Бағдарлама туралы
Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасының негізгі міндеттері:
экономика саласын білікті кадрлармен қамтамасыз ету;
жұмыс орындарын құру (тұрақты, уақытша);
ҚР жаһандық дағдарысты төмендету және экономикалық өсуді қамтамасыз ету;
кәсіпкерлік белсенділікті дамыту;
облысішілік және ауданішілік көші-қонды жоспарлау есебінен еңбек ресурстарының кәсіби және аумақтық мобильділігін арттыру;
жұмыспен қамтылған жастардың бейімделуі және тұруы үшін жағдай жасау;
жұмыспен өздігінен қамтылған халықтың өнімді жұмыспен қамтылуын арттыру, олардың мәртебесін нысандандыру;
әлеуметтік қолдау шараларының мекенжайлығын күшейту, асырауда болушылықты төмендету және еңбек белсенділігін ынталандыру болып табылады.
Бағдарламаны іске асыру мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
инфрақұрылымды және тұрғын-үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту арқылы жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету;
жеке кәсіпкерлік қызметті қолдау;
жұмысқа орналасуға оқыту және әрекеттесу, жұмыс берушінің қажеттіліктері аясында қоныс аудару.
Бағдарламаға кім қатыса алады?
Аталмыш бағдарламаның қатысушылары ҚР барлық азаматтары бола алады: оралмандар, еңбек қабілеттілігі сақталған мүгедектер, жалпы білім беретін мектептердің, колледждердің, университеттердің түлектері оқу аяқталғаннан кейін 1 жыл ішінде.
Қатысушылардың басым санаттарына жататындар:
29 жасқа дейінгі жастар;
балалар үйлерінің тәрбиленушілері, жетім балалар және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған он сегізден 29 жасқа дейінгі балалар;
ауылдық жерде тұратын әйелдер;
50 жастан асқан зейнеткерлік жасқа жеткенге дейінгі адамдар;
жалпы белгіленген жасқа дейін зейнеткерлікке шыққан зейнеткерлер;
ауыр жұмыстарға, зиянды (ерекше) және (немесе) қауіпті еңбек шарттарындағы жұмыстарға қамтылған және мемлекеттік жәрдемақы алушылар болып табылатын адамдар;
Қазақстан Республикасының Қарулы күштері қатарынан шығарылған адамдар;
бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
жұмыс беруші заңды тұлғаның таратылуына байланысты немесе жұмыскерлер саны мен штаты қысқарғандықтан жұмыс беруші жеке тұлғаның қызметінің тоқтатылуына байланысты босатылған адамдар.
Екінші бағыт. Жеке кәсіпкерлік қызметті қолдау
Бағдарламаның «Жеке кәсіпкерлік қызметті қолдау» деп аталатын екінші бағытына қатысуға тілек білдірген азаматтар жұмыспен қамту орталықтарына жүгінеді, онда оларға шағын несиені және бағдарлама аясында мемлекеттік қолдаудың басқа да қосалқы түрлерін алудың мүмкін нұсқалары туралы кеңес беріледі.
Халықты жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаның екінші бағытына қатысушылардың құрамына енгізілген адамдар арасында әлеуметтік келісімшарттар жасалады.
Халықты жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаға қатысушыларды сервистік қызметтерді көрсету ұйымдарына жібереді, ол жерде олар кәсіпкерлік негіздеріне тегін оқытудан өтіп, ұйымдастырушылармен бірге бизнес-жоспар әзірлейді.
Бағдарламаның бағыты бойынша толығырақ «Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарға кәсіпкерлікті дамытуды мемлекеттік қолдауды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларынан» біле аласыз.
«Жеке кәсіпкерлік қызметті қолдау» атты екінші бағыт бойынша мемлекеттік қолдаудың түрлері
Жолақы және тұруға материалдық көмекті ұсынумен кәсіпкерлік негіздеріне тегін оқыту, бизнес-жоспарды әзірлеуге әрекеттесу.
Шағын несиелерді ұсыну.
1 жылға дейінгі мерзімге жобаны алып жүру бойынша сервистік қызметтерді ұсыну (маркетингтік, заңды, бухгалтерлік және қызметтің басқа да түрлері).
Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның жетіспейтін объектілерін дамыту және/немесе құрылысы және/немесе инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым, соның ішінде отарлап мал өсіруді дамытуға арналған қосалқы технологиялық жабдықты сатып алу.
Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту
Егер сіз өз жеке бизнесіңізді алғаш рет ашып отырсаңыз, мемлекет сізге көмек ретінде кәсіпкерлік негіздеріне тегін оқытуды жүргізеді және сервистік кеңестік қызметті, атап айтқанда бухгалтерлік, заңдық, маркетингтік қызметтер бойынша кеңестік көмекті ұсынады.
