0 дауыс
6.1k көрілді
Регистр( лат. regіstrum — тізім, regestum — енгізілген, жазылған )

өңделетін немесе басқарушы ақпараттарды сақтауға арналған, 32 биттен тұратын процессордың, шапшаң істейтін жадтың шағын бөлігі;
есептеу құрылғысының бір санды немесе сөзді уақытша сақтауға арналған шағын көлемді жад блогы;
процессордағы аса шапшаң әрекетті жадтың құрылғысы немесе операндтармен жөне микросхемамен орындалатын нәтижені уақытша сақтауға арналған аса үлкен интегралдық схема; процессорларда — командалар мен мәліметтерді аралық сақтауға арналған разрядтығы әр түрлі арнайы ұяшықтар (registr). Дербес компьютерде программалау кезінде регистрлер тек Ассемблер тілінде немесе "төменгі" деңгейлі тілде жұмыс істейтін программалаушыларға ғана қолайлы болады;
алфавиттік-цифрлық ақпараты теру және өңдеу кезінде төменгі регистр (lower — case) кіші әріптерге, ал жоғарғы регистр (upper — case) бас әріптерге сәйкес келеді.[1]
Музыкалық аспап немесе әнші дауысының белгілі бір биіктікте орналасқан дыбыс диапазонының бөлігі.
Кейбір үрмелі және тілді музыкалық аспаптарда — бірыңғай тембрдегі түтіктер тобы.

Регистр үшке бөлінеді:

жоғарғы

ортаңғы
төменгі.

1 жауап

0 дауыс
Әрбір регистрдің бояуы әртүрлі болады. Орган муз. аспабының дыбыс шығаратын және түрлі бұрауға түсірілген трубаларын да регистр дейді. Бірақ мұндағы дыбыс бояуы бірдей.
...