+1 дауыс
2.1k көрілді
Өмір оңай ма , қиын ба?

11 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Пессимисті жардан итерсең: — Ойбаааааай, құлап барамын, өлдім, — деп айғайлайды. Ал оптимист: — Урааа, мен ұшып барамын, керемеееет! — дейді екен:))) 

Егерде өмір қиын, мен қиналамын, ананы істеу қиын, мынаны істеу қиын десең әрине өмір сүру қиын болады.... сондықтан өмір деген тамаша деп өмір сүріп, оптимист болу керек... сонда ғана өмір сүру оңай болады.....

Мен үшін өмір орташа, қиыны да бар, оңайы да бар....

0 дауыс
Кейде қиын, кейде оңай.
0 дауыс
Оңай деп айта алмас ем. Әр кезде әрқалай ғой.
+1 дауыс
Қиындықтардан шыдап өтсең, соңы оңай болады.

Үнемі оңай жолды іздесең, соңында қиындыққа жолығасың.
0 дауыс
Өмір оптимистер үшін оңай әрі тамаша, пессимистер үшін қиын.
0 дауыс
Өмiр жақсы ғой ақшаң болса, ақшаң болмаса несi жақсы.
Егер саған миллиардер Билл Гейтс келіп: "Бүкіл байлығымды, бизнесімді саған беремін. Бірақ сен  екі көзіңді және екі құлағыңды, немесе екі қолыңды және екі аяғыңды алып тастайсың"- десе қайсысын таңдар едің?
Бұл басқа мәселе мұндаймен салыстырма.
0 дауыс
Вк-дағысы https://vk.com/video?q=%D0%BD%D0%B8%D0%BA%20%D0%B2%D1%83%D0%B9%D1%87%D0%B8%D1%87&section=search&z=video-39321817_170017731
–1 дауыс
Адам өмірді өзі қиындатады... Бала кезімізде, басқада бар ойыншық бізде болмаса немесе үлкендер қалағанымызды жасамай қойса, өмір біз үшін қиын және қатігез сияқты көрінетін, ал қазір сол балалық шақтың бал күндерін аңсаймыз, неге тезірек үлкен болуды армандадық дейміз, неге сол кезде жыладық дейміз, қарап тұрсақ сол балалық шақ өте оңай әрі қызықты болған екен... Есейдік, мектепке бардық, мектептегі тапсырмалар мен мектептен тыс уақыттағы үйдің кішігірім шаруалары біз үшін өте қиын, таусылмастай көрінетін, достарымыз жаңа смартфон алса біз одан қалыспау үшін ата-анамызды қинап, жағдайына қарамай смартфон алдырттық, ал қазір қарап тұрып, тағы да ойланамыз, неге мектептен кетуге асықтық, неге ата-анамыздың жағдайына қарамай олардан қымбат дүниелер талап еттік, ол дүниелерсіз де өмір өтетін еді ғой, сол шақтар оңай әрі бақытты еді... Қазір де, басқалардан сәл қалып кетсек, өмір біз үшін ауыр, қатал сияқты көрінеді. Неге озуға талпынбаймыз?! Неге сәл ғана қиналсақ, өмірден түңілеміз?!... Өмірдің екі ережесі бар, бірінші ереже - ешқашан да ұтылмау, екінші ереже - біріншісін ұмытпау... Бір сөзді ұмытпа - "СЕН ЖАЛҒЫЗ ЕМЕССІҢ" Біреуге жақын доссың, біреуге жерлессің, Біреуге сүйікті баласың, біреуге бауырсың, Ең болмаған жағдайда, дені сау адамсың... Әрбір пенденің маңдайында пешенесі, Егер де көңіліңе тисем, кешірерсің, Мүмкін кешігерсің немесе үлгерерсің, Бақыт қай жерде күтіп тұрғанын кім білсін. Өз басым білмеймін, бірақтан да сеземін, Жерде қалмаймын, болашақ жарқын, сенемін. Ақырын келем жоспарлаған жоспарыма, Үмітсіз адам, сенің ойыңша, адам ба? Алғашқы қадам ба жасауға қиын болатын, Егер де солай болса, уақыт келді қиналатын. Себебі сен жасамасаң, алғашқы қадам, Бұл әлемде табылады басқа бір адам... Көрсет наразылық, өз ойыңды айта біл, ЕБІ ЖОҚ ЕТ БОЛЫП ЖАТҚАНША ДОСЫМ ТІРІЛ, Жүзінен күлкі кетпейтін адам ол емес бақытты, Ол жай ғана сабырлы және де мықты... Кішкентай бүлдіршін секілді ертегіге сенесің, Аспанға қарап сен бір ғажайыпты күтесің, Ертең үйленесің, бала-шағаң болады, Сол кезде сені үлкен қиындық күтіп тұрады...
+1 дауыс
Шіркін, осы сұраққа "қиын емес" деп жауап бергім-ақ келеді. Алла тағаланың маған бақытты балалық, жылуға толы жанұя сыйлағанына мың да бір шүкірлік етем. Өзімнің өмір жолыма үңілсем, өмірдің зауалын көрдім деп айта алмаймын. Бірақ тағдырдан теперіш көріп, бақытсыздықтан көз ашпаған адамдардың бар екенін біле тұра, өз басыңнан өткізбесең "қиындық" дегеннің не екенін түсінбейтінімді біле тұра, "бәрі өзіңе байланысты", "оңай деп ойласаң оңай болады" деген  оптимистік сипаттағы пікір жазуға қолым бармайды.
+2 дауыс
Өмірді емтиханға теңейтіндер көп. Бірақ бәрі мынаны ескермейді. Бізге берілген сұрақ кітапшасы әр түрлі. Біздің сұраққа жауап бере алатын қабілетіміз де әр түрлі. Кейбіреуіне өзіне таныс, тәжірибесінен білетін сұрақ келеді, өмірдің кейбір "шәкірттері" күрделі сұрақтардың жауабын таба алмай әуреге түседі. Осындай емтихан тапсырған "оқушылардан" : "Емтихан қалай болды? Оңай болды ма? Қиын болды ма?" деп сұрасаңыз, әрине, әр түрлі жауап естисіз.
0 дауыс
Оңай жол өмірде болмайды.  Тек қиындықтар ғана болады.  Бірақ оларды жеңу біздің шамамыз келеді.
...