+1 дауыс
орыс тіліне аударып бере аласызба?

Ахмет Байтұрсынов қазақтың ұлы ғалымы, түркітанушы, аудармашы, педагог. 1872 жылы қыркүйектің 5 жұлдызында Торғай уезінің Ақкөл жағасында шаруа отбасында туған.

1891 жылы Торғайдағы екі сыныптық  орыс-қазақ училищесінде оқиды. Кейін Орынбордағы мұғалімдер семинариясына түсіп, оны 1895 жылы бітіреді. 1896- 1905 жылдары А.Байтұрсынов Ақтөбе, Қостанай және Қарқаралы уездерінде, екі сыныптық училищеде мұғалім болып қызмет атқарады.

Ол халыққа білім беру саласында көптеген мақала, оқу құралдарын жазды. Оның «Әліпби», «Тіл туралы», «Әдебиет танытқыш» атты оқулықтары мен қазақ тілінің табиғаты, араб алфавитінің жайы, терминдер, қазақ тілін оқыту әдістемесі туралы мақалалары ұлт мәдениетін өркендетуге қосқан үлкен үлес болып саналады.
07.09.2014 1.5k қаралым

1 жауап

0 дауыс
Единица құятын болсаң аударып бере алам
14.09.2014

Ұқсас сұрақтар

127,960Сұрақ
322,890Жауап
153,169Пікір
73,008Қолданушы