Кәсіпкерлік негіздеріне оқытуда сондай-ақ бизнес жоспарлауды әзірлеуге көмек кіреді.
Кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды қамтамасыз ететін ұйымда тұрғылықты мекенжайынан тыс болған жағдайда Бағдарлама қатысушыларына жолақыға және тұруға материалдық көмек төленеді.
Шағын несие беру
Шағын несие кепілдік негізде ұсынылады және өз ісін ұйымдастыру немесе кеңейту үшін ғана беріледі. Шағын несиенің аталмыш түрі тұтыну мақсаттарына– тұрғын жылжымайтын мүлікті сатып алуға өзге де қарыздарды өтеу, сондай-ақ сауда саласындағы қызметті жүзеге асыруға қолданылмайды.
Шағын несиелер қандай мақсаттарды дамытуға беріледі? Қаржылық қолдау бағдарламасының аясында қолдау аймақты көркейте алатын жобаларға ғана көрсетіледі. Әдетте шағын несиелер мал шаруашылығын, өсімдік шаруашылығын, елді мекендерді экономикалық және әлеуметтік дамуды арттыруға жағдай жасайтын қызметтер саласын дамытуға беріледі. Әдетте шағын несиелер мал шаруашылығын, өсімдік шаруашылығын дамытуға елді мекендердің экономикалық және әлеуметтік дамуына жағдай жасайтын қызметтер саласына беріледі.
Шағын несиелерді алуға қажетті құжаттар
өтініш;
жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;
тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркеуді растайтын құжаттың көшірмелері (мекенжай анықтамасы, село әкімінің анықтамасы);
өз ісін ұйымдастыру немесе кеңейту бойынша бизнес-ұсыныс;
жетіспейтін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін дамытуға және/немесе құрылысына және/немесе инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым үшін қосалқы технологиялық жабдықты сатып алуға, соның ішінде жоба үшін отарлап мал өсіруді дамытуға өтінім (қажеттілігі болған жағдайда).
Несиелеу шарттары
Бағдарламаға қатысушыларды шағын несиелеу мынадай талаптарды қамтиды:
шағын несиелеу мерзімі - 5 жылдан артық емес;
шағын несиенің неғұрлым көп сомасы - 3 000 000 теңгеден артық емес;
Несие бойынша неғұрлым көп жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін әкімдік жанындағы аймақтық комиссия анықтайды.
Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту, құрылысы. Қосалқы жабдықты сатып алу
Өз бизнесіңізді қалпына келтіруде және/немесе дамытуда жетіспейтін инфрақұрылымдарды бұрыннан бар объектілерге келтіру қажеттілігі туындауы мүмкін: жолдар, кәріз жүйелері, жылу және сумен жабдықтау, газбен қамту, телефон және электр желілері.
Бизнеске шағын несиені алу үшін қажетті құжаттарды тапсыруда сіз сондай-ақ инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым үшін қосалқы технологиялық жабдықты сатып алуға, соның ішінде жоба үшін отарлап мал өсіруді дамытуға өтінімді қоса тіркей аласыз. Әкімдік өтінімде жазылған белгілі бір техникалық талаптар негізінде жобалау-сметалау құжаттамасы және бизнес-ұсыныстар бойынша жетіспейтін технологиялық жабдықты сатып алады және бағдарламаға қатысушының меншігіне береді.
Аталмыш санат бойынша инфрақұрылымның сатып алынатын объектілерінің құны берілетін шағын несие сомасынан тыс, 3 млн. теңгеден аспауы тиіс.
Сервистік қызметтер
Шағын несиені беруге оң қорытынды алған бағдарлама қатысушысы 1 жыл ішінде жобаны алып жүру бойынша сервистік қызметтерді көрсетуге ұйыммен шарт жасаса алады (маркетингтік, заңдық, бухгалтерлік және т.б.). Бұл үшін сізге жұмыспен қамту орталығына жүгіну қажет болады, ол жерде сізді тиісті ұйымға жібереді.
Жобаны қоса алып жүру бойынша сервистік қызметтер кеңестер түрінде Интернет арқылы қашықтықтан, сондай-ақ ұйым кеңсесінде тікелей көрсетіледі.
Бағдарламаға қатысушының тұрғылықты жері бойынша сервистік қызметтерді көрсету кестесі халықты жұмыспен қамту орталығында келісіледі.
Жобаны қоса алып жүру бойынша сервистік қызметтер 2014 жылдан бастап Қазақстанның барлық аумағында көрсетілетін болады. Қазіргі кезде аталмыш қызметтер пилоттық режимде 2013 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысында көрсетілуде.
сілтеме