+4 дауыс
730 көрілді
Шынымды жазсам , мен өз әкеме риза емеспін! Иа, ол маған жақсылық ойлайды, бірақ мен риза емеспін! Оның берген тәрбиесі маған ұнамайды. Анам мен әкем ажырасып кеткен 4 жыл бұрын. Қазір анам біз үшін әкедей, әкенің ауыртпашылығын көтеріп жүр. Әкем қуып кеткен тірліктерді істейді үнемі: жұмысында ылғи арыз жазғыш, ештеңе жақпайды. Бұрын бірге тұрғанда қонақ шақыра алмайтынбыз әкемнің мінезінің кесірінен. Қазір өзім құралпылас нағашыларыммен де жөнді араласпаймын, себебі нағашыларымды әкем жақтырмайтын, жалпы өз туыстарын да жақтырмайтын. Әкем деп айтуға аузым да бармайды үйден анамды, қарындасымды, інімді қуғанын естігенде. Қазір бір ауылда бірге тұрамыз анаммен біз бөлек және "әкесымақ" туысқаным. Оның не достары да жоқ соның кесірінен менің де достарым аз. Иа түсінем, әке шешені сыйлау керек, анау-мынау. Менің үйленуім керек екенін , анам ғана ойлап жүреді. Әкемнің еркектік тірліктері нөл! Өзін еркек сияқты ұстай алмайды! Отбасын асырау, еңбек ету деген понятие ол үшін жат қылық. Ауылда еш бір адамды жақтырмайды :анау қытайлық,анау осындай, анау мынандай деп мін тағады да отырады. Иа адамдар, әкеңді осындай қылықтары үшін де сыйлау керек пе сонда? Анамды сыйламағаны үшін бе сонда?

4 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
"Жаманнан жақсы туады, адам айтса нанғысыз. Жақсыдан жаман туады, бір кесе асқа алғысыз" дегендей бір отбасындағы адамдардың мінез-құлықтары әртүрлі болады. Бірақ, ешбір әке баласын жаман болсын деп ойламайды. Қайта сол баласының жақсылығына мақтанып, марқайып отырғысы келеді. Мейлі, олар бірге тұрмаса да. Ешқашанда әкені сынауға баланың құқы жоқ. Сондықтан, өзің жақсы бол, талапты бол, білімді маман, жақсы азамат бол. Сен әкеңнің алдында қарыздарсың, ал ол саған қарыздар емес, осыны ұмытпа.
+4 дауыс
Ассалаумағалейкум бауырым. Сенің жазғаныңды толық оқып шықтым. Рас, ондай адамдар бар. Енді ақыл айтар адам мен емес шығармын. Бірақ сонда да айтайын. Қазақта мақал бар: "әке-шешең жыңды болса байлап бақ" деген. Сондықтан қанша жерден жаман болсын, қанша жерден ақымақ болсын ол сенің ӘКЕҢ. Мүмкін кейде ойлайтын шығарсың бұндай әкем болғанша болмай ақ қойғаны дұрыс еді деп, астағфируллаһ алла сақтасын бұндай ойдан. Бәрібір де сыйлауын керек. Әкеңе не жасасаң алдыннан сол шығады демекші ертең сенің ұлың ғаламторда отырып, менің әкем маған жақпайды деп отырса саған ұнайды ма? Сондықтан бауырым ойланғаның дұрыс. Иншаллаһ бауырым саған Алланың нұры жаусын!!!
Рахмет,әрине ақыл кеңесіңе. Ешкімге айтпап едім , ешкімге өз әкемді жамандап айтпап едім, бірақ ішіме сыймады! Қарындасым екеуміз үнемі сол үшін ұрсысып қала береміз. Ол мен үшін әкем өлген дейді, бірдеңе болса әкең сияқты жүр қубас болып дейді. Бұл менің жүрегіме өте қатты батты! Мен өзімнің жолыммен жүргім келеді.  Менің ойланғаннан басым ауырып кетті!
+3 дауыс
Мүмкiн сенiкi дұрыс шығар мүмкiн бұрыс шығар, мынандай деп саған ақыл айту маған емес, өйткенi мен әкесiз өскем... Бiрақ өмiрiмде еш налымағам әкемнiң жоқтығына... Шүкiршiлiк ет сәлде болса әкенiң еркелеткенiн, тәрбиесiн көре алдың, ал мен көз алдыма да елестете алмаймын бұл сезiмдердi... өмiрде тарықпадым демеймiн тарыққам, құрдастарым велосипед мiнiп өссе, мен жүгiрiп өстiм... Көре-көре мен бiр нәрсенi бiлдiм бұл өмiрде, әркiм өз өмiрiне өзi жауапкер екен, бiздiң жағдайымыз нашар болғанына, басқалар бiздi түсiнбегенiне, үйлену керектiгiне, әке-шешенiң үйлендiруге қаражаттары болмағанына олар кiнәлi емес, тек өзiмiз кiнәлi екенбiз, әр адам кәмелет жасқа толғаннан соң жауапкершiлiктi өз мойнына алу қажет... Бiрақ барiбiрде
Алты аға бірігіп әке болмас,
Жеті жеңге бірігіп шеше бола алмас екен балаға...
+2 дауыс
Әкеме де, шешеме де ризамын.Маған барлық жақсылықтарын аямаған.Әкем мен Анам аман жүрсе болғаны.
...