+7 дауыс
9.0k көрілді

Жиырма (20) жасыңызда Сіз не істедіңіз?

Ыбырай Алтынсарин 20 жасында өзі сұранып Торғай мектебіне мұғалім болып барған. Оған дейін ел ішіне мектептің пайдасын түсіндіріп біраз баланы 4 жыл өз үйінде оқытады.

Шоқан Уалихан 19 жасында Тоқтамыс ханның жарлығы атты алғашқы ғылыми еңбегін жарыққа шығарып, бір жыл өткен соң Ыстықкөл экспедитциясына қатысып қырғыз елін зерттейді.

Міржақып Дулатұлы 20 жасында Қарқаралыдағы саяси-бұқаралық жұмыстарға аралсып патша үкіметіне қазақ халқының атынан петиция жазуға қатысады.

Сұлтанмахмұт Торайғыр 20 жасында Айқар журналына жауапты хатшы болып орналасып, бірқатар әңгіме мақалаларын сол журналда жүріп жазады.

Мұхтар Әуезов 20 жасында Еңлік-Кебек пьесасын жазып, оны Ойқұдықта сахнаға шығарады. Келесі жылы 5-13 мамырда Омбы қаласында өткен Жалпы қазақ жастарының құрылтайына қатысып, оның орталық атқару комитетінің мүшесі болып сайланады.

17 жауап

+5 дауыс
 
Жақсы жауап
Жиырма жасқа толмадым, 2 жыл күте тұрайық, сол кезде жауап беремін осы сайтқа арнайы. Мен осы бір айдың ішінде ойланып, толғанып жоспар құрамын, "жиырмаға дейін бітіру керек болған үлкен жиырма іс" деген атпен, сол жоспарды орындауға бар күшімді жұмсаймын, Құдай қаласа..
+4 дауыс
Оқу орынын бітіріп, жұмысқа тұрып, екінші оқу орнына тапсырдым.
+1 дауыс
Жиырмаға әлі  толған жоқпын :о
Қарындас, 89-жылғы едің ғой?!)
Қарындас емеспін и 89 да емеспін  :/
+1 дауыс
Менде толмадым мүмкін уйленетын шыгармын или баскане ыстесе болады
0 дауыс
Жиырма жаста от едiкқой лапылдап тұрған
+1 дауыс
Өте жақсы сұрақ. 20-ға жеткем жоқ бірақ мына кісілер жасаған істі жасайм деп айта алмайм.
0 дауыс
Мен әлі 20-ға толғаным жоқ.Егерде мен 20-ға толсам, осы сұраққа жауап беремін.
+6 дауыс

Ал мен 20 жасымда яғни 10.10.2010 жылы Сұрақ-Жауап сайтын ашып жайлап дамыта бастадым. Құдай қаласа келесі айдың 10-ына сайтымызға 4 жыл болады. Алдағы уақытта сайтқа дегене жоспарларым өте көп, ақырындап орындай бастаймын. Сайтты дамытуға деген екінші тынысым ашылғандай. wink

–1 дауыс
Мен 18ден өтіп 19 ға қарадым. Әлі 20-ға келгенім жоқ. Қазір ГК TeleTrade D.J. компаниясында "персональный трейдермін". Яғни, биржада жұмыс жасаймын!
–1 дауыс
мен жиырма жасымда вкдан 150 друзья жинадым , 30 подписчик , 120 аудио , 20 шақты видеом бар, және де тағы твиттер , фейсбук, инстаграммда бар едим,казир жасым 19 да келеси айдың 6 жылында 18 ге толам ! ! ! хабарласындар
–1 дауыс
Бұйырса мен жиырма жасымда әйгілі болуға тырысамын қандай өнер болса да!

P.S. Өйткені қазір бәрі содан бағалайды
0 дауыс
Жиырма жасқа толмадым.Толғасын көре жатармыз.
+1 дауыс
Мен жиырма жастамын . Мен қазір Қазақстанның түкпір-түкпірін    айналып , барлық облыстарға , шет-шет ауылдарға , қалаларға , көптеген жерге ең соңғы дамыған автоматты түрде  ауа-райын  тексеретін  станция орнатып  жүрмін !  Бұл ісімді  мектеп бітіре салып  бастадым .  Көп қалаларды көрдім , көптеген адамдармен  сөйлестім , қасиетті қазақ даласына және  еліме ,  ғашық  болдым . Бұл іс  Аллаһтан  сұрап алған ісім ! Аллаһ ұлы , Аллаһ барлық кемшіліктен пәк  !
0 дауыс
Жиырмаға толғанымды атап өттім.
+3 дауыс
- Ақпараттық қауіпсіздік бойынша бір конференцияда жоба қорғалды, ол тақырып орын алып берді және өмірге әсерін тигізді;

- Жеке бизнес басталды, заңды түрде;

- Алматыға көштім;

- Мамандық бойынша заңды карьера басталды;

- Бизнес саласында нәтиже шығарған көкелермен танысудың және олардан ақыл сұрау, қолдау алу және жәй ғана кейбір істі бастау туралы ұсыныстар келді;

- Машина алдым;

- Оқудан шығып қалдым ((( (кейін қалпына келді)
...