0 дауыс
Бір танысымды өз пәтеріме тіркеуге қоймақшы едім. Бірақ ол қазіргі уақытта еш жерде тіркеуде жоқ. Оның үстіне жасы 25-тен асып, жеке куәлікті ауыстыру мерзімі өтіп кеткен. Енді тіркеуге қалай тұрады және жеке куәлікті қалай ауыстырады?
16.09.2014 481 қаралым

1 жауап

0 дауыс
Әділет министрлігі анықтама орталығы мамандарының айтуынша, егер де сұрау салып отырған азамат қазіргі уақытта ешқайда тіркеуде тұрмаса, онда ол Халыққа қызмет көрсету орталығына мерзімі өткен жеке куәлігімен келіп, мекенжай анықтамасын алуы керек. Сонан кейін өзінің бұрынғы тіркеуде болған мекенжайынан тіркеуден шығу қағазын алып келіп, тіркеуге тұрмақ болған пәтер құжаттарын алып, пәтер иесімен бірге Халыққа қызмет көрсету орталығына келіп, тіркеуге тұруға құқылы. Тіркеуге тұрған кезде өтініш жазып, жеке куәлігін ауыстырады.
16.09.2014

Ұқсас сұрақтар

127,962Сұрақ
322,896Жауап
153,169Пікір
73,018Қолданушы