуде. Ал басқа сұрақтар жүйесін осы бағдарлама бойынша сабақ жүргізетін ұстаздар дайындауда. Негізінен ойлау арқылы шешілетін тестер болады (яғни, дайын сұрақтар, бірақ жауап жоқ). Тестілерге берген жауаптарыңызды бір жылдан кейін ғана нәтижесін көруге мүмкіндік болады. Тестің нәтижесін экономика – ынтымақтастық және даму ұйымы жариялайды. PISA- халықаралық зерттеу бағдарламасының басқа бағдарламалардан артықшылығы: оқушылардың функционалды сауаттылықтарын арттыру, яғни сауаттылықты тексеру мақсатында жүргізілетін зерттеулер.

Мұрат Әбенов

26.10.2014
127,957Сұрақ
322,871Жауап
153,169Пікір
72,975Қолданушы