+1 дауыс
1.0k көрілді
"Безымянный палец"  сөзінің  "аты жоқ саусақ" деген  тікелей  аудармасынан  басқа  қазақшасы  бар ма?  Шылдыр шүмек деген де келмейді, өтінемін, көмектесіңіздерші...  Байырғы қазақша атының болмауы мүмкін емес деп ойлаймын,

3 жауап

0 дауыс
"Шылдыр шүмек" деп атайды. Бас бармақ, Балалы үйрек, Ортан терек, Шылдыр шүмек, Кішкене бөбек.
"Шылдыр шүмек" деген кітапқа анықтама ретінде жазуға келмейді. Мен одан басқа қазақтардың бұрыннан айтып жүрген атауы жоқ па екен деп сұрап едім.
0 дауыс
Балалы үйрек,ортан терек,т.б олар саусақ атауы емес,Бас бармақ,сұқ саусақ,ортаңғы саусақ,аты жоқ саусақ,шынашақ,міне осылай аталады.Ал аты жоқ саусақтың басқа атауы жоқ сияқты.Саусақтар туралы мынадай бір шағын аңыз бар:бірде бас бармақ айтыпты: "Ұрлық қылайық"-деп,сұқ саусақ айтыпты: "Қылсақ қылайық"- деп,ортаңғы саусақ айтыпты: "Құдайды қайтеміз" -деп,аты жоқ саусақ айтыпты: "Құдай не қылар дейсің"-деп,шынашақ айтыпты: "Ұрлық қылсақ қылайық,қан-жынына тояйық"-депті.Содан ұрлық туралы бастаған бас бармақты және сондай сөздермен қоштағаны үшін шынашақты ең қысқа етіп,құдайды ойлағаны үшін ортаңғыны ең ұзыны етіп жаратыпты,құдай не қылар дейсің дегені үшін ол саусаққа ат қойылмаған дейді.
0 дауыс
"Ерекше саусақ" деген жаңа ат қоя салайық.
...