0 дауыс
398 көрілді

Алматы қаласының прокуратурасымен аса ірі мөлшердегі экономикалық контрабандалық қылмыс әшкереленді

Алматы қаласының прокуратурасымен кедендік бақылау Комитетінің қызметкерлерімен бірлесе атқарылған іс шаралардың нәтижесінде аса ірі мөлшердегі экономикалық контрабандалық қылмыс әшкереленді.

Алдын ала есеп бойынша, мемлекетке келтірілген шығын мөлшері жарты миллиард теңгені құрайды.

Қытай Халық Республикасынан «S» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне бағытталған үш автокөлік құралдарындағы жүктерді тексеру барысында, олардың кедендік декларацияда көрсетілген тауарларға сәйкес, келмейтіндігі анықталды.

Мысалы, жүк автокөлігінің бірінде декларацияға сәйкес, 5 млн.  теңгені құрайтын полиэтиленді пакеттер, картон қорапшалары, фотоальбомдар көрсетілген. Алайда осыған қайшы, тексеру барысында жалпы сомасы 35 млн. теңгені құрайтын халық тұтынатын тауарлар, дәлірек айтқанда әлемдік маркалы  қымбат киімдер мен әртүрлі «Zilli»,  «Nike» және т.б. маркалы аяқ киімдер анықталды.

«Аталмыш факті бойынша ағымдағы жылдың 11 қыркүйек күні прокуратурамен Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 209 бабы 2 бөлігіне сәйкес, қылмыстық іс қозғалды»-деп хабарланады.

Аталған серіктестікке барлығы 9 жүк автокөліктері тиесілі, олардың барлығы қазіргі таңда тексеруден өтуде.

Ескеретін жағдай, кедендік заңнамаға қайшы 2 жүк автокөлігіндегі тауарлар кедендік тазалаудан өтпестен, тауар иелерімен жол жөнекей түсірілген.

«Сонымен қатар, тексеру барысында Алматы қаласының кеден органдары қызметкерлерімен аталған жүк көліктерінің уақытша сақтау қоймасына келгені туралы жалған мәліметтер енгізілгені анықталды», - деп хабарланады.

Аталмыш факті бойынша Алматы қаласының кедендік бақылау Департаменті қызметкерлеріне қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 307 және 314 баптары бойынша қылмыстық іс қозғау сұрағы қарастырылуда.

Мемлекет басшысы мен Бас прокуратура басшылығының тапсырмалары аясында, еліміздің экономикалық мүддесін қорғау прокуратура органдарының негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Елбасының Қазақстан Халқына арналған Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, Бір мүдде, Бір болашақ» жолдауында негізгі көңіл еліміздің экономикасын көтеруге және оны қорғауға бөлінген.

2 жауап

0 дауыс
Кеден қызметкерлерінің бір ғана қылмысы анықталыпты. Кеденнен күніне ондаған көлікпен заңсыз немесе декларацияланбаған тауарлар өтіп жатыр. Соларды өтізгені үшін кеденшілер әртүрлі көлемде пара алады. Қаншасы ұсталып, сотталып жатса да, бұл үдеріс тоқтамай келеді.
0 дауыс
Негізі кеденннің өзінде де, парақорлық жетеді емес пе? Олар қалай тәркілей қалды екен.
...