0 дауыс
755 көрілді
Ештене ұнамайды өмірде не істесе болады? Өмір өте қиын болып кеткен сияқты Маған жұмысым, жанұям бәрі де.
неше сұрақ қойғансың өзің ))

1 жауап

0 дауыс
Сенің сұрақтарыңа қарап, мәселе өмірде емес сенің ойлау қабілетіңде деп түсіндім. Ойлау мәнеріңді өзгерт. "Әлемді өзгерткің келсе- өзіңнен баста" дейді ғой. Бұл "мен өзгерсем бүкіл әлем өзгереді" деген сөз емес. Бүкіл әлемді қабылдауды өзгерту керек.

Ертеде бір қарт кісіден жолаушы жігіт келіп:

-Ата, осы қалаға бірінші рет келіп едім, бұл қаланың адамдары қандай?-деп сұрайды.

Ақсақал:

-Сен келген қаланың адамдары қандай еді? - дейді.

-Мен келген қаланың адамдары алаяқ, қатыгез, жауыз адамдар-деп жауап береді жігіт.

Онда бұл қаланың адамдары да сондай,- дейді қарт.

Жігіт ашуланып кетіп қалады, артынша екінші жігіт келіп қартқа дәл сол сұрақты қояды, қарт ты сұрағын қайталайды. Сонда екінші жігіт:

-Мен келген қаладағы адамдар мейірімді, ақкөңіл, жақсы адамдар еді- дейді.

-Онда бұл қаланың адамдары да сондай- деген екен қарт.

Дейл Карнегидің кітаптарын оқы, уақыт жоқ десең музыка тыңдағанша аудиокнигасын тартып алып тыңда. Өмірің ұнамаса - өзгерт! Алла жарылқасын!

Ұқсас сұрақтар

+1 дауыс
11 жауап
Белгісіз 23.11.2014 Өмір, Тіршілік сұрақ қойды
0 дауыс
6 жауап
...