+3 дауыс
459 көрілді
Бiр ұсыныс тастасамба деген едiм SZН.KZ сайтына... Карап тұрсам сайтта сұрақтар өте көп, бiрақ жауаптар аз, жауабы жоқ қыйындау сұрақтардың, жауабын бiлетiн адамдарда жоқ емес бар, тек басын ауыртқысы келмейдi бұларға, себебi одан келiп кетер пайда жоқ жауап жазған адамға... Кейбiр адамдарға ауадай қажет болып тұрады сұрақтарына жауап, ол үшiн ақы төлеугеде дайын, мысалы: өлең жаздыру, бизнес жоспар, үй тапсырмасы, есеп т.б қажет сұрақтар өте көп... Сайттағы сұрақтар 2-ге бөлiнсе "Тегiн және Ақылы" делiнiп... Ақылы сұрақтарда бар болғаннан соң өз iсiнiң мамандарыда қызығушылықпен қарайды сайтқа, оған әркiм үмiткер болуғада жағдай жасалса админмен келiсiм шартқа отыра... Бұл қалай жүзеге асырылады? Мысалы бiр маман оғанда бiр есiм тағайындалса Модератор деген сияқты анкетасында толық ол туралы мәлiметтер жазылады, бiр адам сұрақ қояды ақылыға, мынандай уақыттың iшiнде 2-сағат, 3-сағат немесе 1, 2, 3-күннiң iшiнде жауабы қажет деп, оған арнайы мамандар жауап беруге үмiткер болады, сұрақ қоюшы арасынан бiреуiн таңдайды, сосын сұрақ қоюшы оған ақысын төлейдi алдын ала sms арқылы немесе visа, wеbmonеy т.б Не үшiн алдын ала? өйткенi жалған сұрақ қоюшыларда шығады... Егер жауап берушi жауабын дер кезiнде қайтара алмаса немесе қате болса(есеп, тақырып), админге хат жолдап, админ екеуiн салыстыра отырып шара қолданады, келiсiм бойынша ақысын сұрақ қоюшыға екi еселеп қайтаруға тиiс болады, админ жауап берушiнiң кейiнгi жауабындағы ақысынан ұстап қалып сұрақ қоюшыға қайтарады. Не үшiн бұлай? Себебi сұрақ қоюшылар, оған сенiп уақытын жоғалтты, жүйкесi тозды және жемеген самсасына ақы төлеген болады. Және тұтушыларда сенiмдiлiк пайда болады... Ақы мәселесi қалай шешiледi? Арнайы маман жауабының 80-90% алады, админ 10-20% ұстап қалады, бұл екi жаққада тиiмдi болады деп ойлаймын... Бұдан сайттың беделдiлiгi көтерiлмесе түседi деп ойламаймын... Ал тегiн сұраққада қарапайым халық жауап бере бередi арнайы мамандарда жауап қайтарады Алладан үмiтi барлар... Не үшiн бұл ұсынысты келтiрiп отырмын? Себебi қарап отырсам админгеде оңай емес күнделiктi жауаптарды өңдеп, бақылап отыру, оған келiп кетер пайда тек жарнамадан деп ойлаймын, адамдарда кiре бермейдi жарнамаға. Дұрыс бұл оңай шаруа емес бiрақ iстейтiн адам iстейдi. Бұл ұсыныс бәрiмiзгеде тиiмдi сияқты, сiздер қалай ойлайсыздар?

8 жауап

0 дауыс

Дұрыс меніңше .......................

+1 дауыс
Бәріміз бұл сайтқа ұсыныс айтқышпыз, бірақ білесің бе, Админ қолдан келгенін жасар еді егер ол осы сайттың кодын өзі құрастырып жасаса. Админ бұл сайтты өзі құрастырмағандықтан, ондай мүмкіндікті жасай алмайды деп ойлаймын. Әйтпесе, бұл сайтта барлығы да ұсыныс айтқанда, Админ соның бәрін оқымады дейсің бе?
Тек Админ деген аты ғана бар десей...
ЕСЕСІНЕ дамытып жатыр ғой өз күшімен.
0 дауыс
Одан маған келіп кетер пайда жоқ сияқтығо. Ұсынысың ұнамады.
Шучу)) жалпы жаман емес. Есеп шығарушылар көбейеді ақы төленсе.
+1 дауыс

Сайт қолданушылары негізінен мектеп оқушылары мен студенттер болғандықтан ақы төлеп жауап жаздырып алу олардың қабілетін теріс жолға салады, бұл моралдік жағы, оқушы болғандықтан ақша төлеп төлеммен жауап алу оларға ауырлық тудыруы да мүмкін, бұл материалдық жағы.

Негізі ақша төлеп жауап берсек дұрыс болар еді кейбір оқушы, студенттердің аударып берші деген сияқты өтініш- сұрақтарына. Сол кезде жасаған адамға да пайда, сұраған адамға да пайдалы. Бірақ СЖ сайтының форматы келмейді , егер сайт сондай болса.
+1 дауыс
Бір жағынан дұрыс! Құптаймын! Және ақылы сұрақтарды да өңдеп отыру керек. "Мектеп оқушыларының үй тапсырмасы сияқты сұрақтар ақылы бөлімге қосылмайды " деген сиякты. Сценарии, бизнес жоспар, өлең, т.б  яғни кәдімгі тапсырыспен орындауға болатын бірен саранын ғана. Келісіп пішкен тон- келте болмайды. Әркім өз ойын айта отырсын.
P. S Ресейлік мұндай жобалы сайт бар, бірақ сұрақтары күрделі ғана емес, "өлең тартып беру, интернеттен материал іздеу" секілді сұрақтарға ба ақша төленеді. Админіне бәрібір, өз пайызын алып отыр. Бұл да сондай болмауы керек.
0 дауыс
Жауаптарды ақылы қылуға болмайды. Ал модераторларға ақы төлеу кез келген үлкен сайттарда бар үдеріс. Бірақ, осы сайт әлі ондай жағыдайға жеткен жоқ.
Жетпейтін де сияқты ондай жағдайға. Себебі Админ бір өзі не істей алады?
0 дауыс
Келісемін .Осы күнге жеткенімізге қуанайық.
0 дауыс
"Ақылы сұрақтар" деген санат ашылу керек және кімге тез әрі нақты жауап керек болса сол санатқа сұрақ қойса, ЖЖ таңдалған жауап иесіне 100 теңге берілсе, ЖЖ таңдалмаған пайдалы жауапқа 50 теңге, сайт иесіне 50 теңге берілсе, ешкімге қиындық тудырмас, әр ақылы сұрақ қоюшы 200 теңге таба алатын шығар?! Ақшаны номерге бірлік қылып немесе шотқа терминал арқылы салып жіберсе. Белгісіз себептермен ақшаны бермей қашып кетсе, айпи мекені құлыптанса. Осы ұсынысыма қалай қарайсыздар?

Ұқсас сұрақтар

+2 дауыс
11 жауап
0 дауыс
2 жауап
0 дауыс
3 жауап
0 дауыс
2 жауап
...