Шынымды жазсам , мен өз әкеме риза емеспін! Иа, ол маған жақсылық ойлайды, бірақ мен риза емеспін! Оның берген тәрбиесі маған ұнамайды. Анам мен әкем ажырасып кеткен 4 жыл бұрын. Қазір анам біз үшін әкедей, әкенің ауыртпашылығын көтеріп жүр. Әкем қуып кеткен тірліктерді істейді үнемі: жұмысында ылғи арыз жазғыш, ештеңе жақпайды. Бұрын бірге тұрғанда қонақ шақыра алмайтынбыз әкемнің мінезінің кесірінен. Қазір өзім құралпылас нағашыларыммен де жөнді араласпаймын, себебі нағашыларымды әкем жақтырмайтын, жалпы өз туыстарын да жақтырмайтын. Әкем деп айтуға аузым да бармайды үйден анамды, қарындасымды, інімді қуғанын естігенде. Қазір бір ауылда бірге тұрамыз анаммен біз бөлек және "әкесымақ" туысқаным. Оның не достары да жоқ соның кесірінен менің де достарым аз. Иа түсінем, әке шешені сыйлау керек, анау-мынау. Менің үйленуім керек екенін , анам ғана ойлап жүреді. Әкемнің еркектік тірліктері нөл! Өзін еркек сияқты ұстай алмайды! Отбасын асырау, еңбек ету деген понятие ол үшін жат қылық. Ауылда еш бір адамды жақтырмайды :анау қытайлық,анау осындай, анау мынандай деп мін тағады да отырады. Иа адамдар, әкеңді осындай қылықтары үшін де сыйлау керек пе сонда? Анамды сыйламағаны үшін бе сонда?